Версия для печати

28-29 сәуір күндері «Ontustik Invest-2016» форумы өтеді

Пятница, 25 Март 2016 10:05 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4528 раз
Оцените материал
(0 голосов)
5555 0Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев хабарлады. Оңтүстік Қазақстан облысын шетелге танытуды дамытып, өңірге шетел инвестициясын тарту мақсатында ұйымдастырылатын форум 28-29 сәуір күндері «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде өтпек.
 
ОҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық жиын кезінде шетелдік қатысушылар еліміздің, оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының инвест мүмкіндіктерімен танысып, өңіріміздің экономикадағы басым бағыттары – ауыл шаруашылығы, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика салалары аясындағы маңызды мәселелерді талқылайды.
 
– Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика салалары біздің өңір үшін маңызды тақырып. Себебі, бұл салалар басқа өңірлермен, елдермен салыстырғанда біздің аймақта жақсы дамыған. Сондықтан, өңірге шетелдік инвесторлардың қызығушылық танытуы заңдылық. Мәселен, көршілес Қытай мемлекетінде біздегі органикалық таза, сапалы тағамдар жоғары сұранысқа ие. Ондағы баға ұсынысы да біздің кәсіпкерлердің көңілінен шығады. Бүгінде келіссөздер жүргізілуде. Міне, осындай жан-жақты жұмыстардың арқасында облыс шаруалары өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алады. Сол себепті, бұл форумның ОҚО үшін маңызы зор, – деді облыс әкімінің орынбасары.
 
Айта кету керек, инвестициялық форумға шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, бизнес-қауымдастықтар, орталық және жергілікті орган қызметкерлері мен ұлттық компаниялар, даму институттарының мамандары, жалпы саны 500-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде. Дәл бүгінгі жағдай бойынша 12 мемлекеттен 300-ге жуық делегаттың келетіні анықталған. Екі күндік форумның бірінші күні шетелдік кәсіпкерлер облыстағы индустриалды аймақтарды аралап, меморандумдар түзсе, екінші күні негізгі форум жұмысына кірісетін болады. Ал форумның күнделікті жаңалықтарын ontustikinvest.kz сайты арқылы алып отыруға болады.
 
Последнее изменение Пятница, 25 Март 2016 10:09
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.