Инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі жүргізіледі

Пятница, 13 Март 2015 10:50 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 4728 раз

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары жөнінде 2015 жылдың қаңтар айында аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде қойылған сұрақтарға
ЖАУАПТАР

1. Мырзабай Елемесов, «Ақжар» тұрғын алабы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Сұрақ: – 2007 жылы ауыл ішінен жүргізілген ауыз су жүйесін ретке келтіруге ықпал жасап, орталық ауыз суға тездетіп қосып берсеңіздер.
Жауап: – Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, Ақжар ауылы Төлеби ауданынан қала аумағына қосылған болатын. Аталған ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Төлеби ауданының құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, елді мекеннің ауыз су мәселесін шешу үшін Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қосылу көзімен қамтамасыз ету, Төлеби ауданы әкімдігіне ішкі жүйедегі ақауларды қалпына келтіріп, іске қосу жүктелген болатын. Осыған байланысты, қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы ВС-2 суаққысынан Ақжар ауылына дейін ұзындығы 5 шақырым магистралдық  суаққының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Нысан мемлекеттік қабылдау комиссиясымен Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне қабылданып, су беруші мекеме «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға пайдалануға тапсырылғанын хабарлаймын.
2. Қуандық Ақжігітов, «Қазығұрт» шағынауданының тұрғыны, еңбек ардагері:
Сұрақ: – «Қазығұрт» шағынауданы аумағындағы үлкен көшелер Мақталы, Мамешов, Айшықты және төменгі класс оқушыларының қыс мезгілінде сабақтан кеш қайту бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында мектепке баратын жолдарды бірінші кезекте жарықтандыру мәселесін керек деп ойлаймын.
Жауап: – Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Қазығұрт» шағынауданы, №49 мектепке баратын Мақталы, Мамешов, Айшықты көшелері тұрғындарының өтініштері бойынша жарық шам орнату жұмыстары 2015 жылдың жұмыс жоспарына ұсыныс енгізіліп, қаралатынын хабарлаймыз.
3. Ақжар елді мекенінің тұрғындары:
Сұрақ: – Ақжар елді мекеніне ауыз су жүргізуіңізді сұранамыз.

4. Құрсай елді мекенінің тұрғындары:
Сұрақ: – Құрсай елді мекенін электр жарығымен қамтамасыз етіп берcеңіздер.
Жауап: – Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Құрсай» шағынауданы тұрғындарын сапалы және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Базис-К» ЖШС-і жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуде. 2015 жылдың 2-ші жарты жылдығында дейін жұмыс жобасын «Мемсараптама» РМК қорытындысын алу жоспарға қойылған, сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап, 2016-2017 жж. құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге тапсырыс беріледі.
5. «Қазығұрт» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – Мамешев көшесіне аяқ жол (тротуар) салып берсеңіздер.
Жауап: – Мамешов көшесіне аяқ жол салу жұмыстарына сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс беріледі. Сметалық құжаттар дайын болған соң, аяқ жол салу жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке ұсыныс енігізілетінін хабарлаймыз.
6. Абай Омар, «Қазығұрт» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ:«Қазығұрт» шағынауданында Біржан сал көшесіне тас төсеп берсеңіздер,  осы уақытқа дейін тас төселмеген.
Жауап: – Шымкент қаласы «Қазығұрт» шағынауданының Біржан сал көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленіп дайын болған соң, жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылатын болады.
Сұрақ: – №66 орта мектептің жанынан салынып жатқан балабақша құрылысы дағдарысқа байланысты тоқтап қалмаса екен.
Жауап: – Шымкент қалалық білім бөлімі «Қазығұрт» шағынауданында 330 орындық балабақша құрылысын аяқтауға 343092,5 мың теңге қаржыға сметалық құжаты дайындалған. Мердігер мекеме «Қанай» ЖШС 2014 жылы 28 млн. теңге қаржыға балабақшаның шатырын, терезелерін, демонтаж жұмыстарын жүргізді. Құрылыс бойынша нақты мәліметті тапсырысшы қалалық құрылыс бөлімінен алуға болатындығын хабарлаймыз.
