Версия для печати

Шағынаудандар мәселесі өзекті

Пятница, 13 Март 2015 11:01 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 6235 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әл-Фараби ауданы әкімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары жөнінде 2015 жылдың
қаңтар айында аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде қойылған сұрақтарға
ЖАУАПТАР

1. Алтынкүл Бөлтірікова, «Бозарық» шағынауданы, орам басқарушысы:      
Сұрақ: – «Бозарық» шағынауданына кіреберісте орналасқан Шайхананың тұсына бағдаршам орнатып берсеңіздер.
Жауап: – Аталған жол облыстық маңызы бар жол болып есептеледі. Сол себепті, «Бозарық» шағынауданына кіреберісте орналасқан Шайхананың тұсына бағдаршам нысанын орнату мүмкіндіктерін қарастыру туралы ОҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі басқармасына хат жолданды.
Сұрақ: – «Бозарық» шағынауданы 1,2,3 саяжайларының жолдарына шағал тас төсеп берсеңіздер. Сондай-ақ, «Жасыл ел», «Ұста Ахмет» көшелерін жөндеуден өткізу қажет.
Жауап: – «Бозарық» шағынауданының 6 атауы жоқ көшесіне ЖСҚ әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. «Бозарық» шағынауданындағы «Жасыл ел», «Ұста Ахмет» көшелеріне Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде ол көшелердің жолдары шағал тастан  құрайтындығы анықталды. Шағал тастан құрайтын көшелердің жүріс бөліктерін асфальт қабаттарына ауыстыру үшін жобалық сметалық құжаттар дайындау қажет. Аталған көшелерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс жасалатын болады.
Сұрақ: – «Бозарық» шағынауданына қатынайтын қоғамдық көлік аз. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз.
Жауап: – «Бозарық» шағынауданына №71 автобус бағыты қатынайды. Бүгінгі таңда аталған бағытқа қосымша 3 кесте қосылып, жалпы жолаушыларға 8 кестемен қызмет көрсетуде.
Сұрақ: – «Бозарық» шағынауданына «Спорт кешені», «Мәдениет үйі» қажет.
Жауап: – «Бозарық» шағынауданынан бос жер анықталған жағдайда, спорт нысанын салу жұмысы алдағы уақытта қаралады. 2015 жылғы жергілікті бюджетте «Бозарық» шағынауданында мәдениет үйін салуға қаржы қаралмаған.
2. Темірхан Жүзтаев, Дулати көшесінің орам басқарушысы:
Сұрақ: – Дулати көшесі мен Жандосов көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілерге арналған  белгі орнатып берсеңіздер.
Жауап: – «Қала құрылысы» ҚР мемлекеттік стандартына сәйкес жаяу жүргінші өткелдерінің қашықтығы 300 метр болуы тиіс. Дулати-Федченко көшелерінің қиылысында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан. Федченко көшесінен Жандосов көшесінің арақашықтығы 160 метрді құрайды. Сол себепті, Дулати-Жандосов көшелерінің қиылысында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру мүмкін болмауда.
3. Иманалы Бегалы, «Қайтпас» шағынауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, жазушы:
Сұрақ: – «Қайтпас» шағынауданында электр энергиясы мемлекет меншігіне қашан өтеді?
Жауап: – «Қайтпас-1» шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы (3 кезек) ЖСҚ әзірленіп, бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары 2015-2016 жж.  жүргізіледі.
4. Абдрашид Әбиев, 351 орам, «Түркістан», «Айқап» шағынаудандарының бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары:
Сұрақ: – «Айқап» шағынауданына қатынайтын 21,24 автобустарының жүру кестесін реттеп, №3 емхана арқылы өтуін қамтамасыз етсеңіздер.
Жауап: – №24 автобус бағытының қозғалыс сызбасын Астана көшесіне дейін ұзарту мүмкіндіктері қаралуда.
Сұрақ: – «Айқап» шағынауданының ирригациялық арықтарын ретке келтіріп берсеңіздер.
Жауап: – Тұрғындар қорғау аймағын сақтамай құрылыс нысандарын орнатқандықтан, тек тазалау жұмыстарын атқару мүмкін.
