Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштермен айқындалады

Пятница, 19 Август 2016 11:09 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 2332 раз

Қазіргі таңда Қазақстан тиісті реформаларды белсенді және сәтті жүзеге асырушы мемлекеттердің қатарынан көрініп келеді. Өйткені еліміздің  барлық сала бойынша даму деңгейінің көрсеткіші Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтінгінің қорытындысы негізінде бағаланады.

Егер 2015 жылдың қорытындысына көз жүгіртсек, Қазақстан аталмыш рейтингте 11 индикатор бойынша 53 орыннан 41 орынға түскен.  Яғни, дүниежүзілік деңгейдегі өз позициясын 12 пунктке жақсартты. Бұл рейтинг жыл сайын әлемнің 189 елдері арасында жүргізіліп отырады. Осы индикаторлардың бағалауы нәтижесінде әр елдің әлеуметтік-тұрмыстық дәрежесі, бизнес пен инвестицияға қолайлы климаты, сыртқы сауданы дамытудағы жетістігі, салық төлеушілер үшін жасап отырған қолайлы жағдайлары, бақылау функцияларының аздығыжәне кедергісіз жұмыс істеу қағидаттары айқындалады.

Жалпы бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингіне қатысу Қазақстанның үздік нәтижесі болып саналады.  Қазақстанның жалпы орта ұпайы 4,49 (2014 жылы 4,42) құрайды, бұл елге Польша (4,49) мен Италия (4,46) арасындағы рейтингтегі орнын қамтамасыз еткен. ТМД елдерінің арасында Қазақстан Әзербайжаннан кейін (40-орын) екінші орында тұр. Қазақстанның инновациялық даму факторы бойынша позицияларының айтарлықтай жақсаруы байқалады 114 индикаторы ішінде 73 индикатор бойынша жақсару, 30 индикатор бойынша төмендеу байқалады.

Қазіргі уақытта жаһандану үрдісі алға дамыған сайын, жаңа талаптар жиынтығы да көбейе түсуде. Олардың негізгісі - озық технологиялар мен автоматтандыру процестерін енгізу және рұқсат құжаттары мен бақылау функцияларын азайту арқылы бизнес өкілдеріне қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Яғни, автоматты жүйелерді жүзеге енгізу арқылы әкімшілік кедергілерді жоюға, қызмет көрсету өкілдерімен тікелей байланысқа шықпай-ақ, есептік құжаттарды тапсыруға қол жеткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, барлық процестерді ақпаратты технологиялардың жетістігімен жүзеге асыруға болады.  Бұл орайда мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарылатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында халыққа қызмет ету орталықтарында кезекті электрондық басқару жүйесі орнатылған.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы рейтингін көтеру мақсатында болашақта атқарылатын жұмыстар тізбегі сан алуан. Бұл орайда Елбасымыз өзінің бес институционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадаммен» белгіленген Ұлт жоспарын бекітті. Бұл маңызды құжат ел экономикасы мен әлеуметтік әләділет саласы қатысты ауқымды міндеттер қойылған. Ал, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде көрсетілген индикаторлар талаптарына негізделгенмеханизмдер өз қызметін дұрыс атқарған жағдайда, әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру стратегиясы мерзімінен бұрын жүзеге асатынына күмән жоқ.

Е. БАСТАНОВ,
Шымкент қаласы
Абай ауданы әділет басқармасының бөлім басшысы,
ОҚО Заңгерлер Одағының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.