7. Сұлтан Құлманов, «Самал-3» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағидаға байланысты, жол мәселесі бойынша біздің елді мекендегі Кеңес Одағының батыры Молдабаев көшесіне асфальт салу бүгінге дейін шешілмей келеді. Облыс депутаты болған, облысқа еңбегі сіңген Әбілқасым Әбдіраманов деген кісінің атындағы көшеге асфальт салынса. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай осы мәселе шешілсе, үлкен сый болар еді.
Жауап: – Ағымдағы жылы Шымкент қаласы «Қатын көпір» шағынауданы, Молдабаев көшесін қайта құру жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС-і атқарады. Құрылыс монтаж жұмыстары ауа райы қалыптасқаннан кейін наурыз айында жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Самал-3» шағынауданы, Керейхан көшесін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі қаралатын болады.
8. «Самал-3» шағынауданы, Керейхан көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – Әл-Фараби көшесінің жөндеу жұмыстары басталып, Керейхан көшесінің бойымен былтыр құм-тас тасыған, жолда жүру мүмкін емес.

Сұрақ: – №93, 3, 21 маршруттары Әл-Фараби көшесінен жүріп жатқан. Қазір аталған маршруттар жүрмей қалды. Соны шешіп берсеңіздер.
Жауап: – №93, 3 автобус және №21 шағын автобус бағыттарында жолаушылар тасымалдау қызметін атқаратын «К и У», «Ман-Оңтүстік» және «Бекзат Сервис» ЖШС-нің басшылары қатысуымен 2015 жылғы 10 ақпанда өткен апталық жиналыста Әл-Фараби көшесіндегі көпірдің жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша бекітілген қозғалыс сызбасымен жолаушылар тасымалдау қызметін атқару тапсырылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласында бір нысаннан екінші нысанға бағыттан бағытқа ауысып бару қабылданғанын хабарлаймыз.
9. Ақжаппар Мамбеков, Гагарина көшесі №69 үй тұрғыны:
Сұрақ: – Гагарин көшесі бойына арық салып берсеңіздер.
Жауап: – Гагарин көшесі бойына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і және жобалаушы мекеме мамандарының қатысуымен анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, қажеттілігіне орай жобалаушыға ирригациялық жүйе жүргізуге ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылданады. Қажетті есептер мен сметалар дайындалып, Шымкент қаласының бюджеттік комиссиясына ұсыныс жасалады. Жұмыстар қаржының бөлінуіне орай орындалады.
10. Базарбай Тұяқбаев, Шұғыла елді мекенінің Игілік көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – Шұғыла елді мекенінің Игілік көшесіне машиналарға арналған жол белгілерін қойып берсеңіздер.
Жауап: – Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің және облыстық әкімшілік полиция басқармасының мамандары бірлесе Шұғыла елді мекенінің Игілік көшесіне жол белгілерінің орнату қажеттілігі зерттелуде. Шымкент қаласының көшелеріне жол белгілері мен жасанды жол кедергісін орнатуға бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер мекеме анықталғаннан кейін, аталған елді мекендерге тиісті жол белгілерін орнатуға мердігер мекемеге тапсырма берілетінін хабарлаймыз.
11. Нышан Темірбаев, Шұғыла елді мекенінің тұрғыны:
Сұрақ: – №101 маршрут Арғынбеков көшесінен өтіп «Бекжан» базарынан қайтады. Сол маршрут аптасына 1 рет жексенбі күні мал базарына дейін барып, қайтатын болса.
Жауап: – Шымкент қаласының мал базарына №111 автобус бағыты 20 кестемен, №96 шағын автобус бағыты 25 кестемен және №105 шағын автобус бағыты 10 кестемен жолаушылар тасымалдау қызметін атқарады. Бүгінгі таңда аталған аумақта қалыптасқан жолаушылар ағымына қолданыстағы бағыттар жеткілікті деп есептейміз. Шымкент қаласында қажетті нысандарға бағыттан бағытқа ауысып бару мүмкіндігі қарастырылған.
