Версия для печати

Қазақтың қымыранына Қытай қызыға бастады Избранное

Среда, 26 Сентябрь 2018 04:13 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4209 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Түркістандағы түйе және бие сүтін өңдеп, одан құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт желтоқсан айында толық іске қосылмақ. Қазір зауыт сынақ мерзімінде жұмыс істеп жатыр.

қымыран фото

Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе сүтін қабылдап, одан құрғақ ұнтақ шығарады. Дайын өнімді қайнаған суға езіп, шұбат қылып ішуге болады. Қытай инвесторларының қаржысына салынған зауыт құны – 7,5 млрд теңге. Бірлескен кәсіпорынның 95 пайызы Қытайға, қалған 5 пайызы Қазақстанға тиесілі.
– Түйе және бие сүтін өңдейтін «Golden camel» зауытында тек Түркістан ғана емес, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы түйе шаруашылығымен айналысатын тұрғындарды кооперацияға біріктіріп, сүтін зауытқа өткізу көзделіп отыр,–дейді Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов.
Жоспар бойынша, зауытта 80 адам жұмыспен қамтылмақ. Оның 10-ға жуығы қытайлық маман болса, қалғаны жергілікті тұрғындар болуы көзделген. Келісім бойынша, зауыт түйе сүтін базар бағасынан 50-100 теңгеге қымбаттырақ қабылдайтын болады. Себебі мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер, жеңілдетілген несиелер бар.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.