Версия для печати

Өмір салтын жақсартатын 3 жағдай Избранное

Среда, 06 Февраль 2019 04:06 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4375 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жалақы көбейді

1533234981 d5024359a099f285a54cba21415943d3

Елімізде Елбасының бес әлеуметтік бастамасын орындау бағытында тиісті жұмыстар іске асырылуда. Мысалы, ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе көбейтіліп, 42 500 теңгеге жетті. Бұл жаңалық түрлі салада жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамға қатысты. Орташа есеппен бұл азаматтардың жалақысы 35%-ға өсті.
Әр қазақстандықтың өмір салтын жақсартуға бағытталған іс-шаралар салық салуға да қатысты. Соның бірі ретінде айлық жалақысы АЕК-тің 25 еселенген мөлшерінен төмен азаматтардың салық мөлшерлемесі төмендетілді. Бұл жаңалық Шымкент қаласында 26 868 адамға қатысты болып отыр. Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Осылайша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен жалақысы төмен қазақстандықтардың салық жүктемесі 10 есеге азайтылып, 1 пайыз ғана салық салынады. Бұл шаралар аталған тұрғындардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бередi.
Бұрын аталған санаттағы қызметкерлерден 1431,3 теңге жеке табыс салығы ұсталатын болса, биылдан бастап бұл сома 143,1 теңгені құрайды немесе салық жүктеменің төмендеуінен тиісінше жалақыға сақталатын сомасы 1288,2 теңгені құрайды. Яғни, аталған реформа аясында бір қызметкердің жыл ішінде 15,5 мың теңгеге дейін үнемдеуіне мүмкіндік бар.

Айта кетейік, 2019 жылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2525 теңге болса (2018 жылы – 2405 теңге), онда жалақысы 63 125 теңгеге дейінгі тұлғалар 1 пайыз ғана табыс салығын төлейтін болады.

Салық төмендетілді

Жалақысы төмен қызметкерлердің кірісін арттыру мақсатында олардың салық жүктемесі төмендетіліп отыр.
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының екінші бастамасы жалақысы төмен қызметкерлердің салық мөлшерлемесін төмендетуге бағытталған, - дейді Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының жетекшісі Рахима Алеева. – Сондықтан 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қызметкерлердің салығы 10 есе төмендетілді. Енді айлығы 63 125 теңгеден төмен қызметкерлер 1% кіріс салығын төлейді.

Мысалы, қызметкердің айлық жалақысы 63 125 теңге болса, бұл сомдан 6 313 теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Қалған 56 812 теңгеден ең төменгі жалақы сомасын - 42 500 теңгені аламыз. Одан қалған 14 312 теңге салық салынатын кіріс саналады. Бұл сомадан жаңа механизм бойынша 1% немесе 143 теңге кіріс салығы ұсталады (бұл салық мөлшерлемесі бұған дейін 10% немесе 1431 теңге еді).

Қазынаға түсімдер артты

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың қорытындысымен барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша бекітілген болжамды орындады. Атап айтқанда мемлекеттік бюджет бойынша межеленген жоспар 107% орындалған, яғни жоспар 167,5 млрд теңге болса, бюджетке нақты 179,3 млрд теңге өндіріліп, 11 млрд 723 млн теңге артығымен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде республикалық бюджет бойынша жоспарланған 89 млрд 597 млн теңгенің орнына нақты 96 млрд 450 млн теңге өндірілді, орындалуы 108% немесе 6,8 млрд теңге артық жиналды. Жергілікті бюджет бойынша жоспар 78 млрд теңге болса, нақты 82,8 млрд теңге өндіріліп, орындалуы 106%-ды құрады немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 4 млрд 870 млн теңге қамтамасыз етілді. 2017 жылы 70,7 млрд теңге түскен болса, 2018 жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 117% құрап, 12,1 млрд теңгеге артты.

А.СӘДУӘЛІ

Последнее изменение Среда, 06 Февраль 2019 04:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.