Серік БАЙМҰРАТОВ: «Адвокаттық қызметтің жауапкершілігі жоғары»

Пятница, 08 Декабрь 2017 10:52 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 2658 раз

Серік БАЙМҰРАТОВ,
ОҚО адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:

advokattar-97-2

– Серік Ширяздинұлы, әңгімемізді адвокатура саласындағы жаңалықтан бастасақ. Жақында адвокаттар туралы жаңа заң қабылданғалы жатыр деп естідік...

– Иә, елімізде «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Қазір заң шығарушы органның қарауына жіберілді. Егер қабылданса, онда біраз өзгеріс болады. Мысалы, бұған дейін адвокаттар алқасына мүше болып ену үшін заңгерлер жарна төлеп келген болса, енді заң қабылданса, ол жарна жойылады. Яғни, адвокаттар тегін мүше болады алады деген сөз. Айта кетейік, адвокаттарға жеңілдік жасайтын бұл ұсынысты адвокаттар алқасы емес, әділет министрлігі жасап отыр.

 

– Ал жарна көлемі қазір қанша?

– Қазақстан бойынша орта есеппен 850 мың теңге деп белгіленген. Дегенмен, әр өңірде әр түрлі. Мысалы, Алматы қаласында жарна көлемі 1 миллион теңге шамасында болса, бізде, Оңтүстікте – 426 мың теңге.

advokattar-97-1

– Бұл мүшелік жарна қайда жұмсалатын еді?

– Орынды сұрақ. Жиналған мүшелік жарна адвокаттар алқасының әкімшілік құрамының жалақысына жұмсалады. Ол – 12 адам. Оған қоса адвокаттар алқасының қосымша шығындарына, ғимаратты күтіп-ұстауға бағытталады. Салықтар төленеді. Медициналық сақтандыру қорының жарнасы төленеді.

 

– Облыстық алқаның қанша мүшесі бар?

– Облыстық адвокаттар алқасының қазіргі таңда 426 мүшесі бар. Оның ішінде аудандарда 100 адвокатымыз болса, Шымкент қаласында 5 заң консультативі бар. Оның мүшелеріне келер болсақ, Еңбекші ауданында – 56, Әл Фараби ауданында – 53, Қаратау ауданында – 37, Абай ауданында 29 адвокат мүше. Бұған қоса бесіншісі заң кеңесі – ювеналды алқаның 6 адвокат-мүшесі бар. Мұнымен қатар облыс аумағында 87 заңгер жеке адвокаттық қызмет ұсынып жүр. Олар да біздің мүшеміз.

 

– Жеке адвокат демекші, облыстық адвокаттар алқасына мүше болу міндетті ме? Сіздерге мүше болып тіркелмеген заңгер адвокаттық қызмет атқара ала ма?

– Негізі, адвокат болғысы келетін адам әділет министрлігінен лицензия алуы керек. Ал біз сол азаматтың бұрын сотты болған-болмағанын, қоғамдық тәртібін қарап, мүшелікке қабылдай аламыз. Шектеу жоқ. Бірден айтайын, облыстық адвокаттар алқасына мүше болып тіркелу міндетті емес, ерікті. Дегенмен, осы тұста айта кетейін, адвокаттар алқасына мүше емес азаматтар заңгерлік кеңес бере алады. Олар тек азаматтық істерде ғана қорғаушы болып қызметін ұсына алады. Және іске қатысты адамның сенімхатымен ғана. Ал біздің адвокатураның мүшелері лицензиясы негізінд