Тамызда қымбаттамайды, қыркүйекте...

Среда, 06 Август 2014 09:18 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4747 раз

Бензин мен дизельдік отынның бағасы қымбаттайды деген қауесет ай соңында жиі айтыла бастаған болатын. Тіпті, кей жанармай құю бекеттерінде босату көлемі шектелді. Жұрттың қуанышына қарай тамызда елімізде бензин мен дизельдік отынның бағасы еш өзгеріссіз қалатыны мәлім болды. 

    Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. «Көп әңгіме болып жүрген баға мәселесіне келсек, 1 тамызда елімізде бензин мен дизельдік отын бағасы көтерілмейді, айдың аяғына дейін сол қалпында тұрады деп ойлаймыз. Жалпы, жанар-жағармай бағасына қатысты талқылаулар ай сайын орын алып тұрады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бензин бағасын талқылау басталған, ол жалғасып келеді әрі ведомствоаралық комиссия отырыстарында, біздің министрлікте де, басқа мәжілістерде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Үкіметте де осы мәселелер айтылады.  Яғни, бензин мәселесі талқылануы оның бағасы көтерілуі мүмкін деген сөзді білдірмейді», - деді Ұ. Қарабалин. Сондай-ақ, министр бүгінгі күні Қазақстандағы бензин бағасы еліміз шекараласатын мемлекеттер Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстанға қарағанда төмен екенін атап өтті.

Последнее изменение Четверг, 07 Август 2014 04:13
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.