12. «Қатын көпір» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – Сыпырған ата көшесінің тұрғындары асфальт қабатын жөндеу жұмыстары, сондай-ақ аяқ жол (тротуар) салу жұмыстарын жүргізуін сұранады.
Жауап: – Ағымдағы жылы Шымкент қаласы «Қатын көпір» шағынауданы, Молдабаев көшесін қайта құру жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС-і атқарады. Құрылыс монтаж жұмыстары ауа райы қалыптасқаннан кейін наурыз айында жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда «Самал-3» шағынауданы, Керейхан көшесін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі қаралатын болады. Сыпырған ата көшесін қайта құру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарды «Мерей Сәулет» ЖШС-і әзірлеуде. Жобаға жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салу мәселесі енгізілген.
13. Тұрғынбек Егембердиев, Игілік елді мекенінің тұрғыны:
Сұрақ: – Игілік елді мекенінің дәрігерлік баспанасы болмаса, бұл өте ауыр мәселе. Бұрын медпунк көшпелі болған. Игілік елді мекенінің тұрғыны Абишева Зибаш пай үлестік жерінен дәрігерлік пункт салуға 0,30 гектар жеріне рұқсат беріп отыр. Жеріне жобалық сметалық құжаттар дайындатып заңдастыруға 2015 жылы медпункт салуға көмек берсеңіз.
Жауап: – ОҚО денсаулық сақтау басқармасының 02.10.2014 жылғы №06-04/6100 хатындағы «Игілік» тұрғын үй алабына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізуге ұсыныс бойынша, аталған аумақтан бөлім тарапынан 0,4 га жер учаскесі қарастырылды. Қарастырылған жер учаскесінің пайдаланушы меншік иесінің бар болуына байланысты, мемлекеттік мұқтаждық үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша тиісті жұмыстарын жүргізуге, Шымкент қаласының жер қатынастары бөліміне 24.10.2014 жылғы №20/11055 хат жолданды. Аталған нысанды жобалап салуға рұқсат ету туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 29.10.2014 жылғы №2220 қаулысы қабылданды. ОҚО құрылыс басқармасының 29.10.2014 жылғы №8-4/5939 хатындағы сәулет-жоспарлау тапсырмасына сұранысына байланысты, «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары Маркетинг», «КазТрансГаз Аймақ» ЖШС-нен техникалық шарттары алынып, 05.11.2014 жылғы №53/533 мұрағаттық тіркеу нөмірімен сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, тапсырыс беруші (ОҚО құрылыс басқармасына) ұсынылды.
14. Арыстан Айдарқұлов, Жаңаталап ауылының биі:
Сұрақ: – Ауылымызда өзекті мәселенің бірі – жаңадан салынған №81 орта мектеп бар, осы мектеп оқушылары жүретін аяқ жол мәселесі шешілсе, дұрыс болар еді.
Жауап: – №81 орта мектебіне жүретін тротуар салуға ЖСҚ дайындалуда, бюджеттен тиісті қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары басталатынын хабарлаймыз.
15. Өмірзақ Қойбағаров, Жаңаталап елді мекенінің тұрғыны:
Сұрақ: – Кезінде халық жер телімін алған, бірақ қазір құжаттары жоқ. Шешімі бар. Соған жәрдем берсеңіздер.
Жауап: – Жаңаталап елді мекенінің тұрғындары өз жер телімдерін заңдастыру және тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алу мақсатында кезекке тұру Шымкент қаласының әкімшілігіне жеке тұлға өз жеке куәлігімен бірге өтініш білдіру керек екендігін мәлімдеймін. Шымкент қаласының жаңа бас жоспарына сай, жер телімін алуға өтініш білдірген азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Бадам-3, Ақжар, Ақжар-2, Ақтас және Оңтүстік-шығыс аумақтарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін қарастыру жоспарланған. Ал, бұл жағдай өз кезегінде инфрақұрылым жүйелері жүргізілген 7000 га жуық жер учаскесін қажет етеді және Шымкент қаласы әкімдігінің 01.10.2014 жылғы №2026 санды қаулысымен резервке алынған. Сонымен қатар, «Тұрғын үй бағдарламасы 2020»  бағдарламасының талаптарына сай, жеке тұрғын үй құрылысы жер учаскелерін табыстау аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізіліп арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.
