Версия для печати

Ғалымдар Шымкентте ең қуатты автотрансформатор жасады

Среда, 09 Октябрь 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3764 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте Орталық Азиядағы ең қуатты автотрансформатордың лентасы қиылды. Қазақстандағы қуаттылығы 63 МВА класты, 220 кВ кернеулі автотрансформаторды техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Сергей Соколов жобалаған.

512

 

Бұл инновациялық ілгерілеуге «Alageum Electric» компаниясы, «Энергия» ҚазОЭЖҒЗЖІИ АҚ және «Электродеталь» ЖШС кәсіпорындарының құрамына кіретін Кентау трансформатор зауытының ғалымдары мен инженерлері қол жеткізді. Оларға жетекшілік жасаған жоба авторы С.Соколовтың ғылыми еңбектері елімізде және шетелдерде жарияланған.

– Қуаттылығы 63 МВА автотрансформатор» Қазақстанға өте қажет, мұндай трансформаторларға деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Ал шетелдерде бұл трансформатор өзінің ерекшеліктеріне орай басқа да осындай трансформаторлармен бәсекеге түсе алады, – деді өз сөзінде С.Соколов.

513

 

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк «Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты жобасын бірлесіп жүзеге асырды. Сол жоба аясында автотрансформатор 2017 жылы «Өнімді инновациялар консорциумының» бағдарламасы шеңберіне қолдау тапқан болатын.

Кентау трансформатор зауытының автотрансформаторы пайдалануға әзір тұр. Осы жақын күндері ол Түркістан облысымен іргелес үш ауданда – Келес, Сарыағаш және Мақтааралда электрэнергиясын бөле бастайды. Сарыағаш ауданының ТКШ-мен шарт жасалып та қойылды.

Қуаттылығы жоғары трансформаторларға деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, Қазақстанның іс жүзінде барлыққосалқы станциялары ХХ ғасырдың 80-жылдары салынғаны белгілі. Демек, таяудағы мерзімде оларды жаңғыртуға мүмкін болады. Сондықтан да, бөтенді өзіміздікіне алмастыру Қазақстандағы импорт алмастыру бағдарламасының негізгі философиялық тұжырымы. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда. Кергеуі 220 кВ класты қуаттылығы 63 МВА автотрансформаторы – Қазақстандағы импорталмастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жарқын мысалы болып табылады.

Последнее изменение Понедельник, 21 Октябрь 2019 09:30
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.