Су қымбаттай ма?

Пятница, 19 Сентябрь 2014 08:48 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5132 раз

Шымкентте енді судың да бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы тұрғындармен кездескен “Су арнасы-Маркетинг” ЖШС басшылығы мәлімдеді. Бағаны көтеруге жыл басында теңгенің құнсыздануы салдарынан су құрылғыларының қымбаттауы себеп болған.

Шымкент халқын ауызсумен қамтып, кәріз жүйесінің жұмысын реттеп отырған мекеменің басшысы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, келешекте қолға алынатын іс-шаралармен бөлісті. Қоғамдық тыңдауға дайындаған баяндамасының соңында маман ұсынып отырған тарифке тоқталды.
Естеріңізге сала кетсек, жеке тұлғалар үшін судың бағасы жылдың басында 10 пайызға көтерілген болатын. Келесі жылдан бастап 3 текше метрге дейін суды пайдалану, яғни, әр адамға 40 теңге 13 тиын деп белгіленген тариф қолданыстан шығарылады. Егер су таратушылар ұсынып отырған баға қараша айында бектілсе, 2015 жылы су бағасы 14,3 пайызға көтеріліп, тіршілік нәрінің бір текше метрін 53 теңге 48 тиынға сатып алатын боламыз. Ал 2016 жылдан бастап 2019 жыл аралығында тарифтің өсімі 12 пайызды құрайды. Дегенмен, бұл әзірге тек жоба ғана.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.