ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Үкімет басшысы өңірдегі өнеркәсіптік, тарихи-мәдени нысандарды аралап, маңызды мәселелерді талқылау үшін қоғам өкілдерімен кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Премьер-Министр іссапарын алдымен Шымкент халықаралық әуежайының, темір жол вокзалының және автовокзалының қауіпсіздік жүйесімен танысудан бастады. «Шымкент әуежайы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы М. Шыныбаевтың айтуынша, Ақтөбедегі оқиғадан кейін Шымкент әуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларына көшкен. Күнделікті жолаушылар ағыны 1 мыңнан астам адамға жетіп отыр. Олардың бәрі аэровокзал ғимаратының кіре берісіндегі қосымша тексеріс орнынан өтеді.

Сонымен қатар, «Вокзал Қызмет» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Е.Шынтеков және «Самал» халықаралық автовокзалының директоры А.Шалабаев теміржол мен автовокзалдарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы туралы мәліметтерден құлағдар етті. 

Одан әрі Премьер-министрдің сапары Түркістанда жалғасты. Үкімет басшысы «Әзiрет Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайының тыныс-тiршiлiгiмен танысып, зиялы қауым өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Жиында негізінен үш мәселе – туризмдi дамыту, тұрғындарды қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз ету және қаланы газдандыру мәселелері талқыланды.

Соңғы жылдары облыста агроөнеркәсіп кешенінің барлық бағыттары бойынша тұрақты өсу байқалып отыр. Премьер-Министрмен кездесуде аграрлық сектор өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және сақтауға, сондай-ақ көлік тарифтеріне қатысты мәселелерді көтерді. Ауыл шаруашылығын өңдеушілер сапалы шикізат тапшылығының кесірінен аймақтағы көптеген кәсіп-орындар толық қуаттылықта жұмыс істей алмай отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б. Атамқұловтың мәліметінше, қазіргі уақытта Шымкентте халықаралық стандарттар бойынша көлік-логистикалық орталық құрылысы бойынша жоба әзірленуде. 

– Бүгінде аталған бағдарламаның тиімділігіне ауыл xалқы көз жеткізе бастады. Мәселен, соңғы үш жылда 10 мыңға жуық жоба іске асқан. Атап айтқанда, осы мерзім ішінде өңірімізде 8102 шағын мал бордақылау алаңы, 1768 шағын отбасылық сүт фермасы, 104 сүт қабылдау бекеті, сонымен бірге, 25 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Аталған жобалардың жүзеге асуына 12,2 млрд теңге бағытталған, – деді облыс әкімі Б.Атамқұлов. 

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не болды. «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру» жобасы 2011 жылы басталған, 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда. 

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың үкіметтік бағдарламасына енген ауқымды жобаны жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрге кәсіпорын президенті Ц.Ши мен бірінші вице-президенті А. Тұрысбеков баяндады. 2016 жылдың қаңтар-мамырында ШМӨЗ өндірген өнім көлемі 22 млрд теңгеден асыпты. АӨК өкілдерімен кездесулердің нәтижесін қорытындылай келе, Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары аграрлық әлеуетін атап өтті. Өңдеу кәсіпорындарының проблемаларын шешу үшін Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге кәсіпорындардың ұсыныстарын жинап, Үкіметке қарауға енгізуді тапсырды.

Опубликовано в Саясат
Среда, 10 Август 2016 06:07

Әріптестік арта түспек

Оңтүстікқазақстандық делегацияның Аустрияға іссапары аясында Каринтия федералды аймағы Үкіметінің басшысы Питер Кайзер ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Тараптар негізінен баламалы энергия көздері және туризм салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

13613256 1747712132153067 6240762188691327122 o

Бұл ретте, Каринтия Үкіметінің үлкен жоспарын айта кеткен жөн. Мәселен, аймақ басшылары 2035 жылға дейін дәстүрлі энергия көздерінен бас тартып, толық «жасыл» энергия көздеріне өтуді көздеуде.

