60-ҚА ЖУЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ Избранное

Среда, 22 Июль 2020 05:53 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 280 раз

760cf89500039226e574cf04ff782cdc

Шымкент қаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үй тауарлары өндірістері құрылатын болады. Бұл жобалар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен.

Оның ішінде 60-қа жуық жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 23,3 млрд теңгеге 22 жобаны екінші деңгейлі банктермен қаржыландыру жоспарлануда.
Айта кетейік, аталған бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 10 жылға дейін 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 пайызы ауылшаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 6 және 5 пайызбен өтейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.