5.  К. Бейсеева, «Отырар» шағынауданы, №9 үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Төменгі Отырар» шағынауданының ішкі орам жолдарын асфальттап берсеңіздер.
Жауап: – «Отырар» шағынауданының ішкі орам жолдарын жөндеуге сметалық құжаттар әзірлеу қажет. 2015 жылы орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлу жөнінде ұсыныс енгізілді. Қаржы бөлінген жағдайда орындалатын болады.  
6. Рамазан Абетаев, «Самал-1» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – «Самал-1» шағынауданының жолдарын асфальттап берулеріңізді сұраймыз.
Жауап: – Шымкент қаласы «Самал-1», «Самал-2» шағынаудандарындағы транспорттық инфрақұрылымын (асфальт жолдар мен абаттандыру) дамыту мақсатында, Шымкент қаласының құрылыс бөлімі тарапынан 2009 жылы   жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған болатын. Алайда, құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы уақытылы  бөлінбеуіне байланысты құрылыс тоқтап қалған. Қазіргі таңда, жобаның мерзімі өтуіне байланысты қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін, қалалық бюджеттен 10,0 млн. теңге қаралып, «АРХ Строй Сервис-А» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, қайта өңдеу жұмыстары атқарылды және құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілетінін болады.
7. Аманжол Спаналиев, «Түркістан» шағынауданы, 225/2  үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Ақжайық» шағынауданында жол, газ, су мәселелерін шешіп берсеңіздер.
Жауап: – «Қайтпас-2» шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында (2-ші кезек), мердігер тарапынан газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2015 жылы толығымен аяқталады. «Қайтпас-2» шағынауданын тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, су өткізгіш жүйелерінің (1кезек) құрылыс жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, аталған шағынауданға сапалы ауыз су тұтынушыларға берілуде. «Қайтпас-2» шағынауданы ауыз су мәселесін толық шешу мақсатында, су жүйелерінің құрылыс жұмыстары бойынша (2 кезек) ЖСҚ әзірленуде. Жұмыс жобасы әзірленген соң, 2016 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Шымкент қаласы «Ақжайық» шағынауданы 2014 жылы 15,9 шақырымды құрайтын 23 көшесіне күрделі жөндеуден өткізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қаралды. Оның ішінде 2,9 шақырымды құрайтын 5 көшенің (Асфендияров, Баганалы, Бетеге, Аулиетас, Жусанды) жобасы әзірленіп, дайындалды. Аталған көшелерді күрделі жөндеуден өткізу үшін, жобаға сәйкес 662,5 млн. теңге қажет. 2015 жылдың бюджетін нақтылау барысында аталған жобаға қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі. Бюджеттен тиісті қаржы қаралған жағдайда жұмыстар атқарылатын болады. Сонымен қатар, «Ақжайық» шағынауданының қосымша 18 көшенің жобасы әзірленуде. Жоба әзірленген соң жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс жасалатын болады.
8.  А. Оразбаев, «Түркістан» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – «Түркістан» шағынауданында жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілсе, жарық бағаналары қойылса екен.
Жауап: – «Түркістан» шағынауданындағы шағын орталық көшелерге жарық шам көздерін орнату жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеу 2016 жылдың жұмыс жоспарына ұсыныс енгізу жоспарлануда. Жұмыстар бюджеттен қаралған қаржыға байланысты орындалады.
9.  Қуат Полатов, «Наурыз» шағынауданы, 1а үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Наурыз» шағынауданы, 1а және 1б үйдің ауласын жарықтандырып, балалар ойын алаңшасын орнатып берсеңіздер.
Жауап: – «Наурыз» шағынауданы №1а және 1б үйдің ауласына жарық шам орнату жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленген. Жұмыстар 2015 жылдың бюджетінен қаржы қаралған жағдайда орындалатын болады. «Наурыз» шағынауданы, 1а және 1б үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату ағымдағы жылы жоспарланбаған. Аталған аулаға спорт алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама жасалынып, қаржы бөлдіру мақсатында Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне ұсынылатын болады.