Бас қосу соңында тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Питер Кайзер мырзаға екі-жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум түзуге ниетті екенін жеткізсе, Каринтия басшысы, өз кезегінде, аталған құжаттың тиісті заңнамалық процедураларын жақын арада өткізіп, бекітуге жіберетініне сөз берді. Сондай-ақ, П.Кайзер мырза ОҚО әкімі Б.Атамқұловты Фельден қаласында 29 қыркүйекте өтетін Халық-аралық экономикалық форумның құрметті қонағы болуға шақырды. 

Естеріңізге сала кетсек, ОҚО делегациясының Аустрияға іссапары осы жылдың 1 тамызында басталды. Осы уақыт аралығында, делегация Каринтия және Штирия федеральды аймақтарының өнеркәсіп, туризм және әлеуметтік нысандарын аралады. Сонымен қатар, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктерін дамыту мақсатында аталған өңірлердің әлеуетті инвесторлары және саяси белсенділерімен кездесті.

Бұдан бөлек, Аустрияда «Оңтүстік» көркем сурет көрмесі өткізілді. Сондай-ақ, «Villacherkirchtag» фестивалі шеңберінде ОҚО өнер майталмандары аустриялық көрермен назарына қазақтың мәдени құндылықтарын паш етуде.

Опубликовано в Саясат

Достық, бірлік, татулық қай кезде де керек. Еліміз түрлі қоғамдық мәселелермен бетпе-бет келіп отырғандықтан, ынтымақ-бірліктің маңызы да арта бермек. Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде өңір тұрғындарымен кездескен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов осылай деді. Халық қалаулысы облыстың аудан-қалаларын аралап, халықтың талап-тілегін тыңдап жүр.

13920676 1634549566873514 7543869074298275521 n

Іс-сапардың мақсаты – Елбасы Жолдауының орындалу барысы туралы нақты мәліметтерден құлағдар ету, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың маңызын түсіндіру. Ашық сұхбат түрінде өрбіген жиында индустриаландыруға бет бұру, жаһандану, жастар тәрбиесі сынды мәселелер сөз болды.
Облыс әкімі аппараты ассам-блея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жетекшілік еткен жиынға облыстық ассамблея хатшылығы, ОҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

13895589 1634549570206847 1792948211227021590 n

ҚР Парламент Мәжілісіне ҚХА арқылы сайланған депутат алдымен этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарды жүзеге асыру мәселелерін баяндады.
– Экономикалық саясатта жасалған шаралардың бірі – индустриаландыру. Қазіргі күннің өзінде бес институционалық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 23 пайызы орындалды. Ондағы 100 қадам толық іске асқанда даму да қарқын алады. Біз шикізатқа тәуелділіктен құтылуымыз керек. Мұнайы мен газы жоқ ел сияқты өмір сүруді үйренсек. Елбасы да мұны әрдайым айтып келеді. Бірақ оған әлі де көше қойған жоқпыз, – деді С. Абдрахманов.
Сондай-ақ, жиын барысында діни алауыздықтардың пайда болуы, жастар тәрбиесі сынды мәселелер де ортаға салынды. Рас, қазіргі жағдайда бүкіл әлемде қиын жағдай қалыптасып отыр. Бұл тұрғыда депутат жаһандануға бейімделу керектігін айтты. Ендігі міндет – жаһанданудың тетігін, амалын, мерзімін табу қажет.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Опубликовано в Саясат
Среда, 03 Август 2016 04:39

Саяхаттауды насихаттамақ

Қазақстандағы Франция елшілігінің және Француз Альянсының шақыруымен танымал мүсінші, суретші және дизайнер Ламин Шымкентке келді. Франциялық өнер майталманы қазақ халқының бай мәдениеті мен өмір салты, тұрмыс-жағдайымен танысты.

