Жарық, жол, мектеп... кездесуде көтерілген мәселелер

Пятница, 13 Март 2015 11:25 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 4814 раз

Еңбекші ауданы әкімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары жөнінде 2015 жылдың
қаңтар айында аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде қойылған сұрақтарға
ЖАУАПТАР

1. М.Көлбаева, Қаратөбе тас жолы №36 үй комитетінің төрайымы:
Сұрақ: – Мектепке баратын балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін Қаратөбе тас жолына түнгі жарық шамдарын орнату қажет.
Жауап: – Қаратөбе тас жолын жарықтандыруға облыстық бюджеттен қаржы қаралған, жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен мердігер мекеме тағайындалғаннан кейін, құрылыс жұмыстары атқарылатын болады. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың қыркүйек айы.
2. А.Бөбеев, «Бадам» шағынауданы, Ұйымшыл көшесі, №13 тұрғыны:
Сұрақ: – Шағынауданымыздың орталық Кенесарин көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату мәселесін шешіп берсеңіздер екен.
Жауап: – Кенесарин көшесін («Бадам» ш/а орталық көшесі) жарықтандыру жоспарланып, жобалық сметалық құжат әзірленуде. ЖСҚ-ны аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 31 наурызы. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда жоғарыда аталған жұмыстар жүргізіледі.
3. Ә.Көкенова, «Сайрам» шағынауданы, №8, 11 үй комитеттерінің төрайымы:
Сұрақ: – №65 мектепке баратын жолға түнгі жарық шамдарын орнатсаңыздар.
Жауап: – «Сайрам» шағынауданындағы №65 мектепке баратын көшені жарықтандыру жоспарланып, жобалық-сметалық құжат әзірленуде. ЖСҚ-ны аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызы. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда жарықтандыру шамдары орнатылады.
4. Б.Боташова, 2 Көксай көшесі комитетінің төрайымы:
Сұрақ: – Ж.Нұрлыбаев көшесін жарықтандыруды қолға алсаңыздар екен.
Жауап: – Ж.Нұрлыбаев көшесіне жарық шамдарын орнатуға жобалық сметалық құжат әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріледі.
5. О.Маханов, «Бадам-2» тұрғын алабы, Орталық көшесі, №26 үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Бадам-2» тұрғын алабындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді жөндеуді қолға алсаңыздар.
Жауап: – 2012 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан «Бадам-2» тұрғын алабының аумағына егжей-тегжей жоспары әзірленуде. Егжей-тегжей жоспарда облыстық маңызы бар КХ-82 автомобиль жолынан республикалық маңызы бар А-2 автомобиль жолдарын қосатын Оңтүстік айналма жолдың Бадам өзені үстінен өтетін көпір қаралған. Аталған егжей-тегжей жоспары бекітілген соң, көпірдің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде жұмыстар атқарылады.
6. А.Бөбеев, «Бадам» шағынауданы, Ұйымшыл көшесі, №13 үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Бадам» шағынауданындағы Кенесерин көшесіне аяқ жол салуды сұрайды.
Жауап: – Кенесарин көшесінің бойына аяқ жол құрылысын жүргізуге ұсыныс берілді. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда аталған жұмыс жүргізіледі.
7. Г.Иманқұлова, «Теріскей» шағынауданы, №43 үй, 28 пәтер тұрғыны:
Сұрақ: – Аулаларымызда «Нұрсәт» шағынауданында орнатылған жаңа контейнер алаңшаларындай алаңшалар орнатыла ма?
Жауап: – Аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 119 контейнер алаңшаларын жаңартуға бюджеттік өтінім берілді, қаржы қаралған жағдайда жұмыстар атқарылады.
8. Б.Боташова, 2 Көксай көше комитетінің төрайымы:
Сұрақ: – Ж.Нұрлыбаев көшесіне бейне бақылау камерасын орнатуды қолға алсаңыздар.
Жауап: – Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған көшеге ағымдағы жылы бейне бақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.
9. А.Абдурашитов, «Базарқақпа» тұрғын алабының көше комитетінің төрағасы:
