Версия для печати

Кәсіпкерлер өрісі кеңейді Избранное

Среда, 02 Октябрь 2019 05:32 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3369 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген екен.

71256374 2325169337796019 3560939741387948032 n

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов аталған орталық бизнес өкілдерінің басын қосатын алаңға айналу керек екенін айтты.
Әкім, сонымен қатар, инвесторларды ең алдымен қаланың инвестициялық мүмкіндіктері қызықтыратынын айтып, ол қызметті ұйымдастыруда негізгі қадамдарын жеңілдетілген форматта сипаттауға баса назар аударылу қажеттігіне тоқталды.

«Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірігіп жүзеге асырады. Бұл жұмыстар бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, инвесторларды тарту мақсатында ҚР Үкіметінің инвесторлар үшін «Бір терезе» фронт-офистерін құру туралы тапсырмасының негізінде құрылды.

Аталмыш процестерді оңтайландыру, кәсіпкерлер мен инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңейту мақсатында мемлекеттік кірістер және көші-қон қызметтері департаменті мен «Қазпошта» АҚ қызметтерін «Бір терезе» арқылы біріктіру туралы шешім қабылданды.

Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаға қолдау көрсету, маркетингтік қызметтер, бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алу бойынша кеңестер, CT KZ сертификаттарын беру, қаржылық ұйымдар мен даму институттарының қызметтері, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметтер, көші-қон мәселелері мен кеден, салық бойынша туындаған мәселелердің шешімін табуға жәрдемдеседі.

«Бизнеске арналған Үкімет» нарықтағы өзгерістерге, мемлекеттік саясаттағы, экономикадағы, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, сәйкесінше, үнемі жаңарып отырады.
Қала қарқынды даму үшін қашан да инвесторлар керек. Орталықтың жұмысымен танысып, жұртшылықпен пікірлескен қала әкімі ортақ іске сәттілік тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.