Сенат – мемлекеттіліктің сенімді тірегі Избранное

Пятница, 26 Июнь 2020 03:27 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 223 раз

AAA 2774

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламент Сенатына сайлау биылғы жылдың 12 тамызына белгіленгені мәлім. Осыған орай Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевқа жолығып, саяси науқанға дайындық барысы туралы сұраған болатынбыз.

– Биыл 12 маусым күні Президент Жарлығы жарияланған соң Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы саяси науқанды ұйымдастыру мен өткізудің күнтізбелік жоспарын бекітті. Біз сол 12 маусым күні Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысын өткізіп, аталған күнтізбелік жоспарды бұлжатпай орындау туралы хаттама қабылдадық.
Өзіңізге белгілі, Сенатқа әр өңір мен республикалық маңызға ие қаладан 2 депутаттан сайланады. Биыл 2014 жылғы сайлауда сайланған депутаттардың 6 жылдық мерзімі аяқталды. Ал, 2017 жылы сайланған депутаттардың өкілеттілік мерзімі 2023 жылға дейін жалғасады. Яғни, биыл әр өңірде 1 мандат бойынша сайлау өтеді.
Қазір 13 маусым мен 12 шілде аралығында үміткерлерді ұсыну мен тіркеу жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 4 азамат кандидат ретінде ұсынылды. Атап айтар болсақ, қаладағы №77 лицейдің директоры Толқын Аюбаева, Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, «Нұр Әлем» қоғамдық ұйымының төрағасы Бектай Орманрв және «Медикер ЮК» ЖШС-інің бас директоры Бақытжан Позилов. Барлығының өтініштері қаралды және олардың ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталған соң, олар кандидат ретінде тіркелді.

– Кандидаттарға қойылатын талаптар жөнінде айтып өтсеңіз.

– Сайлау заңына сәйкес Сенат де­пу­татына кандидаттарды мәслихат де­путат­тары ұсынады, сонымен қатар, азаматтар­дың өзін-өзі ұсынуға да құқығы бар. Азамат Парламент Сенаты депу­тат­тығына үміткер болуы үшін ҚР Конс­титуциясы мен «ҚР Сайлау туралы» Конс­титуциялық заңында көрсетілген барлық талаптарға сай болуы тиіс. Атап айтар болсақ, 30 жасқа толған, жоғары білімді, Қазақстанда соңғы 10 жылда тұ­рақ­ты тұрған, кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар, өзінің қаласында, аймағында, яғни Шымкент қала­сында соңғы 3 жылда тұрақты тұ­рып келе жа­тқан кез келген азамат кандидат бола алады.

– Сенат сайлауының өзге саяси додалардан өзіндік ерекшеліктері бар ғой. Оқырман қауымға осы сайлаудағы дауыс берудің ерекшеліктері туралы айтып беріңізші.

– Сенат депутаттығына сайлау азамат­тар­дың жанама дауыс беру құқығы ар­қылы жүр­гізіледі. Яғни, ұсынылған кан­дидаттарға сайлаушы ретінде тек қана әр өлкенің мәслихат депут­ат­тары дауыс береді. Бір қарағанда, бұл сайлауға ел тұр­ғын­дары ешқандай дауыс бермейтіндей және ықпал ете алмайтындай көрі­неді. Бірақ бұл ой тек сырттай қара­ғанда ғана. Өйт­кені, Се­­нат депутатын сай­лай­тын мәсли­хат де­пу­таттары кезінде өз­дерін сай­лаған өз өл­ке­лерінің азамат­та­рының көзқарасын есепке алып, солар­дың мүдделерін көз­деуге міндетті.

– Сайлауалды үгіт-насихат науқаны қай уақытта жүргізіледі.

– Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын 23 шілде мен 10 тамыз аралығында жүргізуге құқылы. Бұл үшін кандидаттар арнайы есепшот ашып, сол есепшот арқылы заңда белгіленген мөлшерде қаражат жұмсай алады. 11 тамыз сайлау алдындағы тыныштық күні болып есептеледі. Ал, 12 тамызда Шымкент қалалық мәслихаты мен аумақтық сайлау комиссиясының бірлескен отырысы өтеді. Онда маслихат депутаттары өздері қалаған кандидатқа жасырын дауыс береді.

– Болашақ сенатордың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыз?

– Біздің елімізде Парламенттің құ­ры­лымы, сонымен қатар, оның пала­таларын қалыптастыру тәртібі жалпы­әлем­дік тәжі­рибеге сай. Депутаттық кор­пустың жоға­ры кәсіби деңгейі қа­был­данатын заңдар­дың сапасын қамта­масыз етеді. Сондай-ақ, Сенат заң шығарушы ор­ганында өңірлік мүдделердің тиімді білдірілуін де қамтамасыз етеді. Дегенмен, Сенат де­путаты жұмысының ерекшелігі сонда, ол тек белгілі бір өңірдің атынан өкіл­дік етіп қана қоймай, бұл мүдделерді жалпы мемлекеттік мүдделермен және міндеттермен үйлестіре білуі тиіс. Егер депутаттар осы талаптың үдесінен шыға білсе, Сенат мемлекеттіліктің сенімді тірегі болары сөзсіз.
– Әңгімеңізге рахмет!