Еуропаға экспортталады

Среда, 24 Февраль 2016 05:26 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5254 раз

«Әлем БТ» фабрикасы шығаратын сұранысқа ие өнімдер енді шетелге экспортталады. Бүгінде кәсіпорын жылына 16 млн дана шұлық өнімін шығаруға қауқарлы.

1425731372 kz2Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 2 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылған. Қазіргі таңда, дайын өнімдерді Шығыс Еуропа, АҚШ, Ресей, Кореяға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Өндіріс орны «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында іске қосылған болатын. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған. Jintex Global корейлік компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл жобаны, аталған компания сүйемелдеп, дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Кәсіпорын толық жобалық қуаттылғына шыққан сәттен бастап 400 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.