Улы газ!!!
Среда, 27 Март 2024 07:39Қазіргі таңда улы газбен улану факторлары жиі орын алу да. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды.
Улы газбен улану көп жағдайда көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет.
Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіледі. Концентрациясы 1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.
Улы газбен уланудың алдын алу шараларын атап өтетін болсақ:
1.жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмау;
2.пештің сыртына шығатын отынды пайдаланбау;
3.үйде өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін уақытша қолөнер және металл пештерін өз бетінше орнатуға тыйым салынады; 4.Көмірді көп мөлшерде жақпау;
5.Түтіндік және сорғыш құбырларының жұмыс жағдайын әрдайым тексеріп отыру;
6.Газ қондырғыларын орнататын кезде міндетті түрде мамандардың көмегіне жүгіну.
Қаратау ауданы Төтенше
жағдайлар басқармасының
аға инженері азаматтық қорғау
аға лейтенанты Д.Айтмұратов
Сыбайлас жемқорлық!
Среда, 27 Март 2024 07:37Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.
Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы Сыбайлас жемқорлыққа келесі анықтама береді-бұл "...мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңда көзделмеген қабылдауы не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы.
Қаратау ауданы Төтенше
жағдайлар басқармасының
бас маманы азаматтық қорғау
подполковнигі Е.Бақторазов
Өрт қауіпсіздік ережелері
Среда, 27 Март 2024 07:36Өртқауiпсiздiгiнқамтамасызетуадамдардыңөмiрi менденсаулығын, меншiктi, ұлттықбайлықпенқоршағанортанықорғаужөнiндегi мемлекеттiкқызметтiңажырамасбөлiгi болыптабылады. Өрт - адамдардыңөміріменденсаулығына, қоғамменмемлекеттіңмүдделерінезиян, материалдықзалалкелтіретінбақылаусыз-жану;
Өртболғанжағдайда, 101 нөмірінехабарласып, өртшыққанмекен-жайды, неніңқалайжаныпжатқанынайтыңыз. Өзіңіздіңатыңызбеннөміріңіздідеберіңіз. Олөртсөндірушілердікүтіпалып, өртошағынажеделапаруғакерек. Өртшыққанаумақтанөтуүшінсинтетикалықкиімдердішешіп, орнынажүннемесемақтадантігілгенкиімкиюкерек. Киімдердісулап, басыңызғаішік, жейде, орамалсындықалыңдымқылжамылғыжабыңыз. Дәлосылаймұрныңызбенауызыңыздыдажабукерек. Олтүтінненуланыпқалудыңалдыналады; Өрттіңалдыналуүшінкелесіміндеттермелердіұйымдастыруыныңызкерек! Өртбойыншабілімдерініңіздідамытыныңызжәнедебалаларыныңыздыөртбойыншатүсінікберініңіз!
Өрттіөзкүшіменсөндірукөпжағдайларданәтижесізболадыдауақыттыжоғалтуғасебепболадыжәнеолөрттіңедәуірөршіптаралуынаәкеліпсоғады. Өрт шыққан кезде дереу,тез арада «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек. Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды.
Қаратау ауданы Төтенше
жағдайлар басқармасының
инженері азаматтық қорғау
лейтенанты Ә.Темірбай
Улы газдан сақ болыңыздар
Среда, 27 Март 2024 06:58
Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.
Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес. Ең көп тараған көздері — бұл газ және май пештері, ағаш пеші, газ құралдары, бассейндердегі жылыту құралдары және қозғалтқыштар, жанып біткен газ шығарушы құбыр. Пештегі жарықтар, мұржалардың толып қалуы, бітеліп қалған құбырлар – бұлар улы газдың тұрғын үйлерге, бөлмелерге тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның жеткіліксіздігінен де үй ішіне улы газ жиналып қалуы мүмкін. Үйдегі бөлмелердің тар болуынан ауа алмасуы нашар болады да, улы газбен улану қаупі күшейе түседі.
Қауіпсіздік шараларын сақтау барлығымызға белгілі, бірақ қала аумағында улы газдан улану фактілері толастамауда.
Улы газдан улану фактілері көбінесе көмір немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан орын алуда.
Сондықтан бәрімізге мәлім қарапайым қағидаларды қатаң сақтауымыз қажет. Ол үшін:
— жұмыс істейтін пешті қараусыз қалдырмау;
— пеш қалауларындағы түтін мұржасын уақытылы тазалату;
— ешқашан, тіпті, есіктері ашық болса да, қозғалтқышы қосулы машинаны гаражда қалдырмаңыз;
— ағаш көмірді үйде, палаткада, машинада немесе гаражда ешқашан жақпаңыз;
— генераторды далада қосқан күнде де оның ашық терезе мен есіктің қасында тұрмағанына көз жеткізіңіз;
— құрылғыларды өздеріңіз жөндеуге тырыспай, олқылық байқалған жағдайда білікті маманға жүгіну;
— Ғимараттың газ жабдығы тұратын жерінде таза ауа кіріп тұратындай етіп терезені ашу немесе желдеткіш каналының болуын қадағалау қажет.
Осы іс-шара барысында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін арнайы даярланған агитациялық парақшалары таратылып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Б. Әбілқасым
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Среда, 27 Март 2024 06:54Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние– байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Шымкент қалас Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты басқармасының өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекция тобының бас маманы азамттық қорғау майор Н. Сейдуллаев
Тауар сатып алу туралы шарт жасаудан бас тартуға бола ма?
Среда, 27 Март 2024 05:55ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасауға құқығы бар. Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды және қызметтерді) иеленуге шарт жасауға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Осыған орай Сіздің тауар сатып алу туралы шарт жасаудан бас тартыға құқығыңыз бар.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы Д.Сейтаев
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтары (одақтары) қоғамдық бақылауды қалай жүзеге асырады?
Среда, 27 Март 2024 05:54ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-бабының 1-1-тармағына сәйкес, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың алдын алу және бұл туралы халықты хабардар ету мақсатында қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтары (одақтары):
1 Тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына бару;
2 Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына барған кезде жаалатын әрекеттердің фото, аудио, бейне тіркелуін қолдану;
3 Сатушының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу шартымен, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарында өткізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Алдаберген
E-tutynushy.kz платформасы қалай жұмыс істейді.
Среда, 27 Март 2024 05:53Цифырлық жүйе, шағымды қай мекемеге жөнелту қажет екенін автоматты түрде анықтайды. Сондай-ақ, шағымды кәсіпкер де көреді. Ол мәселені 10 күн ішінде өз бетінше шеше алады, яғни тұтынушының заңды талаптарын қанағаттандыра алады. Бұл үшін әрбір сауда субъектісіне QR-код түріндегі бірегей сәйкестендіргіш біртіндеп беріледі. Ол сауда орындарындағы көрінетін жерде орналастырылады.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Алдаберген