Халық қаһарманына құрмет

Среда, 10 Ноябрь 2021 04:20

Кеңес одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, №1 армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың атымен аталатын Шымкент қаласындағы №72 жалпы орта білім беретін мектепте батырдың ескерткіш тақтайшасы ашылды.

321

Халықты жыл он екі ай балғын көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында елімізде оның ішінде, Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығын дамыту қолға алынған. Оның бір дәлелі, жылыжай кешендерінің көлемі үшінші мегаполисте жылдан-жылға артып келеді. 2018 жылы ол 156,5 гектарды құраса, биыл 204 гектарға ұлғайды. Жылыжай шаруашылығына төленетін инвестициялық субсидия көлемі де Шымкент республикалық мәні бар қала мәртебесін алғалы біршама өскен.

301

Жыр алыбын ұлықтаған кеш

Пятница, 05 Ноябрь 2021 04:59

Жуырда қаламызда Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің және қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Қаратау мен Сырдың елі, дәстүрменен жырдың кені» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы дәстүрлі әншілерінің концерті өтті.

300

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен «Көрме» орталығында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Жиынды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жүргізіп отырды. Кезекті комиссия отырысы мен марапаттау іс-шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы және халықаралық Еңбек күні мерекесіне орай ұйымдастырылған.

210

Мемлекет басшысы Қасым-   Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының 143 тармағына сәйкес, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына мүлік иелерінің білестіктерін немесе жай серіктестікті енгізу жөнінде реформа қабылданды. Соның негізінде көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және  жай серіктестік (ЖС) құру бойынша жол картасы және медиа жоспар бекітіліп, тұрақты жұмыстар қолға алынды.

203

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты биыл жарияланған Жолдауын насихаттау мақсатында университет студенттерімен жиын өтті. Басқосуға ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева және университеттің бірінші проректоры Баршагүл Исабек қатысып, студенттерге Жолдауда айтылған маңызды тұстарды баяндап берді.

130

Егемендігімізді алып еңселі ел болғалы бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында бүгінге дейін толағай табыстарға ие болдық. Спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды дайындау саласын арттыру алдымыздағы басты міндетке айналды. Осы орайда үшінші мегаполисте түрлі спорт кешендері бой көтеріп, ұлт денсаулығының келешегі үшін түрлі жарыстар ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мәртебесі күн санап өсіп келеді.

125

Шымкенттік ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Сейдахметов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында соңғы он жылда өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түскен деген сөзіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл ақшалай табыстың асып түскенін білдірмейді. Мұнда мәселе даму қарқыны жайлы болып тұр. Мәселен, тау-кен өндірісінде 10 млрд доллар пайда алынса, өңдеу өнеркәсібінде бұл сома анағұрлым аздау болуы мүмкін. Бірақ, табысты еселеуге ұмтылыс жағынан өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары. Дегенмен, маманның пікірінше, бүгінгі экономикалық жағдайда дайын тауарлар өндірісі шикізат табысынан асып түседі деу әлі тым ерте.

108

Страница 13 из 29