18 жоба жүзеге асады

Пятница, 01 Апрель 2016 04:29 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4511 раз

Биыл өңірде жалпы құны 12,4 миллиард теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Шымкент қаласы аумағы бойынша 8 жобаны «Тассай», 3-ін «Бадам» индустриалды аймағы құрамақ.

image-24-10-15-05Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймағы басқарушы компаниясының бас директоры М.Тұрабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, «Тассай» индустриалды аймағында ресейліктермен бірлескен фармацевтикалық зауыттың құрылысы мен светадиодтты шамдар, ортопедиалық бұйымдар, жиһаз өндірісіне арналған МДФ панельдері зауыттарын іске қосылмақ. Ал «Бадам» индустриалды аймағында болат құю зауытының құрылысы мен ірі жиһаз фабрикасы, бау-бақша арбаларын құрастыратын фабрикалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Жалпы, өңірдегі барлық индустриалды аймақтарда «Оңтүстік» индустриалды аймағын қосқанда жалпы құны 174 миллиард теңгені құрайтын 143 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Нәтижесінде, 11 мыңнан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.