Сұрақ: – Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін Ленгір тас жолының бойына бағдаршам орнатуды сұраймыз.
Жауап: – Қала көлемінде 2015 жылы 16 бағдаршам орнатуға ұсыныс берілген, қаржы қаралған жағдайда бірінші кезекте әлеуметтік және бюджеттік мекемелер орналасқан мекен-жайларға бағдаршам орнату жұмыстары жүргізіледі.
10. М.Көлбаева, Қаратөбе тас жолы №36 үй комитетінің төрайымы:
Сұрақ: – №69 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру кестесін №127 мектепке дейін ұзарту мәселесін шешіп берсеңіздер.
Жауап: – №69 автобус бағытының қозғалыс сызбасы қала тұрғындарының көптеген сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылғаны анықталды. №69 автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізген жағдайда, қалыптасқан жолаушылар легі бұзылып жолаушыларға қолайсыздықтар әкелетіні себепті, аталған көшемен сыйымдылығы үлкен автобустарды жүргізуге мүмкіншілік болмай тұр. Алдағы уақытта №127 орта мектепке Қаратөбе көшесімен шағын автобус бағытын жүргізу қаралатынын және Шымкент қаласында қажетті нысандарға бағыттан бағытқа ауысып бару қалыптасқан.
11. А.Бөбеев, «Бадам» шағынауданы, Ұйымшыл көшесі, №13 үй тұрғыны:
Сұрақ: – №22 бағыттағы қоғамдық көліктің кестеге сай жүруін қамтамасыз етсеңіздер.
Жауап: – Бүгінгі таңда «Бадам» шағынауданына қатынайтын №22 автобус бағыты 14-ші кесте бойынша тасымалдау қызметін атқарады. №22 автобус бағытының жұмысын зерттеу барысында, бағытта бекітілген қозғалыс жиілігі тұрақты орындалмайтыны анықталды. №22 автобус бағыттарында тасымалдау қызметін атқаратын «Бекзат Сервис» мекемесі басшыларының қатысуымен 2015 жылғы 17 ақпанда өткен апталық жиналыста бағыттардың жұмысын қолданыстағы заңнамалар мен келісімшарт талаптарына сәйкес ұйымдастыру қажеттілігі түсіндіріліп, талап орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексінің» 402 бабына сәйкес, келісімшартты біржақты бұзу мәселесі қаралатыны тасымалдаушы мекеме басшылығына қатаң ескертілді.
12. Е.Сұлтан, «Қарабастау» тұрғын алабы,  Ж.Қамбарұлы көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – №99 орта мектепке қосымша 300 орындық ғимарат салып берсеңіздер.
Жауап: – Қарабастау тұрғын алабындағы 720 орындық типтік үлгідегі №99 жалпы орта мектебінде 1352 бала білім алуда. Мектептің жалпы жер көлемі 2,62 га. Мектеп жанынан 300 орындық қосымша құрылыс салуға қосымша 0,7 га жер телімі қажет. Сайрам ауданы, Жұлдыз ауылдық округі 0,8752 га жер теліміне балабақша құрылысын жүргізу үшін 01.10.2012 жылы №474 шешімі шығарып, жердің мемлекеттік акті дайындалған. Бүгінгі таңға аталған мектеп жанындағы жер теліміне 200 орындық балабақша салу жоспарланып, балабақша құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжат дайындау жөнінде құрылыс бөліміне ұсыныс берілді. Мектеп ішінен ашылған шағын орталықтағы мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға ауыстыру арқылы орын тапшылығы мәселесі оң шешімін табады.
13. Б.Рауаилов, «Тұрдыабад» тұрғын алабы, Дала базар көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: – №104 орта мектепте бала санының өсуіне байланысты, қосымша мектеп құрылысын жүргізсеңіздер.
Жауап: – №104 орта мектепке спорт, мәжіліс залдарын, асхана, кітапхана, шеберхана және 150 орынға арналған оқу корпусын салу үшін жобалық сметалық құжат дайындауға құрылыс бөліміне ұсыныс берілді.
14.О. Маханов, «Бадам-2» тұрғын алабы, Орталық көшесі, №26 үй тұрғыны:
Сұрақ: – «Жұлдыз» тұрғын алабындағы №94 жалпы орта мектеп ескі, жаңа мектеп салуды қолға алсаңыздар.
Жауап: – «Жұлдыз» тұрғын алабындағы №94 мектепте 300 орынға арналған қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мердігер мекеме «КазМедеогранд» ЖШС-сы. Құрылыс жұмыстарын 2015 жылдың тамыз айында аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Последнее изменение Понедельник, 16 Март 2015 08:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.