17. Бақтыбек Балабиев, Қызылжар ауылының тұрғыны:
Сұрақ: – Жаңаталап елді мекенінен жүретін 125 маршрутты автобусқа ауыстырса. Жаңаталап елді мекенінен жүретін 25 автобусты Гагарин көшесімен Республика даңғылы арқылы Жабықбазарға баратын етсеңіздер.
Жауап: – Бүгінгі таңда Қызылжар, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендеріне № 80 автобус бағыты 12 кестемен, № 125 шағын автобус  бағыты 18 кестемен, №25 автобус бағытының қозғалыс сызбасын «Нұртас» шағынауданына дейін ұзартып, кестелер санын 4 кестеге көбейтіп, 10 кестемен жолаушылар тасымалдау қызметін атқарады. №80 автобус, №125 шағын автобус бағытында жолаушылар тасымалдау қызметін атқаратын «Асыл» ЖШС-нің басшылыры қатысуымен өткен жиналыста №80 автобус бағытының жұмысын қолданыстағы заңнамалар мен келісім-шарт талаптарына сәйкес ұйымдастыру бекітілген қозғалыс сызбасымен кестелерін сақтау туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар, №125 шағын автобус бағытындағы «Газель» «Мерседес» шағын автобустарын  сыйымдылығы орта автобустарға ауыстыруға талап қойылды.
18. «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: – Қаладағы қаңғыбас ит пен мысықтарды құрту жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Жауап: – Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның «Жаңаталап» ветеринариялық бекеті бойынша жауапты, ветеринариялық меңгерушісі
Д. Абетаев және «Жаңаталап» тұрғын алабының ауыл биі: Айдарқұлов Арыстан, «Қызылжар» тұрғын алабының ауыл биі: Қаныбеков Әбубәкір болып осы тұрғын алабтарынан түскен өтініштер бойынша 29 бас қаңғыбас иттерді аулап, арнайы «Беккари» шұңқырына тасталып, залалсыздандырылды. Осы аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын хабарлаймын. (Шымкент қаласында қаңғыбас ит-мысықтарды аулау бойынша Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 44-93-55 сымтетігіне өтініштеріңізді жіберуге болады.)
20. Әбілқасым Бекқасым, Алтын төбе елді мекенінің тұрғыны:
Сұрақ: – «Тұрлан» шағынауданына баратын №38 маршрут бағытын Алтын төбе ауылына дейін созу қажеттілігін қарастырса.
Жауап: – Шымкент қаласының тұрғын алабына енген Алтын төбе елді мекеніне дейін №12а автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгерту енгізіліп, жолаушылар тасымалдау қызметін атқару туралы шешім қабылданды.
Сұрақ: – Алтын төбеде 250 үйден астам адам тұрады. Ауылда жас отбасылар көп, үй салу үшін, жер телімін беру мәселесі шешілсе.
Жауап: – Тұрғындары өз жер телімдерін заңдастыру және тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алу мақсатында кезекке тұру Шымкент қаласының әкімшілігіне жеке тұлға өз жеке куәлігімен бірге өтініш білдіру керек екендігін мәлімдеймін. Шымкент қаласының жаңа бас жоспарына сай, жер телімін алуға өтініш білдірген азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Бадам-3, Ақжар, Ақжар-2, Ақтас және Оңтүстік-шығыс аумақтарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін қарастыру жоспарланған. Ал, бұл жағдай өз кезегінде инфрақұрылым жүйелері жүргізілген 7000 га жуық жер учаскесін қажет етеді және Шымкент қаласы әкімдігінің 01.10.2014 жылғы №2026 санды қаулысымен резервке алынған. Сонымен қатар, «Тұрғын үй бағдарламасы 2020»  бағдарламасының талаптарына сай, жеке тұрғын үй құрылысы жер учаскелерін табыстау аймақтардың нақты жоспарлау жобалары дайындалып, бөлінетін жерлердің инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізіліп арнайы алаңшалардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.