  

Шырайлы Шымкент қаласына жасаған сапары барысында өнер майталманын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қабылдады. Екі жақты пікірлесу барысында француз суретшісі «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін отандастарын шырайлы Шымкент қаласына саяхаттап келуге үгіттейтіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Ламин Қазақстанға жасаған сапарынан айрықша әсер алғанын айтты. Және 100-ден астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан бейбіт даму жолындағы ел ретінде өзгелерге үлгі болып отырғанын жеткізді.

Опубликовано в Қала
Среда, 13 Июль 2016 04:52

Ұлт жоспарын талқылады

Шымкентке ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко келді. Ол іссапар барысында облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім КММ-де этнобірлестіктердің төрағаларымен кездесті.

 DSC4552

Жиын барысында В. Божко «Мәңгілік Ел», «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының маңызын түсіндірді. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы орынбасарымен басқосу орыс драма театрында және өзбек драма театрларында жалғасты. Түс ауа Халық қалаулысы Түлкібас ауданындағы «Түлкібас жолдары» ЖШС, «Кентау» ЖШС және «Көктал» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Владимир Божко жұмыс сапары соңында бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінде сала қызметкерлерімен бас қосып, талап-пікірлеріне құлақ түреді.

Опубликовано в Саясат
Среда, 13 Июль 2016 04:35

Тұрғындардың уәжiн тыңдады

Халық қалаулылары өңірлерді аралап жүр. Республикалық бағдарламалардың мән-маңызын түсіндіру, халықтың тұрмыс тіршілігімен танысу үшін ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Шымкент қалалық әкімдігінде жерлестерімен жүздесті.

DSC 0361

Кездесуге қала бөлімі басшылары, мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сенатор әуелі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын баяндады. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың тетіктеріне тоқталды.
Әли Әбдікәрімұлы бұған дейін Созақ ауданында, Кентау қаласында халықпен кездескен. Әрі қарай Төле би ауданы тұрғындарының уәжін тыңдауды жоспарлап отыр.

Опубликовано в Саясат

Индустрияландыру бағдарламасы аясында бүгінгі таңда барлық аудан, қалаларда индустриялық аймақтар құрылуда. Осы орайда Оңтүстіктегі индустриялық аймақтардың бірі – Тассай индустриялық аймағының тыныс-тіршілігімен еліміздің бір топ Мәжіліс депутаттары – Берік Оспанов, Уәлихан Қайназаров, Ержан Құдайберген және тағы басқа депутаттар танысты.

Халық қалаулылары индустриялық аймақта іске асырылып жатқан «Мега Смарт» ЖШС-ның жылтыр МДФ плиталарын өндіретін зауытының құрылыс барысын көріп шықты.

deputaty

Жалпы, индустриялық аймақ құрылысына ұлттық қордан 1,0 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аймақта жалпы құны 18,7 млрд теңгеге 18 жоба іске асып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуда. Яғни, бюджеттік 1 теңгеге 18,7 теңге жеке инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, мұнда жыл соңына дейін 5 жобаның іске қосылуы күтілуде. Онда 200-ден астам жұмыс орындары құрылатын болады. Аймаққа инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сапар барысында депутаттар Оңтүстікте атқарылып жатқан игі шараларға оң бағасын берді.

Опубликовано в Саясат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО-ға жұмыс сапарымен келдi

Сапар аясында Елбасы бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Әуелі облыс орталығы Шымкенттегі «Azala Тextile» ЖШС толық циклды өндіріс тоқыма кешеніне барды. Ашылғанына жарты жылдай уақыт өтсе де, мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосып отырған фабрика жұмысына Президент оң бағасын берді.


