Шымкентте кәсіпкерлердің мәселелері оң шешілуде

Вторник, 03 Декабрь 2019 13:23 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 814 раз

Үшінші мегаполисте «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлердің мәселелері оң шешімін табуда. Жуырда тағы бір инвестордың құқығы қорғалды. Бұл туралы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында өткен баспасөз туры барысында хабарланды.

Соның бірі – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жоба аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған «Tumar Textile» ЖШС. Компания өкілі М.Әлімбековтың айтуынша, құзырлы органдар тарапынан өтінішті қарау барысында әкімшілік кедергілерге жолығып, Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен заңға сәйкес оң шешімін тапты.

 

press-tour 2

 

ЖШС өкілінің айтуынша, аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізеді және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама.

– Инвесторлар үшін жаңа бизнес идеяларын іске асыруға кедергі жасайтын мәселелер әлі де жоқ емес. Осыған байланысты Агенттікпен жоба жұмыстары қарқынды дамуда. Компанияны сүйемелдеу үшін адал бизнес жүргізуге міндеттелетін келісімге қол қою жеткілікті. Сондай-ақ, біз қолжетімді және ашық екендігімізді тағы да атап өткім келеді, - деп атап өтті департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Әбдінәбиұлы.

 

 

press-tour 3

 

 

Қазіргі таңда департамент тарапынан жоба аясында өзара іс-қимыл туралы жалпы сомасы 53 млрд теңгеден асатын 20 инвестициялық келісімге қол қойылған.

Айта кетейік, бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету – Агенттік жұмысының басым бағыттарының бірі. «Protecting business and investment» жобасының мақсаты - қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту.

Последнее изменение Вторник, 03 Декабрь 2019 13:32
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.