3 млрд теңгеден астам қаражат өндiрiлдi

Пятница, 05 Февраль 2016 08:38 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4253 раз

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жанындағы консультативтік кеңес отырысы өтті.

oblprokurorЖиында атап өтілгендей, өткен жылы өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде 9 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалған. 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалса, оның ішінде мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі балалар болған. Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші 17% және суицид 20% төмендеген. Бұл орайда облыс әкімі тарапынан облыс прокуратурасының кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау деректерін болдырмауға бағытталған жұмыстары үшін бірыңғай Call-орталығы бар Ахуал орталығын ашылуы қолдау тапты.
Мәліметтерге жүгінсек, бюджетті толықтыру бойынша үш жыл қатарынан мемлекеттік бюджетке 3 млрд теңгеден астам көлемдегі қаржы құйылуына қол жеткізілген. Ал жер қатынастары туралы қадағалау саласында мемлекетке 550 млн теңгені құрайтын 20 мыңнан гектар жер қайтарылды, сонымен қоса бюджетке 230 млн теңгеден астам қаржының өндірілуі қамтамасыз етілді. 308 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, олардың құқықтарына қол сұққан 76 лауазым иесі түрлі жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, былтыр шетелдік үлесі бар мекемелерде қазақстандық жұмысшылардың құқықтарының бұзылу деректері анықталған. Алимент өндіру бағытында да бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып, облыс прокуратура органдарымен қолданылған шаралардың нәтижесінде 7,8 млн теңге өндіріліпті.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.