×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Рамазан – тақуалық пен рухани кемелдiк айы Избранное

Пятница, 12 Июнь 2015 05:53 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 6059 раз

Маусым айының 18-жұлдызы, бейсенбіде барша мұсылман қауымы асыға күткен Рамазан айы басталады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде айтылғандай, бұл айда жаннат есіктері ашылады, мұсылмандарды тура жолдан адастырмау, әрі зиянын келтірмеу үшін шайтандар шынжырлармен байланып, тозақ есіктері жабылады. Берекеге толы бұл айда оқылатын әрбір тарауық намаздары, бірге өткізген сәресі мен ауызашарлары нәтижесінде, мұсылмандар арасында бауырмалдық, бірлік пен мейірімділік сезімі нығая түспек. Осы орайда біз, Рамазан айының өзіндік құндылығы мен мән-маңызы жайында жамағатқа кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұловпен сұхбаттастық.

693023c6cd571f7cf731606815310971

– Еркебұлан Ыбрайым-ұлы, Рамазан айының негізгі қағида-әдептеріне тоқталып өтсеңіз...

– Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті де мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда әр түні жаһаннамға түсетін мыңдаған мұсылмандар кешіріледі, азат болады. Жаннат есіктері ашылады. Жаһаннам есіктері жабылады. Рамазанда жұрттың көзінше ашықтан тамақ жеген адам бұл айды құрметтемеген болады. Намаз оқымайтын адамдардың да ораза тұтуы және харамдардан тыйылуы керек. Бұлардың оразалары қабыл болады және имандарының бар екендігі осыдан белгілі болады.
Рамазан айында ораза тұту үлкен сауап. Ал еш себепсіз ораза тұтпау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Рамазанда үзірсіз бір күн ораза тұтпаған адам, оның орнына бүкіл бір жыл ораза тұтса да, әлгі бір күннің сауабына қауыша алмайды» делінген.
Рамазанда ораза тұту жөнінде айтылған өзге де бірқатар хадис шәрифтерге тоқталар болсақ, Рамазан айында ораза ұстауды парыз деп біліп, сауабын Алла Тағаладан күтіп ораза ұстаған адамның күнәлары кешіріледі. Рамазан оразасын ұстап өлген адам жаннатқа барады. Әсіресе, ораза кезінде жиіркенішті, жаман сөз айтпаңдар. Егер біреу сендермен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап беріңдер. Шынайы ораза тек жеп-ішуді ғана емес, бос және ұятсыз сөздерді де тәрк етіп тұтылған ораза. Алла жолында бір күн ораза ұстаған адамды, Алла Тағала жетпіс жылдық қашықтыққа жаһаннамнан алыстатады. Аузы берік кезінде өлген адамға қияметке дейін ораза тұтқандай сауап жазылады, – делінеді.
Оразаның сөздiк мағынасы – «бiр нәрседен алыстау» дегенді білдіреді. Шариғат тiлiмен түсiндiрсек, ораза ұстауға ниет етiп, таңның атысынан күннiң батуына дейiн оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болып, нәпсiнi тыю қажет.
Рамазан – Құран, сабыр және ораза айы. Ораза мұсылманның сабырына сын.
Адам баласы Алла Тағаланың тыйымдары мен парыздарын сабыр сақтау арқылы жүзеге асыра алады. Өйткенi, сабыр – иманның жартысы.
Ораза жұмыс iстейтiндер үшiн тiптен пайдалы. Тамақ iшпейтiн уақытта адам ағзасы сергек, жұмысқа қабiлеттi боп келедi. Ораза тұтқан мұсылман күнiне екi рет - ауыз ашарда және сәресiде тамақ iшедi. Қазiргi заманғы медицина да күнiне екi рет тамақ iшудiң пайдалы екенiн айтады. Түс мезгiлiнде тоя тамақ iшу ағзаны ауырлатып, ұйқы басып, жұмыс қабiлетiн нашарлатады екен. 

– Оразасын ұстай алмаған жандардан қандай амал талап етіледі?

– Бұл жөнінде Құран Кәрімде айтылғандай, денсаулығында кінараты бар қарт кісілерге, балиғат жасына жетпеген балаларға, аяғы ауыр немесе емізулі баласы бар әйелдерге ораза ұстау міндеттелмейді. Дегенмен де, қандай да бір қиындыққа байланысты ораза ұстауға мүмкіндігіңіз болмаған жағдайда, оразаның орнына аш адамды тойдыруға амал еткен дұрыс. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді». Егер ауыз аштыртатын болсақ, ораза бекіткендей сауап аламыз. Бұл – өзің ораза ұстамай-ақ елге ауыз аштыр деген сөз емес. Қоғамда адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағатының артуына ауызашардың пайдасының шексіз екендігіне көз жеткізу. Аузы берік адамға бір құрма немесе зәйтүн тәрізді азық беру де ауыз аштырудың сауабына кенелтеді. 
Осы орайда айта кетер бір жайт, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен, пітір садақаның мөлшері жан басына шаққанда 200 теңгені құрайды. Пітір садақаны Рамазанның бірінші күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін беру қажет. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ораза айт намазы 17 шілде күні сағат 7.00-де оқылады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

Последнее изменение Пятница, 12 Июнь 2015 05:59