Сұрақ: – Алтын төбе елді мекенінде жеке меншік трансформатор орнатылған. Сол трансформатор сәл жел тұрса жарық өшіп қалады. Трансформаторды қоршап, бір жүйемен электр жарығын берсе.
Жауап: – Электр торабының теңгерімдік тиесілік шекарасына сәйкес, электр желілерінің құрылғылары және трансформатор тұрғындардың меншігінде. Тұрғындар жалпы жиналыста басты есептегіш құралына, электр жүйелеріне және пайдаланылған электр қуатына төлем ақыны жинауға өз араларында жауапты адамды сайлаған, трансформатордағы орнатылған жалпы электр есептегіштің көрсеткішімен төлеуге келісім берген, келісім-шартқа қол қойған. Сол себептен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоғалған электр қуаты үшін төлемақыны барлықтары бірдей бөлініп төленеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының бекітілген жаңа Бас жоспарына сәйкес, қала аумағына қосылған 40 елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, «Шымкент қаласының шағынаудандарын инженерлік инфрақұрылымдарын 2014-2020 жж. дамыту» әлеуметтік картасы әзірленді. Осы іс-шара бойынша, Ордабасы ауданынан қосылған Алтын төбе елді мекені тұрғындарын үздіксіз және сапалы электр қуатымен, қамтамасыз ету мақсатында 2016-2017 жж. бюджетін нақтылау барысында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік ұсыныс беріледі.
21. Егемберді Тұрғынбек, Игілік ауылының тұрғыны:
Сұрақ: – «Игілік» тұрғын алабында тұратын тұрғындар арасында зейнеткерлер, жастар бар. Осыған орай, пошта орнатып берсеңіздер.
Жауап: – Шымкент қаласы Жаңаталап, Игілік елді мекендері тұрғындарынан Шымкент қалалық пошта байланысы торабына қарасты №27 қалалық пошта байланысы бөлімшесі қаржылық пошталық қызмет түрлерін көрсетеді. Жаңаталап, Игілік елді мекендерін аталған пошта байланысы бөлімшесімен қатар Жылжымалы пошта байланысы бөлімшесі әр аптаның 1, 2, 3, 4, 5, 6 күндері көрсетілген елді мекендерде 40-минуттан пошталық қаржылық қызмет түрлерін көрсетеді. №27 қалалық пошта байланысы бөлімшесі мен Жаңаталап, Игілік елді мекендерінің ара-қашықтығы 8-12 км. Тұтынушыларға жазылымдар мен пошта жөнелтімдерін №27 қалалық пошта байланысы бөлімшесінің 3-пошта тасушысы аталған елді мекендерге қызмет көрсетеді, ал зейнеткерлер зейнетақысын №27 қалалық пошта байланысы бөлімшесінен алады. Қазақстан Республикасының Пошта туралы Заңының 8 бабы, 3 тармағында көрсетілгендей «Жергілікті атқарушы органдары»:
Пошта қызметкерлеріне өздерінің аумағында өндірістік объектілерді орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ пошта операторларының өндірістік объектілері үшін, тұрғын үйлерге жатпайтын үй-жайлар бөлу мәселелерін қарайды.
Әкімшілік-аумақтық аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;
Осы Заңда көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдары ғимарат табуға ықпал жасаса Жаңаталап және Игілік елді мекен тұрғындарына халық саны 7000-нан, ал зейнеткерлер саны 1600-ден астам болғандықтан пошта байланысы пунктін ашып беру туралы ұсыныс хатпен Астана қаласы «Қазпошта» АҚ Пошта бизнес департаментіне шығатынымызды хабарлаймыз.
Сұрақ: – «Игілік» тұрғын алабына мектеп салып берсеңіздер.
