Кәсіпкерлердің тәжірибе бөлісу алаңы Избранное

Среда, 20 Февраль 2019 04:27 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4815 раз

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында «Халықтық бренд» жобасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Оның аясында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері көпшілікке өздерінің бизнестегі тәжірибелерімен бөлісуде.

Бизнестегі тәжірибе бөлісу 4

Жуырда қалалық түрік этно-мәдени бірлестігінің мүшесі болып табылатын кәсіпкерлер жастар үшін арнайы шеберлік сабағын өткізіп, табысқа жетудің құпиясы жайлы айтып берді.

Іс-шараға кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдері және кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Жиында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов жобаның маңызына тоқталып, бүгінде этно-мәдени бірлестіктер мәдени іс-шаралар өткізумен ғана шектелмей, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға лайықты үлес қосып келетінін айтты.

Мысалы, «Фиркан» компаниясы супермаркеттер мен кондитерлік өнімдер желісінің басын біріктіріп отыр. Онда бүгінде мыңнан аса адам еңбек етеді.

Компанияның коммерциялық директоры Идрис Аскаров жиында компанияның алғашқы құрылған күнінен бүгінге дейінгі жолын баяндап берді. Қазіргі кезде кәсіппен айналыса жүріп білім жинақтауды дағдыға айналдырудың маңыздылығын да сөз етті.

Ал қалалық кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев бизнес негіздері бойынша оқу, бизнес-жоспар жасап кәсіпті ілгерілету, бизнес бастамаларды қаржыландыру бағытындағы мемлекеттік қолдауларға тоқталды.

Еркін де ашық сипатта өткен басқосуда кішігірім кәсіптен бастап, үлкен бизнеске дейінгі жолда керекті кеңестер берілді. Бастаған істе нақты жетістіктерге жетуде біліммен қатар жаңа технологияны дұрыс қолданып, инновациялық даму жүйесінің болуы қажеттігі айтылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.