Версия для печати

Қазақстандағы алғашқы глюкоза-фруктоза шәрбәті кешені Избранное

Пятница, 15 Март 2019 04:24 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5131 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі «Тассай» индустриялдық аймақта құны 235 млн теңге болатын жаңа кәсіпорын іске қосылды.

zavod 5

Биотехнологиялық кешенде жүгеріден глюкоза-фруктоза шәрбәті, қантсыз сусындар мен кондитерлік тәттілер, жеміс консервілері шығарылады. Бұған қоса бөлек шикізат қалдықтарынан үй жануарларына жем тартылмақ.

Бұл жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің химиялық технология және шикізаттық кешенді өңдеу ғылыми зерттеу институтының бір топ ғалымдары мен «АлиКа групп» ЖШС-нің үш жақты келісімімен жүзеге асырылып отыр.

Жоба 2016 жылы «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған ғылыми жұмыстар байқауында грант жеңіп алған.
Қазақстандағы алғашқы глюкоза-фруктоза шәрбәтін шығаратын биотехнологиялық кешеннің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Ғылым қоры» АҚ төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин қатысты.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ химиялық технология және шикізаттық кешенді өңдеу ғылыми зерттеу институтының директоры Абдуғани Азимовтың айтуынша, қант қоспасынсыз шығарылатын отандық өнім алдағы уақытта нарыққа шығарылады.

Биотехнологиялық кешеннің қуаттылығы тәулігіне 3 тонна глюкоза-фруктоза шәрбәтін, 6 тонна сусын, 4 тонна кондитерлік өнім мен жеміс консервілері, 2,5 тонна биокорм өндіруге жетеді. Шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кетейік, жаңа кәсіпорында 40 жұмыс орны ашылып отыр.