Америкадан жеткен алып «құс» Избранное

Среда, 04 Апрель 2018 04:45 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3842 раз

Boеing 737 МАХ ұшағы Boеing 737 ұшақтарының төртінші нұсқасы
болып саналады. Оның алдыңғы ұшақтардан айырмашылығы –
бұрынғыдан да қуатты әрі ірі қозғалтқыштарды қолдануында.


ТМД және Қазақстан аумағындағы жалғыз Boеing 737 MAX 8 ұшағы Шымкент әуежайына сәтті қонды. Енді бұл әуе кемесі облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді. Boеing зауытында Қазақстанның SCAT әуе компаниясына арнайы құрастырылған ұшақ АҚШ-тың Сиэтл зауытынан 16 сағат жолды артқа тастап, Шымкентке тікелей ұшып келді.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда АҚШ-қа жасаған іс-сапарының нәтижесінде осындай келісім жасалды. Онда Boеing және қазақстандық компания арасында жалпы құны 1,3 млрд $ болатын келісім нақтыланған еді.

Шымкент әуежайында ұшақ пилоты мен жолаушыларын облыс және қала әкімі Жансейіт Түймебаев пен Нұрлан Сауранбаев, азаматтық авиация комитеті мен әуе компаниясының өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары салтанатты түрде қарсы алды. Билік өкілдері мұндай алып техниканың жергілікті авиацияның дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Бұған қоса ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы атанғалы отырған Шымкенттің халықаралық беделі де арта түсері сөзсіз.

Әлемдегі ең ірі авиациялық техника жасаушылардың бірі – АҚШ-тың Boеing компаниясының 107-ұшағы болып саналатын алып әуе кемесі енді Шымкенттен Астана, Алматы, Атырау және Анталья (Түркия) қалаларына тікелей ұшады деп жоспарланып отыр. Бұл әуе бағыттарында жергілікті «Мадлен», «Александровский сад», «Оңтүстік құс» компаниялары өз қызметін ұсынбақ.


Boеing 737 МАХ ұшағы Boеing 737 ұшақтарының төртінші нұсқасы болып саналады. Оның алдыңғы ұшақтардан айырмашылығы – бұрынғыдан да қуатты әрі ірі қозғалтқыштарды қолдануында.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.