Интернет кеңістігіндегі кәсіпкерлік Избранное

Вторник, 14 Июль 2020 18:49 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 2813 раз

1b928eba29111ba74c42bd82519c0adc

Бүгінде өмірімізге онлайн сауда термині дендеп енді. Ғаламтор кеңістігіндегі кәсіпкерлік туралы көптеп жазыла бастады. Яғни, бұл жаңа технология көптеген жетекші елдердің ЖІӨ-де маңызды секторға айналып үлгерді. Мысалы, Ұлыбританияда киберэкономика көптеген үлкен салалардан алдыңғы орынға шығып, ұлттық жалпы өнім құрылымында 8%-дан асқан.

Алайда еліміздегі кәсіпкерліктің бұл саласы мұндай деңгеймен мақтана алмайды. Бүгіннің өзінде ЖІӨ құрылымындағы 0,5% деңгей туралы ғана сөз қозғауға болады. Негізгі әлемдік трафиктен алыс жатқан ел үшін бұл нашар көрсеткіш емес.
Елдің интернет-экономикасы инфрақұрылымның үш китіне негізделген: мемлекеттік сектор, халық және бизнес секторы.
E-government-локомотиві бүкіл саланы қамтып отыр. Дәл осы мемлекеттік бағдарламалар, қаржы және тағы басқа бастамалар Қазақстанның заманауи виртуалды экономикасын анықтайды. Бағдарламаның негізгі шлюзі e-gov.kz бүгінде 2 мың ақпараттық және 219 интерактивті және транзакциялық қызметтерді ұсынады.
Интернет-экономика секторында жұмыспен қамту күн сайын артып келеді. Бүгінде бұл салада ресми деректер бойынша 60 мың адам жұмыс істейді. Интернет пайдаланушылар саны 9,5 млн адамға жетті. Алайда сапа туралы әңгіме басқа. Көптеген пайдаланушылар шетелдік алаңдарды дұрыс көреді.
Соңғы кезде ұлттық электронды қаржы бірлігі - Е-теңге туралы заң пайда болды. Он шақты банк өз клиенттеріне интернет-банкинг қызметін ұсынып отыр. Интернет-банкингтің енуі 7-10 пайызға жетті. Елдегі онлайн-банкинг пайдаланушыларының саны шамамен 1,5 млн адам. Электрондық төлем жүйелерін пайдаланушылардың саны 0,5 миллион адамнан асқан.
Елдегі интернет кеңістігіндегі көптеген сатып алулар ROPO әдісі бойынша өтеді (онлайн іздеу, оффлайн сатып алу). ҚР-дағы ROPO көрсеткішінің мәні басқа елдерге қарағанда жоғары. Зерттеулерге сәйкес, интернетте табылған тауарлардың 90%-ы оффлайнмен сатып алынады. Қазақстандағы ең танымал е-коммерция дүкендері әзірше шетелдік ресурстар болып тұр.
Қазіргі заманғы түсініктегі алғашқы интернет-дүкендердің бірі Amazon.com 1995 жылы кітап саудасынан бастап, бүгінгі күні ол барлық өнеркәсіптік тауарларды ұсынады. Бұл ондаған миллиард доллар айналымы бар әлемдегі ең ірі интернет-дүкен.
Бірінші төлем жүйесі (электронды ақша жүйесі) First Virtual 1995 жылы құрылды. 1996 жылы Visa және Mastercard карталары арқылы Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді төлеу мүмкіндігі пайда болды. Алайда жиі ұрлықтар болуына байланысты алғашқыда карталарды пайдалану қауіпті деп саналды. Кейінірек төлем карталары мен интернет-төлемдерді байланыстырған PayPal пайда болды. Ол төлемдерді қауіпсіздендіреді.
Біріншіден, интернет-дүкен құру құны өте арзан. Техникалық жұмыстар мен дизайн, содан кейін айналым жасау және тағы бір тауардың бірінші партиясын сатып алу жұмыстары. Яғни, сізде мүлдем ақшасыз бастауға болатын мүмкіндік бар. Одан кейін барлық үдерістерді автоматтандыру бойынша үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге жетесіз.
Сіз кез келген тәулік уақытында жұмыс істей аласыз. Кез келген жерде бола аласыз. Кеңсеге баруға 2 сағат уақыт жұмсамайсыз. Бұл интернет желісіндегі сауданың артықшылықтарының бірі.
Интернет желісінде ақылы қызметтерге сұраныс пайда болған сайын олардың әлеуеті артып келеді. Ең алдымен техникалық домендерді тіркеу, хостинг (орналастыру) сайттар, әртүрлі телекоммуникациялық провайдерлерді айтамыз. Сұраныстың өсуіне қарай сайтқа кіру статистика жүйелері, ақылы онлайн-ойындар, іскерлік B2B сервистері (онлайн-бухгалтерия) дендеп енуде. Сондай-ақ, ғаламтордағы қызмет көрсету нарығы да әлеуметтік желілердің пайда болуымен бір уақытта дамыды. Өйткені көптеген қызметтерді желі арқылы көрсету ыңғайлы.
Интернет желісіндегі кәсіпкерлік – даму тәжірибесі бар, салыстырмалы түрде жаңа сала болып саналады. Интернет – өте қарқынды дамып келе жатқан нарық. Бірақ әрдайым компаниялар емес, алғашқы бастаушылар көшбасшы болуы мүмкін.
Электронды кәсіпкерліктің дамуы барысында оның бағыттары да өзгерді. Бастапқыда бұл таза электрондық коммерция болса, содан кейін даму негізінен B2B саласында жүрді. Электрондық кәсіпкерлік бүгінде пайдаланушылар үшін түрлі бағыттар бойынша дамып, дәстүрлі кәсіпкерлік қызметтің барлық салаларын қамтып отыр.
Қазір Интернет желісінде көрсетілмеген саланы табу қиын. Айта кету керек, әлемдік интернет-нарық деп әдетте ең ірі интернет-компаниялар жұмыс істейтін Батыс нарықтары, бірінші кезекте АҚШ нарығы еске түседі.

 

 

Айгүл ТӨЛЕМЕТОВА,
ОҚМУ «Басқару және бизнес»
жоғары мектебі, «Экономика»
кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.