Валюта нарығындағы ахуал қалыпты Избранное

Среда, 05 Октябрь 2016 06:00 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 6170 раз

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Кездесу барысында Д.Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысының маңыздылығына назар аударды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

ulktyyk bank

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді.

– Биылғы 8 айда инфляция 5,4% болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті, – деді Д.Ақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.