Облысымызда керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны бар. Мекемеде 140 қызметкер автоматтандырылған италияндық қондырғылармен жұмыс істейді.
Ондағы шикізаттың 60 пайызы отандық өнім. Бүгінде елімізде баламасы жоқ зауыт өніміне сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге арттырмақ.
Айта кетейік, кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға сай.