Салымшыларға өтемақы берiледi

Среда, 17 Февраль 2016 04:54 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4953 раз

«Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ 467 мыңнан аса салымшыларына өтемақы төлейді. ОҚО филиалының директоры Қасымбек Мәліков облыстық Орталық байланыс қызметінде өткен брифингте көпшілікті алаңдатқан сауалдарға жауап берді.

Облыста 8 ақпаннан бері 1300-дей салымшы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» өтемақы алуға өтініш беріп үлгерген. Жалпы, өңірімізде өтемақы төленетін салымшылар 31 мыңға жуық. Оның ішінде 24 мыңы – Шымкент қаласынан.
Филиал директорының айтуынша, өтемақы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі салымдарға ғана төленеді. Банк оларға өтемақы ретінде жинаған сомасының 35,5 пайызын береді. Бұның негізгі мақсаты – девальвация кезінде азаматтарды қолдау.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.