Доллар бағамы көтерiлдi

Пятница, 29 Июль 2016 09:15 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 6947 раз

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 28 шілдедегі күндізгі саудасында доллар 353,11 теңгеге тең болды.

1452839494 57285848828 шілдедегі сауданың құны 93, 8 миллион долларға тең болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 353-354,2 теңге аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 13.15-те қыркүйектегі фьючерстердің Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының құны барреліне 43,47 доллар болған.
Осыған дейін Іскерлік әкімшіліктендірудің докторы Ерлан Ибрагим сұхбатында ұлттық валютаның әлсіреуі сақталатынын айтқан болатын. Оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін доллар 350-360 теңге аралығында саудаланады. «Теңгенің әлсіреуіне маңызды факторлар әсер етіп отыр. Мысалы, елдегі экономикалық жағдай, мұнай бағасының төмендеуі мен базалық мөлшерлеменің төмендеуі», – деді Ерлан Ибрагим.
Еске салайық, 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.