10. Элмира Айнабекқызы, «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – «Нұрсәт» шағынауданындағы Измир көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салып берсеңіздер.
Жауап: – «Нұрсәт» шағынауданындағы Измир көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлдіруге ұсыныс енгізілетін болады.
11. Тәжібек Абдуллаев, «Тассай» тұрғын алабының орам басқарушысы:
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабындағы тірек пунктті ашып, штатын көбейту қажет.
Жауап: – Тассай, Таскен, Достық, Қызылсай және Мәртөбе елді мекендеріне 30 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсететін учаскелік полиция пункті Таскен елді мекенінде орналасқан, онда учаскелік полиция пунктіне жауапты 1 қызметкер, қарамағында 5 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс жасайды. Учаскелік полиция пункті – қызмет көрсететін әкімшілік аумақтың құрылымына қарай барлық мүмкіндіктерге сай келеді, барлық  материалдық-техникалық жағдай жасалған. «Тассай» тұрғын алабын учакелік полиция пунктін ашу мәселесі қазіргі таңда қарастырылмаған.
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабына газ жүргізілуін қадағаласаңыздар.
Жауап: – Қала әкімдігі тарапынан қала аумағына қосылған елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, «Шымкент қаласының шағынаудандарына инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізу үшін, 2014-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленді. Осы әзірленген әлеуметтік-экономикалық картасына сәйкес, «Тассай» тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін, ЖСҚ-рын әзірлеуге 2015 жылы бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілетін болады.
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабында 7,8 көше асфальттауға қойылған екен, соны бақылауыңызға алып, бітіріп берсеңіздер.
Жауап: – Мердігер мекемелер анықталғанан кейін орташа жөндеу жұмыстары басталады.
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабына медпункт ашу қажет.
Жауап: – «Тассай» тұрғын алабына дәрігерлік амбулатория құрылысы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімінде 2017 жылы құрылысы жоспарланған.
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабында орналасқан №116 мектепті жөндеуден өткізу қажет.
Жауап: – №116 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары 2016-2017 жылдары жүргізу жоспарға енгізілген.
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабындағы Уәлиханов көшесі мен Жібек жолы көшесінің қиылысына бағдаршам және жол белгілерін орнатып берсеңіздер.
Жауап: – 2015 жылы Жібек жолы көшесінің жолын қайта құру жоспарлануда және онда бағдаршам нысандарын, жол белгілерін орнату мәселелері қаралған.
12. Нұрлыбай Елубай, «Таскен» тұрғын алабының ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы:
Сұрақ: – №89 бағыттағы автобусты Таскен елді мекеніне дейін қатынайтын етіп берсеңіздер.
Жауап: – №89  автобус бағытының қозғалыс сызбасы Таскен елді мекеніне дейін ұзартылды.
Сұрақ: – Таскен елді мекенінің Жаңақұрылыс көшелерін электр жарығымен қамтамасыз ету қажет.
Жауап: – Таскен елді мекеніндегі Бабашұлы көшесіне жарық шам көздерін орнату бойынша жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде. Құжаттамаларды аяқтау мерзімі – 2015 жылдың наурыз айы. Әзірленген құжаттамаларға сәйкес, бюджеттен қаржы қарастыру туралы ұсыныс енгізілетін болады.
Сұрақ: – Таскен елді мекеніндегі 1992 жылы қойылған трансформаторды ауыстыру және жаңадан қоныстанған 4 көшені  жарықтандыру қажет.
Жауап: – Қала әкімдігі тарапынан қала аумағына қосылған елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, «Шымкент қаласының шағынаудандарына инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізу үшін, 2014-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленді. Осы әзірленген әлеуметтік-экономикалық картаға сәйкес, Таскен елді мекенінің электр жарығымен қамтамасыз ету үшін, ЖСҚ-рын әзірлеуге 2015 жылы бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
Сұрақ: – №65 автобусты Таскен елді мекенінің ішіне кіретін етіп берсеңіздер.
