Версия для печати

Бір шынаяқ кофе Избранное

Среда, 29 Апрель 2020 01:04 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 3839 раз
Оцените материал
(0 голосов)

22658735654065468 1d41

Ол миллионды шаһарда тұрып, бірнеше істі қатар алып жүр. Бұл жолы SalemCoffee, Global Coffee кофеханалар желісінің негізін қалаушыларының бірі –
Данияр Мамирхановтың табыс хикаясын әңгімелейміз.

31cf1faae457a4e50bafe3795911f362– Кофеханалар желісін құру қазіргі таңда өз кәсібін дамытамын деген жастар үшін таптырмас бизнес-идея. Алайда істі енді бастаған біз үш дос болып, осыдан төрт жыл бұрын тәуелкелге бел буып, алғашқы нүктені аштық. Басында бәрі қызық әрі қиын болып көрінді. Бертін келе тәжірибе жинақтай отырып, қаладағы кофеханаларды 19 кофе-барға жеткіздік. Еліміздің бірнеше өңірінде серіктестеріміз бар. Межеміз – әлемдік брнед атану, – дейді жас кәсіпкер.
Қалада кофе ішу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып жүрген Данияр шаһар көлемінде өткізілетін мерекелік іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі әрі қалалық жастар мәслихатының депутаты елдегі елеулі оқиғаларға да үн қосып келеді.
– Қазақстанның дамуы отандастарымыздың азаматтық ұстамына байланысты. Жастар мәслихаты құрылғалы қайырымдылық шаралар мен түрлі деңгейдегі жиындарға атсалысып келеміз. Заман талабы – жастардың жан-жақты болуы әрі жаңа технологияларды игеру болып табылады. Әр адамның санасында жетістікке жету жайлы ең үлкен үміттер мен алуан қорқыныштар шоғыры ұя салған. Кез-келген жетістіктің шыңын бағындырушының тарихына үңілсек, олардың асқақ арманды табанды мақсатпен ұштастыра отырып, тер төккенін байқаймыз. Оны байқау үшін бір ортада адамдармен біте қайнасып жүріп көз жеткізу керек, – дейді ол.
Қарамағында бірнеше этнос өкілдері жұмыс істейтін кофеханалар желісі ынтымақ пен бірліктің арқасында татулық символына айналған. Данияр қаланың барлық тұрғыны бейбітшілік пен келісім сақтауға, бір-біріне өзара құрмет көрсетуге және өзара келісім жасасуға өз үлесін қосып жатқанын айтты. Бауырлас елдің бірлігі бекем екенін тілге тиек еткен кәсіпкер 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауды ұмытпады.
– Бірінші мамыр - бірліктің ерекше мерекесі. Ынтымақтастығы жарасқан елде тұрақтылық сақталып, болашақтың дамуы да баянды болмақ. Қазақстандық ұлтаралық татулық үлгісі де осыған негізделген. Түп-тамыры түркілерден тарайтын бауырлас қазақ пен өзбек ел болып, егемендік алғаннан бері де туысқандық, тату көршілік қатынастан айнымай келеді. Бүгінде әрбір қазақстандық этникасына қарамастан, өзін үлкен отбасының бір бөлігі сезінеді. «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген сөз бар. Еліміздегі 130-дан астам этнос өкілдерінің бірлігі жоғалмасын. Әлемді жаулаған жаман дертті де бірге жеңеміз,–дейді Д.Мамирханов.
Кәсібін ашып, тірлігін дөңгелетіп отырған Даниярдың берекелі ісі көпке үлгі. Елге еңбекқорлығымен танылып келе жатқан жастың талабына қарап таңданбасқа болмайды. .