КОММЮНИКЕ – әріптестік бітім

Среда, 06 Ноябрь 2019 04:13

 DSC3092

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесіп, «Қазақстан этностары: еліміздің тарихи-мәдени дамуына қосқан үлестері» тақырыбында өңірлік сұхбат алаңын ұйымдастырды.

Жиында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының жетекшісі Ханкелді
Әбжанов бастап келген 22 сарапшы қатысып, ғылыми баяндамаларын оқыды. Көптеген тың ғылыми жаңалықтар айтылды.
– Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері интеллигенциясы мемлекеттік басқару корпусында көбірек қызмет атқарады. Мемлекеттік басқарудағы қазақтардың үлесі 70%-дан асар-аспас болса, орыстар – 20%, белорустар – 2,3%, украиндықтар – 1,4%, татарлар – 1,2%, өзбек пен ұйғырлар – 0,7%, немістер – 0,7%, кәрістер – 0,5%-ды құрайды. Олардың қатарында әзірбайжандар, күрділер, тәжіктер, поляктар, қырғыздар, түріктер мен дұнғандар, т.б. бар. Қазақстанда үш мыңжылдан бері қарай келе жатқан өзге этникалық интеллигенция Ұлы дала жері мен елінің интеллектуалды бәсекеге қабілеттілігіне айрықша ықпал етіп келеді. Біздің күшіміз бірлік пен татулықта, – деп Хангелді Махмудұлы өзге ұлт өкілдерінің қаймақтарының қазақ халқына сіңірген еңбегіне тоқталып өтті.
Ал ОҚМУ ректоры Дария
Қожамжарова халқымыздың тарихта өткерген қиындықтарын тілге тиек етіп, бүгінгі күн тұрғысынан өзіндік көзқарасын білдірді.
– Мың өліп, мың тірілген қазақ халқына қай этностың болмасын өкілі бас иеді. Себебі, халқымыз өзінің даму тарихында нешеме нәубеттерді бастан кешіп, тарихи аренада ұлт болып қалыптасудың тағдырлы дәуірін өткерді. Ашаршылық пен одан кейінгі нәубеттерде 10 қазақтың 7-еуі көмусіз қалды, – деді ректор.
Дария Пернешқызы бұл жиынның мақсаты бір ұлтты жоғары, екіншісін төмен көрсету емес, әртүрлі ұлттық менталитет пен сан алуан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың квинтэссенциясына айналған Қазақстан халқының бірлігі қалыптасқан жағдай екендігін айтты. «Қазір дүниежүзінде 250-ден астам үлкенді-кішілі мемлекеттер бар. Олардың бір-бірін жұтып жіберу қаупі жоғары екен.
Қазақстан мемлекеті тіл туралы саясатын дұрыс ұстанбаса тарих аренасынан жоғалуы мүмкін деген шетелдік ғалымдардың болжамы да жоқ емес. Сондықтан біз ділімізге, тілімізге, тарихымызға мұқият болуға тиіспіз», – деді Дария
Пернешқызы.
«Ашаршылық кезеңдерінде бізбен бір нанды бөлісіп жеген, департацияланған өзге ұлт өкілдерінің елдеріне бара қалсаңыз, әрқашан құшағын айқара ашып қарсы алады. Осыдан-ақ біздің ұлтымыздың кеңқолтық пейілі аңғарылып тұр», - дейді Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Ләззат Динашева.
Жиын соңында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бірлескен коммюнике қабылдады. Ол дегеніміз, бүгінгі жаһандану кезеңінде
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларына дер кезінде үн қатқан екіжақты әріптестік.
Алдағы уақытта өзара әріптестік нәтижесінде оңтүстік өңірінде білім алып жатқан өскелең жас ұрпақтың санасына рухани құндылықтарды сіңіре түсу ісі толыққанды жүргізілмек. Қазақстан халқы мен оның этностарын зерттеуге байланысты бірлескен жобалар жүзеге асырылмақ.

Өнер өрмек тоқытады

Среда, 30 Октябрь 2019 04:58

Қазақта «Тозатыныңды тоздырмайтынға, жоғалатыныңды жоғалтпайтынға бер» деген сөз бар. Көрме орталығында  сол жоғалатынды жоғалтпайтындарға беріп кететін «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық!» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өткен еді.

214

Катяның қояндары

Среда, 30 Октябрь 2019 04:46

Мен оны жолықтырғанда жерден жеті қоян тапқандай қуандым. Себебі, жанары жарқылдаған, өзі аңқылдаған ол, расында ерекше кейіпкер. Айналысып отырған кәсібі де ешкімдікіне ұқсамайды. Қоян! Иә, сүп-сүйкімді, топ-томпақ, ұзын құлақ қоянды, оның ақ үрпек ақ көжегін кім жақсы көрмейді дейсіз?.. Мен Катяның қояндарына да, өзіне де бір көргеннен ғашық боп қалғанымды жасырмаймын.

210

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Пятница, 25 Октябрь 2019 04:35

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Шымкентке іс-сапармен келді. Д.Нұрашұлы алдымен ҚМДБ қарасты орталық мешітке ат басын бұрып, қала имамдарының жұмысымен танысты.

606

18қазан – Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады.

510

Шымкенттегі Халықты жұмыспен қамту орталығы cыртынан қараған адамға құжынаған құмырсқаның илеуіндей көрінері хақ. Кезекке тұрған адамның қарасында шек жоқ. Бәрі де сол атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін сабылып жүр. Бұл қазіргі күннің «күйіп» тұрған тақырыбына айналды.

329

«Таза қала» – бәріміз үшін мәртебе

Пятница, 11 Октябрь 2019 04:44

Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат еткен дәстүрлі «Таза қала» акциясы биыл да жалғасын таппақ.

508

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Asia trafo» зауытының жұмысшыларымен кездесіп, маңызды құжат жүктеген мәселелерді талқылады. Бұл жолғы жүздесу сағаттап кабинетте отырмай, уақытты тиімді пайдалану мақсатында еркін форматта өтті.

506

Страница 2 из 24