Жауап: – Таскен елді мекенінің ішіне №85 автобус бағыты 8 қозғалыс кестемен және №89 автобус бағыты 14 қозғалыс кестемен тасымалдау қызметін атқаруда.
Сұрақ: – Таскен елді мекені, Жаңақұрылыс көшелерінің жолдарын асфальттау қажет.
Жауап: – Таскен елді мекені Жаңақұрылыс көшелеріне Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Жаңа құрылыс көшелерінің жолдары шағал тастан құрайтындығы анықталды. Шағал тастан құрайтын көшелердің жүріс бөліктерін асфальт қабаттарына ауыстыру үшін жобалық сметалық құжаттар дайындау қажет. Жоғарыда аталғандарға байланысты, Таскен елдімекені Жаңақұрылыс көшелеріне күрделі жөндеуден өткізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс жасалатын болады.
13. С.Асанбаев, «Мәртөбе» тұрғын алабы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Сұрақ: – «Мәртөбе» тұрғын алабына жаңа мектеп салу қажет.
Жауап: – «Мәртөбе» тұрғын алабына ескі мектеп жанына 300 орындық қосымша мектеп құрылысына жобалау сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын  30.03.2015 жылы алу жоспарланды, жобалаушы мекеме «Сымбат Строй проект» ЖШС-і.
Сұрақ: – «Мәртөбе» тұрғын алабының жөндеуді қажет ететін жолдарын жөндеуден өткізіп берсеңіздер.
Жауап: – «Мәртөбе» тұрғын алабының Садовая №1, Садовая №2 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде. Жұмыстар ауа райының қолайлы сәтінде басталатын болады.
Сұрақ: – Біздің аймақта орналасқан екі қоқыс орнын алып тастасаңыздар.
Жауап: – Мәртөбе елді мекенінде орналасқан көлемі 5,5 га қоқыс полигонының эксплутациялық мерзімі өтпеген және рекультивация жұмыстарына қаржы қарастырылмаған. Тиісінше Қаратау ауданы аумағынан шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар аталған қоқыс полигонына шығарылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қала» МКМ-не күтіп ұстауға тапсырылған.
Сұрақ: – «Мәртөбе» тұрғын алабына «Айна базар», «Ақсу» маршруты бойынша қосымша автобус жүргізілсе.
Жауап: – Бүгінгі таңда, «Мәртөбе» тұрғын алабына «Шымкент-Ақсукент» автобус бағыты қызмет көрсетуде. Аталған бағыттың қозғалыс сызбасы оңтайландырылды және қала аумағында жолақы тарифі 50 теңге болып бекітілді.
14. Зағипа Жолтаева, «Тассай» тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесінің (бау аумағы) тұрғыны
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесіндегі (бау аумағы) трансформаторды ауыстырып берсеңіздер.
Жауап: – Қала әкімдігі тарапынан қала аумағына қосылған елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, «Шымкент қаласының шағынаудандарына инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізу үшін, 2014-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленді. Осы әзірленген әлеуметтік-экономикалық картасына сәйкес, «Тассай» тұрғын алабын электр жарығымен қамтамасыз ету үшін, ЖСҚ-рын әзірлеуге 2015 жылы бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесін  (бау аумағы) асфальттап берсеңіздер.
Жауап: – «Тассай» тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесін асфальттауға ЖСҚ әзірлеу қажет. 2015 жылдың бюджетіне ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу жөнінде ұсыныс енгізілді.
15. Талдыбек Мәдібеков, «Тассай» тұрғын алабының тұрғыны:
Сұрақ: – «Тассай» тұрғын алабына спорт кешенін салу қажет.
Жауап: – «Тассай» тұрғын алабынан бос жер анықталған жағдайда, спорт нысанын салу жұмысы алдағы уақытта қаралады.
16. Сәуле Иманова, Таскен елді мекенінің тұрғыны (жүзімдік аумағы):
Сұрақ: – Таскен елді мекеніне жаңа мектеп салып берсеңіздер.
Жауап: – Таскен елді мекеніне 1200 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттары дайындалуда.
Сұрақ: – Электр жарығы мен газ мәселесін шешіп берулеріңізді сұраймын.  
