Пандемия оң өзгерістерге тосқауыл бола алмайды Избранное

Пятница, 04 Сентябрь 2020 04:10 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 289 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірісті қолдауды, инвестиция тартуды, экспортты ілгерілетуді, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтауды және тұрақты жұмыс орындарын ашуды барынша қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берді. Және олардың орындалуы қатаң бақылауда болмақ. Карантин режимінде экономикалық өсімді төмендетпеу, бизнеске қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру маңызды.
Осы орайда еліміздің үшінші мегаполисі биылғы бірінші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы бойынша оң өзгерістерге жетті. Бұл жөнінде Шымкент қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді МҮЛКЕМАНОВ әңгімелейді.

304

 

Шымкентте биылғы алғашқы жартыжылдықта өнеркәсіп өнімінің көлемі 304,1 млрд теңгені құрады. Кен өндірісі, электр және бу беру саласы, фармацевтикалық, азық-түлік тауарлары, металлургия, металл емес өнімдер өндірісінің көлемі бірнеше есеге өсті.
Биыл ҚР Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 23,9 млрд теңгеге 454 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз ететін 6 жоба жүзеге асырылады. Соның бірі – «New technology Ltd» ЖШС – дизельді-генераторлы зауыт жақында іске қосылды.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында аяқ киім табандарын шығаратын «СП «Lux Shoes» ЖШС және А3, А4, А5 форматты қағаз өндіретін «Qagaz Ordasy» ЖШС жұмысын бастады. Алты айда кәсіпкерлер саны 8,1 пайызға өсіп, 71 мыңнан асып, олар 169,2 млрд теңгенің өнімін өндірді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 181 жобаға 1 млрд теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 92 кәсіпорыннан өтінім қабылданып, 57 жобасы мақұлданды. Есепті кезеңде 14 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Атап айтқанда, ет өндірісі 8,5 мың тоннаны, сүт 25,7 мың тоннаны, жұмыртқа 74,1 млн дананы құрады.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Арман Агро», «Зауре» шаруа қожалықтары жылыжай салды, «Керемет Сапа» ЖШС алма бауын екті, «ККК» ЖШС құс фермасын ашты, «Нурмухамедов» ЖК бал өндірісін бастады.
Шаһарда жарты жылда 42,8 млрд теңгенің құрылысы атқарылды. Саланың жандануына Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы елеулі үлес қосты.
Жыл басынан бері 271,2 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,8 пайызға артық. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Тұран, ШымСити шағынаудандары мен қаланың әкімшілік іскерлік орталығында көп қабатты 136 үй салынуда. Жыл соңына дейін 2372 пәтер немесе көп қабатты 40 үй пайдалануға берілмек.
2020 жылдың І жартыжылдығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сай 17 791 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. 2 000 азамат оқытуға жолдама алса, 5 045 адам тұрақты жұмысқа орналасты, ал «Жастар практикасымен» 1 709 жас мекемелерге жолданды, сондай-ақ 3 091 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылды.
Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға 25 048 отбасыдан өтініш қабылданды. Алты айда 21 573 отбасыға 5,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды алушылар қатары кеңейтілді. Осыған орай, 2 АЕК көлемінде 1,2,3 топтағы 28 810 мүгедек жанға – 321,4 млн теңге, 4 992 мүгедек балаға – 55,4 млн теңге, 6-18 жас аралығындағы 31 009 балаға – 517,2 млн теңге, мүгедек бала күтуші 4 866 ата-анаға – 54,0 млн теңге, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпай, жұмыспен қамту шараларына тартылған 4000-нан астам азаматқа 47,9 млн теңге төленді.

303


Табыссыз қалғандарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қалада төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі штаб құрылды.
2020 жылғы қала бюджеті 449,7 млрд теңгеге толықты. Бюджет шығындарының 46,8% немесе 210,4 млрд теңгесі әлеуметтік салаға тиесілі.
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық және инжнерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға – 107,7 млрд теңге, көлiк және коммуникацияға 31,7 млрд теңге бағытталды.
Қала мектептерінің «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» және тағы басқа интернет платформаларында 205 222 оқушы қашықтан білім алды.
Қашықтан оқыту үшін мектептерге 10 975 жаңа компьютер сатып алуға 2,2 млрд теңге қаралды. Интернет сапасын арттыру әрекетімен «Қазтелеком» ЖШС зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен бірге «Bilimland» цифрлық білім беру платформасына өту кезеңінде дайын онлайн видеосабақтар, онлайн үй тапсырмалары, мұғалім мен оқушы арасындағы онлайн-чат, онлайн БЖБ мен ТЖБ, 100 мыңнан астам интерактивті сабақтар мен жаттығулар, ҰБТ, ОЖСБ дайындық тестері бойынша келісім-шарттар жасалуда.
Жыл соңына дейін 5 100 орынды 9 мектеп пайдалануға беріледі, ал 4 мектептің құрылысы 2021 жылға өтпелі.
Пандемияға байланысты алдын ала жоспарланған республикалық және халықаралық деңгейдегі 34 ауқымды әлеуметтік-мәдени іс-шараның жетеуі жыл соңына дейін онлайн форматта ұйымдастырылады.
Қала спортшылары жыл басынан бері ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпионаттары мен кубоктарында 2 күміс, 3 қола медальға қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 қола медальге ие болды. Бұл да болса үлкен жетістік.
Үшінші мегаполисте биылғы қаңтар-наурыз айларында қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294,4 мың адамға жетті немесе халықтың 28,6 пайызын құрайды. Төтенше жағдай енгізілгелі 31 спорт мекемесі қашықтан оқыту форматына көшті.
Коммуналды шаруашылық саласы бойынша да көптеген игі іс атқарылды. Мәселен осы күнде 19 ауызсу нысанының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 13-нің құрылысы аяқталып, нәтижесінде тұрғындарды сумен қамту деңгейі 94,7-ден 95,3 пайызға артады. Сондай-ақ 11 кәріз жүйесі тартылды, ал жыл аяғына қарай 1 магистральды коллектор пайдалануға беріледі. Ал құрылысы жүріп жатқан табиғи газбен қамту нысандарының саны – қала бойынша жетеу. Биыл магистральды газ құбырының біреуі ел игілігіне тапсырылады. Соның нәтижесінде қалада табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 92,1 пайызға артады. Бұдан өзге 13 электр қуаты нысанының ішінде тоғызының құрылысы жыл біткенше аяқталып, пайдалануға беріледі.

Слам НҰРМАҒАНБЕТҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті журналисі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.