Шымкентке бизнес көшбасшылары жиналды Избранное

Пятница, 29 Апрель 2016 05:17 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4479 раз

Облыс орталығында «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы (28-29 сәуір) басталды. Форумның алғашқы күні облыстық «Көрме» орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтуде. Оған 700-ден астам адам қатысуда.

phorum

Көрмеде Шымқалада орналасқан «Бал Текстиль», «Кирал достык» бастаған 60-тан астам кәсіпорынның өнімдері ел іші-сырты қонақтарының назарына ұсынылды. Әрі 50-ге жуық инвестициялық жобалар шетелдік қаржы салымшыларға көрсетіліп отыр. 
Үш күнге созылатын форумда Оңтүстік өңірінің әлеуетті жобалары шетелдік алпауыт инвесторлардың экономикалық қызығушылығын тудырады деп күтілуде. Осы уақыт ішінде Шымкент қаласындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға ақпараттық тур ұйымдастырып, бизнес көшбасшыларының шебер-класстары өтеді.

Последнее изменение Пятница, 29 Апрель 2016 05:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.