Жауап: – Таскен елді мекенінің табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ  әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге  бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Қала әкімдігі тарапынан қала аумағына қосылған елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымдарымен қамтылуына талдау жұмыстары жүргізіліп, «Шымкент қаласының шағынаудандарына инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізу үшін, 2014-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленді. Осы әзірленген әлеуметтік-экономикалық картасына сәйкес, Таскен елді мекенінің электр жарығымен қамтамасыз ету үшін, ЖСҚ-рын әзірлеуге  2015 жылы бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
17. Данияр Үсенов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:
Сұрақ: – «Забадам» шағынауданының жөнделмей қалған көшелері жөндеуден өтсе.
Жауап: – 2015 жылға «Забадам» шағынауданының Достық, Айкөл, Гулисман және Тайманұлы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде. Сонымен қатар, Макаренко, Табысты, Саттарханов көшелеріне және Саттарханов өткеліне сметалық құжаттар әзірленіп бюджетке ұсынылды.  Алайда қолдау таппады.
Сұрақ: – «Забадам» шағынауданында трансформатордың қуаттылығы аз, ауыстыруды қажет етеді.
Жауап: – «Забадам» шағынауданында орналасқан трансформаторы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің балансында тұр. Осыған орай, аталған елді мекеннің тұрғындары трансформатордың қуаттылығын көбейту үшін, үй тұрғындары «Оңтүстік жарық Транзит» ЖШС-не өтініш білдіру қажет.
Сұрақ: – «Сәуле» шағынауданына үлкен мектеп салуға ықпал етсеңіздер.
Жауап: – «Сәуле» шағынауданына 1200 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттары дайындалуда.
18. Қабанбай батыр көшесі, 24 үй тұрғыны:
Сұрақ: – Қабанбай батыр көшесі, 24 үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнатып берсеңіздер.
Жауап: – Қабанбай батыр көшесі, 24 үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату ағымдағы жылы жоспарланбаған. Аталған аулаға спорт алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама жасалынып, қаржы бөлдіру мақсатында Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне ұсынылатын болады.
19. Разия Монтаева, «Спорт» шағынауданы, 17 үй басқарушысы:
Сұрақ: – «Спорт» шағынауданы, 17 үйдің ауласын жарықтандырып, балалар ойын алаңшасын орнатып берсеңіздер.
Жауап: – «Спорт» шағынауданы, 17 үйдің ауласына жарық шам орнату жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленген. Жұмыстар 2015 жылдың бюджетінен қаржы қаралған жағдайда орындалатын болады. Балалар ойын алаңшасын орнату ағымдағы жылы жоспарланбаған. Аталған аулаға спорт алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама жасалынып, қаржы бөлдіру мақсатында Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне ұсынылатын болады.
20. Рекордная көшесі тұрғыны:
Сұрақ: – Рекордная көшесінде орналасқан медресе өздері «ОрионНовТех» ЖШС-мен келісім шартқа тұрып, бөлек қоқыс контейнерлерін қойдырса дейміз.    
Жауап: – Рекордная көшесінде орналасқан медресе мен «ОрионНовТех» ЖШС арасында келісім-шарт түзіліп, бөлек қоқыс контейнері орнатылды.
21. Дәурен Әуелхенұлы, ТВК телеарнасының журналисті:
Сұрақ: – Жангелдин көшесінің бойындағы «Лакомка» кафесінің жанындағы  автокөлік жуу орны және сол маңдағы  бизнес нысандары күл-қоқысты артындағы Қошқарата өзеніне тастауда. Шара қолдануларыңызды сұраймын.
Жауап: – Жангелдин көшесінің бойындағы «Лакомка» кафесінің жанындағы  автокөлік жуу орны және сол маңдағы  бизнес нысандарының иелеріне күл-қоқысты артындағы Қошқар ата өзеніне тастамау туралы ауызша ескертпе айтылды.
22. Яхия Қалхаджаев, «Тұран» шағынауданының орам басқарушысы:
Сұрақ: – «Тұран» шағынауданы бойынша биыл ауыз су мәселесін шешіп берсеңіздер және электр жарығын жүргізіп берсеңіздер.
