«Дамумен» бiрге кәсiбiңдi дамыт!

Среда, 17 Февраль 2016 05:17 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4865 раз

Облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы жоспарлары межеленді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО филиалының бас менеджері Азамат Асқаров БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

82ea2d7a3c004e05a5f4f656be3dde3aБағдарлама жүзеге аса бастағаннан қазірге дейін жалпы соммасы 126, 12 млрд теңгеден асатын 522 жоба мақұлданды. Салалық тұрғыда айтсақ, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобалар – 43 пайыз немесе 194 жоба. Ал тасымалдау және қоймада сақтау саласында – 18 пайыз немесе 82 жоба. Жобаларды субсидиялау бойынша облыста «Қазақстанның халық банкі» және «Қазақстан Сбербанкі» АҚ көбірек белсенділік танытты.
Өткен жылы құны 2 млрд 940 млн теңгеге жуық 113 жоба мақұлданған. А. Асқаровтың айтуынша, 2016 жылға 2 миллиард 900 миллионнан асатын 95 жобаны субсидиялауға қаржы бөлінеді.
Моно қала, шағын қала және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін кәсіпкер үшін несие пайыздық ставкасының 10 пайызы субсидияланады. Қалған пайызды кәсіпкердің өзі төлейді.
«Даму» қоры жас кәсіпкерлрерді оқыту, қызмет көрсету бойынша да Шымкент, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы бірқатар жұмыс атқарды. Мәселен, Шымкент қаласында КҚКО арқылы 2015 жылы 3100 клиентке 6135 қызмет көрсетілді. Ал жыл басынан бері 459 клиентке 666 қолдау көрсетілген. Айта кететіні, орталықтар арқылы көптеген клиенттер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал енді бірі кәсіпорындар құрып жатыр.
Бұдан бөлек, тематикалық ашық есіктер күнін өткізу де қарқынды жүріп жатыр: мастер-класстар, тренингтер, табысты кәсіпкерлермен кездесулер кәсіпкерлердің қызығушылығын оятады.
«Даму қоры» биыл М. Әуезов атындағы ОҚМУ және Қ. Яссауи атындағы ХҚТУ-мен жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасаспақ.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.