Жауап: – Шымкент қалалық білім бөлімі Сізге индикативті жоспарға сәйкес, 2016-2017 жылдары «Жаңаталап» (Игілік) тұрғын үй алабында 600 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланған. Жобалау және құрылысын салу үшін жер телімін таңдау және келісім беру Актісі, ситуациялық сұлбасы дайындалды, қазіргі таңда жерге орналастыру жобасын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз.
Сұрақ: – Жарық мәселесі мемлекеттік балансқа өтсе, біз жеке меншікке төлейміз.
Жауап: – Электр торабының теңгерімдік тиесілік шекарасына сәйкес, электр желілерінің құрылғылары және трансформатор тұрғындардың меншігінде. Тұрғындар жалпы жиналыста басты есептегіш құралына, электр жүйелеріне және пайдаланылған электр қуатына төлем ақыны жинауға өз араларында жауапты адамды сайлаған, трансформатордағы орнатылған жалпы электр есептегіштің көрсеткішімен төлеуге келісім берген, келісім шартқа қол қойған. Сол себептен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоғалған электр қуаты үшін төлемақыны барлықтары бірдей бөлініп төленеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының бекітілген жаңа Бас жоспарына сәйкес, қала аумағына қосылған 40 елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, «Шымкент қаласының шағынаудандарын инженерлік инфрақұрылымдарын 2014-2020жж дамыту» әлеуметтік картасы әзірленді. Осы іс-шара бойынша, Ордабасы ауданынан қосылған Игілік елді мекені тұрғындарын үздіксіз және сапалы электр қуатымен, қамтамасыз ету мақсатында 2016-2017 жж. бюджетін нақтылау барысында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік ұсыныс беріледі.
22. Ақнұр Қасымова, «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғыны, №81 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Сұрақ: – Қалада Т.Тәжібаев атындағы орта мектептің болуына байланысты №81 орта мектепті Жаңаталап ауылының тумасы Алдабек Мангельдин атына ауыстыру туралы екі рет қалалық оқу бөліміне ұсыныс берілді. Осыған нақты жауап берсеңіздер.
Жауап: – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмасына орай әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беру және қайта атау мәселелері (есімдері ономастикалық объектілерге берілетін тұлғаларға қатысты критерийлерді әзірлеуге қатысты) 2016 жылға дейін уақытша тоқтатылған (мораторий). Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап ауыл округінде орналасқан №81 орта мектебінде Алдабек Мангельдиннің есіміне ауыстыру мәселесі 2016 жылы қаралатындығын назарыңызға жеткіземіз.
23. Пернебай Байниев, Қызылжар елді мекенінің тұрғыны:
Сұрақ: – «Жаңаталап» тұрғын алабы Қызылжар елді мекеніндегі ауыз су мәселесін шешіп берсеңіздер.
Жауап: – «Жаңаталап» тұрғын алабы Қызылжар елді мекенінің  тұрғындарын үздіксіз және сапалы ауыз сумен, қамтамасыз ету мақсатында 2016-2017 жж. бюджетін нақтылау барысында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге және құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге бюджеттік ұсыныс беріледі.
Сұрақ: – «Жаңаталап» тұрғын алабындағы Қызылжар елді мекенінде жол белгілерін орнатып берсеңіздер, ешқандай жол белгілері жоқ.
Жауап: – Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің және облыстық әкімшілік полиция басқармасының мамандары бірлесе «Жаңаталап» тұрғын алабындағы Қызылжар елді мекенінде көшесіне машиналарға арналған жол белгілерінің орналасу тәртібіне зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласының көшелеріне жол белгілері мен жасанды жол кедергісін орнатуға, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер мекеме анықталғннн кейін, аталған елді мекендерге тиісті жол белгілерін орнату туралы мердігер мекемеге тапсырма берілетінін хабарлаймыз.

Сұрақ: – «Қазығұрт» шағынауданында Біржан сал көшесіне тас төсеп берсеңіздер,  осы уақытқа дейін тас төселмеген.

Последнее изменение Понедельник, 16 Март 2015 08:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.