Жауап: – «Тұран» шағынауданы тұрғындарын ауыз сумен, табиғи газбен және электр жарығымен қамтамасыз ету үшін, құрылыс жұмыстары бойынша ЖСҚ-ры әзірлеуге мердігер мекеме анықталды. Бірақ, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, «Тұран» шағынауданы бойынша егжей-тегжей жоспарына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне байланысты, жобалау жұмыстары уақытша тоқтатылған.
23. Тыныштықбаева, облыстық балаларды оңалту орталығының қызметкері:
Сұрақ: – Химфармнан облыстық балаларды оңалту  орталығына дейін 200 м. жолды жөндеуден өткізіп берсеңіздер.
Жауап: – Орташа жөндеу жұмыстарын атқару үшін, сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілетін болады.
24. Халима Нарметова, Жангелдин көшесі, 30 үй басқарушысы:
Сұрақ: – Жангелдин көшесі 28 үйдің ауласына спорт алаңшасын салу қажет.
Жауап: – Жангелдин 28 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату ағымдағы жылы жоспарланбаған. Аталған аулаға спорт алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама жасалынып, қаржы бөлдіру мақсатында Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне ұсынылатын болады.
25. Химфарм, Дамба елді мекендерінің орам басқарушысы:
Сұрақ: – Колостан Дамбаға баратын бірде-бір автобус жоқ, соны шешіп берулеріңізді сұраймыз.
Жауап: – Дамбы көшесі арқылы Республика даңғылына қосымша бағыт жүргізу мүмкіндігі қаралуда.
26. Раушан Шоланова, Әлімқұлов көшесі, 7а, Төлеби 12а үй басқарушысы:
Сұрақ: – Әлімқұлов көшесі, 7а үйдің ауласына жеке кәсіпкерлер көліктерін  қойып тастайды. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз.
Жауап: – «Тұрғын-үй Шымкент» ЖШС-на Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесінде нөмірсіз орналасқан алаңы 0,0480 га жер учаскесіне автотұрақ ұйымдастыру үшін 3 жылға жер пайдалану құқығы берілген. «Тұрғын-үй Шымкент» ЖШС-гі осы жер учаскесіне қатысты Жер кодексінің 65-бабында көрсетілген барлық талаптарын орындауда.
27. Гүлмира Алимбаева, С.Жандосов көшесі, 2 үй басқарушысы:
Сұрақ: – Жандосов көшесі, 2 үйдің ауласын ағымдағы жөндеуден өткізіп берсеңіздер.
Жауап: – Жандосов көшесі №2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылы жоспарға енгізілген. Аталған жұмыстар, бюджеттен қаржы қарастырылған жағдайда жүзеге асырылатын болады.
28. Жүнісбеков, «Забадам» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: – «Забадам» шағынауданының жөнделмей қалған көшелерін жөндеуден өткізіп берсеңіздер.
Жауап: – 2015 жылға «Забадам» шағынауданының Достық, Айкөл, Гулисман және Тайманұлы  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде. Сонымен қатар, Макаренко, Табысты, Саттарханов көшелеріне және Саттарханов өткеліне сметалық құжаттар әзірленіп бюджетке ұсынылды. Алайда қолдау таппады.
29. Абдумуталиева, Терешкова көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – Терешкова, Әсем, Рекордная көшелерін жарықтандырып беруді сұраймыз.
Жауап: – Үстіміздегі жылы қала аумағындағы бірқатар көшелерді жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттамалар әзірленуде. Оның ішінде Терешкова және Быковский көшелері енгізілген. Жұмыстар 2015 жылдың қыркүйек айында аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
30. Т. Джукеева, Желтоқсан көшесі, 92 үй тұрғыны:
Сұрақ: – Желтоқсан көшесінің бойы Орынбаев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі аралығын жарықтандырып берсеңіздер.
Жауап: – Желтоқсан көшесі Орынбаев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі аралығын жарықтандыру жұмыстары 2016 жылдың жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

Последнее изменение Понедельник, 16 Март 2015 08:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.