Халықаралық дәлiз жолы келер жылы аяқталады

Пятница, 15 Август 2014 05:36 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3895 раз

Жыл соңына дейін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің тағы 157 шақырымы пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1345 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүруде.
Еліміздің бес өңірін қамтыған «Ғасыр құрылысына» бүгінде 35 мыңнан астам еңбек етуде. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша Ақтөбе облысында жұмыстар аяқталды. Ал, биыл Шымкент-Ташкент учаскесінде жұмыстар қолға алынуда. Айта кетейік, құрылысты дүниежүзілік банк қаржыландыруда. Жамбыл облысы бойынша Шымкент пен Тараз арасындағы дәліз жол салынып жатыр. 2010-2013 жылдары халықаралық дәліздің 1727 шақырымында құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылған болатын. Жалпы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Оның 2452 шақырымы қайта салынуда. Халықаралық көлік дәлізі 2015 жылы салынып бітеді деп жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.