DSC 0463

– Ел аумағында өндірілетін мақтаның жалпы көлемі екі жүз мың тоннаны құрайды. Өз кезегінде, аталмыш өндіріс Қазақстанның мақта кластерін дамытуға қосымша стимул болуда. Мұнда тек өзімізде өскен мақта әкелінеді, өңделеді, жіп иіріледі, ол түрлі түске боялып, одан мата дайындалады. Бұл қызметтің барлығын атқаратын техника да заманауи үлгіде. Швейцария, Германия, Австрия, Италия елдерінен жеткізілген, – деп атап өтті ҚР Президенті.
«Azala Тextile» Индустрияландыру картасына 2013 жылы Қазақстан инновациялық даму индустрияландыруды мемлекеттік қолдаудың қорына енгізілген. Жалпы экспорт көлемі жағынан алыс-жақын шетелдерге нарыққа шығады. Зауыт басшылығы Қорғаныс министрлігімен алдағы 5 жылға келісім жасап, әскери киімдер тігуге тапсырыс алған. Қазір өндірісте 500-ге жуық адам жұмыс істейді.

– Мұнан бұрын барлық мата өнімдері шетелден келетін. Енді барлығын өзімізде, осында дайындаймыз. Қажетті шикізат – мақтаның да көлемі жеткілікті. Мемлекет әрқашан кәсіпорындар қызметін жандандыруды қолдайды. Әлемдік кеңістікте алып кәсіпорындардың өзі бәсекелестікке төтеп бере алмай, жұмысын тоқтатуда. Сол себептен де, еліміз үшін маңызды орта кәсіпорындарға қолдау білдіріп, қызметін дамытуға күш салатын боламыз, – деп атап өтті Елбасы.

DSC 0526 copy

Мұнан кейін Мемлекет басшысы «Химфарм» АҚ-да болып, кәсіпорынның жаңа цехының жұмысымен және өндіретін өнімдерімен танысты.
Оңтүстік Қазақстан облысында фармацевтикалық кластер құру туралы бастаманы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған. Бүгінде елімізде өндіріліп жатқан препараттардың жартысына жуығы оңтүстік өңірінің үлесінде. Жылына мұнда жалпы сомасы 16,5 миллиард теңге тұратын таблеткалар мен капсулалар шығады. Дәрі-дәрмектің 200-ден астам түрін өндіреді.

Мемлекет басшысы еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, цехтың ашылуымен құттықтады және оның табысты дамуына, бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына тілектестігін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде дәрілік препараттар нарығы перспективалы бағыттардың бірі болып отырғанын, сондықтан отандық фармацевтика саласының көшбасшысы ретінде кәсіпорын мен қала үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты. Өз кезегінде, цех қызметкерлері Қазақстан Президентіне осы салаға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс сезімін жеткізді.

DSC 0464

Айта кетейік, «Химфарм» АҚ жобасы жалпы құны 14 миллиард теңге болатын 4 кезеңнен тұрады. Бүгінде құны 5,8 миллиард теңге болатын бірінші кезеңі жүзеге асырылған. Жоба 350 миллион ампула инъекциялық ерітінді, 4 миллион пакет инфузионды ерітінді, 40 миллион флакон антибиотик және 1 миллиард таблетка шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын елдің жалпы дәрі-дәрмек нарығының 5 пайыздан астамын қамтиды және дәрілік заттардың ішкі өндірісінің 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.

Бүгінде «Химфарм» АҚ – ел аумағындағы ең ірі фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. Мұнда тұмауға ем болатын мукалтиннен бастап, ауыр ауруға шалдыққан кезде тағайындалатын дәрі-дәрмектерге дейін шығарылады. Кәсіпорын бүгінде халықаралық GNP лицензиясын алып, еуроапалық фармацевтикалық компаниялармен бәсекелесетіндей, қиын оталарда қолданатын сұйықтықтар шығару ісін де қолға алып отыр.
Бүгінгі таңда кәсіпорын өнімдері Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдеріне экспортталады. Өткен жылы кәсіпорын жалпы құны 1,3 миллиард теңгеден астам қаржы болатын дәрі-дәрмекті экспорттапты. Ендігі жоспар – Еуропа нарығына кеңінен жол тарту болып табылады. Осы бағытта Елбасы өңір кәсіпкерлерін ұстанған бағыттан тайынбай, еңбек етуге шақырып, жемісті қызметіне сәттілік тіледі.

Опубликовано в Саясат
Страница 5 из 5