Облысқа 416 млрд теңге инвестиция тартылған

Пятница, 05 Февраль 2016 08:15 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 2944 раз

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен 2015 жылы облыс экономикасына 416 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Негізгі салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 254 млрд теңге, үлесі 61,2% құрады.

25Халықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді, әрі қолайлы болып табылған. Шетел инвестицияларын тарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлыбритания, Ресей Федерациясы мен Украина, Корея және Қытай елдеріне арнайы іскерлік сапарлар ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін іскерлік сапарлардың нәтижесінде облыста 4,1 млрд АҚШ долларын құрайтын 42 шетел жобалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда 42 жобаның 12-і іске қосылды. Сонымен қатар, ынтымақтастықты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына АҚШ, Италия, Германия, Венгрия, Болгария, Польша, Канада, Турция, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония елдерінің ресми тұлғалары мен шетелдік компаниялардың өкілдері келіп, шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы мен Қазақстандағы инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

ОҚО әкімінің
баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.