Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы инвесторлармен кездесті

Пятница, 02 Август 2019 05:23 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 411 раз

Бизнес пен инвесторларды қорғау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеті

 

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали инвесторлармен кездесті. Кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы С.Абдуллаев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Кабиштаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев және кәсіпкерлер қатысты. Еркін форматта өткен іс-шарада аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.

 

 

 

Агенттік 1

 

 

  

– Бизнес пен инвесторларды қорғау біздің мекеменің басым бағыттарының бірі. Біз «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына мақсатты түрде бизнес қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін келіп отырмыз. Біз инвесторлармен тікелей қарым-қатынас осы бағыттағы өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бизнес ісіне лауазымды тұлғалар тарапынан кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатынын және заң бойынша қудаланатынын атап өткім келеді. Біз Сіздерді белсенді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа шақырамыз, - деді Асхат Жұмағали.

 

  

 

 

Агенттік 3

  

 

 

 

Айта кету керек, қалалық Департамент жалпы сомасы 49 млрд. теңгеден астам 20-ға жуық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда, сонымен қатар, 50-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған. Кездесу соңында Асхат Жұмағали үй тоқымасы, кілемдер және мақта-мата иірімдерін өндірумен айналысатын «АГФ групп» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС және «Azala Cotton» ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында болып, жұмыстарымен танысты.

Последнее изменение Пятница, 02 Август 2019 05:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.