Тауар өндірушілердің әлеуетін арттыру керек Избранное

Пятница, 24 Август 2018 04:47 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 337 раз

Біздің нарықта тауар өндірушілер әлі де аз. Әлі де тауардың сапасын арттырып, бәсекелестікті дамытуымыз қажет.

Шымкентте «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбында өткен бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуде осы мәселелер кеңінен талқыланды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, стратегиялық бастамалар орталығы, «Атамекен» ҰКП және экономикалық зерттеулер орталығының басшылары, жергілікті кәсіпкерлер қатысып, ел экономикасындағы өзекті жағдайларды шешудің жолдарын сөз етті.
Отандық кәсіпкерлердің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі талқыланған жиын бизнес-инфрақұрылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияларды дамыту және қаржыландыруға қолжетімділік тақырыбында еркін пікір алмасу форматында өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин өз баяндамасында бәсекеге қабілеттілік – бұл тұрақты дамудың кілті екенін айтып өтті.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары Бауыржан Тұрлыбековтың айтуынша, Қазақстанның жалпы бәскеге қабілеттілігін арттыру бойынша талдау жұмыстар жүргізілуде. Түрлі салалардағы субсидиялар, мемлекеттің бизнестің дамуына жасап жатқан әр түрлі шаралары бойынша терең талдаулар жасалған. Делегация ақпан айында да кәсіпкерліктің және бәсекеге қабілеттіліктің мәселелерін талқылаған еді.
Бизнеске қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша Б.Тұрлыбеков, инфрақұрылымды арттыру, бәсекелестікті арттыру және инновацияларды дамыту бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Құралбай Бұқарбаев баяндама жасады. Жиын соңында жергілікті кәсіпкерлер көкейіндегі сауалдарын қойып, жауап алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.