Зейнетақы қорынан қарыз алады

Пятница, 19 Февраль 2016 05:22 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4085 раз

23145351fbd403bc7a85f1f51d6Қазақстанның даму банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан /БЖЗҚ/ 65 млрд теңге қарыз алады. «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішевтің бұл қарызды ұзақ мерзімге алғалы отырғанын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімделді.

«Біздің болжауымызша, БЖЗҚ-дан қарызға алынатын 65 млрд теңгені банктегі қаржымен есептеп, құрылымдауымыз қажет. Нәтижесінде бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қоржынымызды қажетті деңгейде ұстап тұрғанымызды мәлімдейтін боламыз», – деді Б. Жәмішев.
65 млрд теңгені облигациялық бағдарлама арқылы тартпақ. Дегенмен, Б. Жәмішевтің айтуына қарағанда осы қарыздың өзі банкке қымбатқа түскелі отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.