×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Дiн саласындағы мемлекеттiк саясат

Пятница, 20 Ноябрь 2015 06:18 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 4499 раз

img3Қазіргі таңда әр түрлі діннің бейбіт қатар өмір сүруі, діни бірлік, конфессияаралық келісім – кез келген мемлекеттің гүлденуінің негізі болып табылады. Қазақстандағы қазіргі діни жағдайдың ерекше белгісі – конфессияаралық келісімде жатыр. Халықаралық алаңдағы жалпы тұрақсыздық жағдайында ел дамуының, оның әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңаруының маңызды шарты елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау болып табылады. Сол себептен де, дін саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді жүйесі жолға қойылған. Осы бағытта, қоғамда қалыптасқан бүгінгі ахуалды зерделеу мақсатында, біз ОҚО Ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ директоры Нұржан Тұрсынбаймен сұхбаттасқан едік.

 

– Нұржан Арыстанбекұлы, ислам діні халқымыздың санасында ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, қалыптасып кеткені белгілі. Солай бола тұра, әсіресе, кейбір жастардың өзге діни ағымдардың жетегінде кетуіне не себеп деп ойлайсыз?

– Жастардың адасуының басты себебі меніңше, әлі де болса жастарға діни білім беретін мамандардың жетіспейтіндігі болып отыр. Сырттан келген діни ағымдар мен ұйымдар осы осал тұсымызды пайдалануға тырысады. Бүгінгі жастар тез еліктегіш, естіген-көргенін бірден қабылдауға дайын тұратыны бар. Қазіргі дамыған өркениетті дәуірде жасөспірімдер ғаламтор арқылы көптеген діни мағлұматтар алуда. Өкінішке қарай, оның барлығында бірдей, көрген дүниелерін оң пайымдап, дұрыс пікірлер қалыптасуда дей алмаймын. Бұл орайда айтарым, қазақ халқы әу бастан мәдениет пен тектілікті бойына сіңірген, салт-дәстүрге берік. Осы бағытта жастар арасында түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізген орынды. Яғни, діни сауатсыздығының салдарынан кейінгі жас буын зардап шекпеуі тиіс.

– Ислам дінінің атын жамыла отырып, оған қарсы әрекет етуші кейбір ағымдардың шығу тегі, тарихы, қағидаттары, мақсат-мұраты, ұстанатын идеологиялық бағыты қандай?

– Қазір бүкіл әлем халқы осы аталған мәселеден үлкен зардап шегіп отыр деуге болады. Себебі, қоғамдық орындарда лаңкестердің өзін-өзі жарып жіберуі, діни қақтығыс жиілей түсуде. Әсіресе, бұл батыс елдеріне тән болып отыр. Мұның астарында үлкен саяси мүдде жатыр. Сондықтан да біз ел арасында мұндай кереғар бағыттар жөнінде ашық, айқын түрде мәлімет беріп келеміз. «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-і тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтармен жұмыс істеу мақсатында биыл 3 200-ден астам кездесу өткізуді жоспарлаған болатын. Өз кезегінде, адасып жүрген бауырларымызды біз тиісінше, үш категорияға бөлдік. Біріншісі, теріс бағытқа терең кетіп қалғандар мен бейресми шетелдерде оқып келген азаматтар. Бұл категориядағы азаматтардың санасының уланып кеткені соншалық, олардың бетін бері қайтару өте қиын. Екінші категория бірінші категориядағы адамдардың төңірегінде жүрген, олардың уағыздары мен таратқан кітаптарын оқып жүргендер. Ал үшінші топтағылар енді бастап, теріс ағымда жүруге ниеттенген азаматтар. Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендер үшін арнайы сараптама жүргізілді. Нәтижесінде, құзырлы орындармен бірге заң шеңберінде 1300-ге жуық азаматты анықтадық.
Бұл бағытта әуелі теріс ағымға кіріп кеткен азаматтардың мекен-жайы мен жұмыс істейтін орындары анықталды. Бүгінде адасқан азаматтар көп шоғырланатын базар, сауда орындары, білім беру орталықтары мен мешіттерде теолог мамандар жұмыс жүргізуде.

– Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу бағытында еліміздің заңнамалары заман талабына сай ма?

– Діни қатынастарды одан әрі мемлекеттік реттеудегі тәжі­рибесін құқықтық тұрғыда бекіту үшін 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған болатын. Мұндағы заң ережелері адам құқықтарын қорғау шараларын күшейту арқылы бүлдіргіш және бейәлеуметтік сипаттағы діни қызметке тосқауыл қою, діни бір­лестіктер қызметін тәртіпке келтіру және оны азаматтық заң­намаға сәйкестендіру, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа қатысты еліміздің құқықтық кеңістігіндегі олқылықтарды толықтыруды қарастырады.
Мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы – діндарлардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлауға, қоғамдық және діни тұрғыдан өзара түсіністікке негізделген. Бұл салада елдегі мемлекеттік саясатының үш қағидатын атап көрсеткен жөн. Бұл – бейтараптық, тағаттылық және бірегейлік қағидалары. Сол себептен, діни сенім бостандығы мен діни ұйымдардың іс-әректетін реттеу жөніндегі заңнамалар құқықтық маңызға ие.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

Последнее изменение Пятница, 20 Ноябрь 2015 07:10