Бәсекелестік – маңызды фактор

Среда, 28 Сентябрь 2016 05:31 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3511 раз

 Бәсекеге қабілеттілік  кез-келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы екені белгілі.  Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) өзінің жыл сайынғы қорытындыларында шығарып отырады. Бұл зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлемнің түрлі елдері бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейді.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның өкілдері ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігінің көптеген және мейлінше алуан түрлі факторларымен анықталатынын айтады. Осылайша, мемлекеттік қаржыларды тиімсіз басқару мен инфляцияның жоғары деңгейі экономика жағдайына теріс әсер етсе, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау, дамыған сот жүйесі және басқа да шаралардың оң әсер етуі мүмкін. Институттық факторлармен бірге, білім беру мен жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, жаңа білімдер мен технологияларға тұрақты қолжетімділіктің болуы да шешуші рөл атқара алады.  Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар бастапқы жағдайлар мен дамудың ағымдағы деңгейіне байланысты әлем елдерінің экономикалық жүйелеріне түрліше ықпал етеді. Сонымен бірге, уақыт өте келе факторлардың өздерінің де өзгеріп тұратындығы белгілі жәйт.   

Дүниежүзілік экономикалық форумның  2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі есебінің 2015 жылдың қорытындылары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан өз орнын 8 тармаққа жақсартып, әлемнің 140 елі арасында 42-орынды иеленді. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның үздік нәтижесі.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан Әзербайжаннан кейін (40-орын) екінші орында тұр. Ресей 45-орын, Грузия – 66-орын, Украина – 79-орын, Тәжікстан – 80-орын, Армения – 82-орын, Молдова – 84-орын, Қырғыз Республикасы – 102-орын алды.

Қазақстан үшін батыл мақсатты айқындау 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену – адам, қоғам өмірінің сапасын арттыру және мемлекеттілікті нығайту үшін елдің жүргізіп отырған бағытын тиімді қамтамасыз етуге ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды. Әрине, сондықтан 2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Үкімет отырысының хаттамасының негізінде мемлекетіміздің Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің ұстанымын жақсарту іс-шаралар Жоспары бекітілді.  Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тапсырмасы бойынша облыстық  Әділет департаментімен іс-шаралар кестесі бекітіліп қалалық, аудандық Әділет басқармаларына жұмыс атқаратын индикатор көрсеткіштерін белгіленген.

С. АКБАРОВ,
Абай аудандық әділет басқармасының басшысы,
«Заңгерлер Одағы» РҚБ мүшесі  

Последнее изменение Среда, 28 Сентябрь 2016 05:49
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.