120 бизнес жобаға қолдау көрсетiлмек

Пятница, 07 Ноябрь 2014 03:51 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5095 раз

Облыс аумағында таяу болашақта жаңа өндіріс ошақтары – зауыттар мен фабрикалардың көкжиегі кеңеймек. Бұл туралы Шымкентте өткен кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдары және қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында мәлім болды.

32311cf2f4874ff0a651cd27eef0780fОҚО Кәсіпкерлер палатасы қызметтерінің бірі – аймақтағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Жиында өңірдегі бизнесті дамыту мақсатында Кәсіпкерлер палатасында 2015-2017 жылдарда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың таныстыру рәсімі банктер мен қаржы институттарына ұсынылды.
– Бизнес жобаларына қатысты құжаттар мен ұсыныстарымызды банк өкілдеріне таныстырдым, – дейді кәсіпкер Адырбек Мұсабай. – Дегенмен, бизнесті бастамас бұрын кепілдікке қойылатын мүлік мәселесі туындайды. Мысалы, бой көтеретін зауыттың өзі 3 миллион еуро болса, оған тиесілі кепілдік құны 4 млн. еуроны құрайды. Мұндай қаражатты табуға шындығында қарапайым кәсіпкердің мүмкіндігі жоқ.
Жиында белгілі болғандай, аталған рәсімде Кәсіпкерлер палатасының ұсынған жобаларын жергілікті атқарушы органдар мен қаржы институттары арасында қаржымен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды. Банктер бұл орайда кәсіпкерлердің жобаларын бағалап, олар үшін 7 жылға дейін 1 миллиард теңге (жылына 14%) қаржы беруге ықылас танытып отыр.
– Бұған дейін біздің облыста екінші деңгейлі банктердің қызметі ұсынылған жоқ. Енді бұл жобамыз тұрақты түрде назарға алынып, кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатпақпыз, – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Нұрлан Қабыштаев.
Еске сала кетейік, алдағы кезеңде өңірімізде жалпы 120 бизнес жобаға қолдау көрсетілмек, Оған 60 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалу жоспарланып отыр.

Последнее изменение Понедельник, 10 Ноябрь 2014 05:28
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.