Жол, жарық, автобус...

Четверг, 07 Август 2014 06:10 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 5174 раз

Kезегiмен шешімін табады

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің 2013 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАБЫ

1. Есмағамбетов Серік, «Орманшы» елді мекенінің тұрғыны:

Сұрақ:  Орманшы ауылына баратын жол бойын жарықтандырып берсеңіздер.

Жауап: 2013 жылы Шымкент қаласының 34 көшесін қосымша жарықтандыру және 6 көшені қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның ішінде, Абай ауданы бойынша Жандарбеков, Оңдасынов, Шмид-та,  Қалдаяқов,  Құрманбеков, Үркімбаев,  Байтіленов,   Колхоз-шы, Исмайлов, Сырым батыр көшелеріне жарық шамдар орнатылды. Қазығұрт ш/а, Орманшы елді мекені тұрғындарының өтініштері бойынша жарық шам орнату жұмыстары 2015 жылдың жұмыс жоспарына ұсыныс енгізілетін болады.

Сұрақ:  Аталған елдімекенде 400-ден аса халық тұрады. Балаларымыз №86 мектепте оқиды. Осы балаларымызға, Орманшы ауылында балалар  алаңшасын салып берсеңіздер дейміз.

Жауап:  Аталған елді мекенде балалар алаңшасын салуға жер телімі бар болған  жағдайда, 2014-2015 жж. жобалық -сметалық  құжаттарға  тапсырыс беру барысында, қалалық қаржы бөліміне қаржы бөлуге  ұсыныс берілетін болады.

2. Өмірзақ Гүлназ, №51 жалпы орта мектеп мұғалімі:

Сұрақ:  №51 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізіп берсеңіздер.

Жауап:  Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты №51 мектепке 125 740 мың теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2014 жылдың 15 тамызында аяқталып  пайдалануға беріледі.

3. Көмекбаев Бахтияр, Сайрам ауданы, Қызылжар елді мекенінің тұрғыны:

Сұрақ:  Мектеп салып берулеріңізді сұраймыз.

Жауап:  Қызылжар елді мекенінде 900 орындық мектеп құрылысын салуға, елді мекеннен жер телімін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Жер телімін қайтарған жағдайда жобалық-сметалық құжаттар дайындалатын болады.

4. Қожаев Қасым , Қатынкөпір шағынауданының тұрғыны:

Сұрақ:  Агропром шағынауданында 20 жылға жуық тұрып жатырмыз, Мұрагер, Дермене, Баққоныс т.б. 8 көшеге (әрқайсысы 500-600м) қашан тас төселіп, асфальт салынады. 

Жауап:  2014 жылдың жол жөндеу жұмыс жоспарында Агропром шағын ауданына қарасты Жаңа дала, Дермене, Баққоныс көшелері енгізілген және Жаңа дала, Дермене көшелерінде жөндеу жұмыстары толығымен атқарылғанын хабарлаймыз. 

5. Әділбек Сатыбалды, еңбек ардагері, «Құрсай» елді мекенінің ардагерлер ұйымының төрағасы:

Сұрақ: Қазығұрт шағынауданында 70-тен аса көше бар, сол көшелердің 16-на асфальт жол салынған, қалған көшелерге де асфальт жол салынса дейміз.

Жауап: Ағымдағы жылы Қазығұрт шағынауданы бойынша 16 көшеге (Ғабдуллин, Жұбанов, Арыстанбаб, Қаратас, Жібек жолы, Профсоюз, Айманов, Шуақты, Орал, Ақан сері, Бақытты, Біржан сал, Нұрлы, Әулие ата, Жұлдыз, Торайғыров), Қатын көпір шағын ауданының Тойғанбаев көшесіне және Агропром шағынауданының Құралов және атауы жоқ көшесіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленіп дайын болған соң құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалатын болады. 

Сұрақ:  Құрсай елді мекенінде № 60 а, 21, 111 маршруттар уақытылы жүрмейді, осыған ықпал етсеңіздер. 

Жауап:  Қалалық қоғамдық көлік бағыттарына диспетчерлік сүйемелдеу қызметін атқаратын «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС –нің мәліметі бойынша № 60а автобус бағытының қараша және желтоқсан айының бірінші жиырма күндігінің қозғалыс жиілігі 76,9%,  №21 шағын автобус бағытының қозғалыс жиілігі 21,4 % , № 111 автобус бағытының қозғалыс жиілігі 71,4 % құраған.  Сонымен қатар, №60 а автобус, №21 шағын автобус және № 111 автобус бағыттырында жолаушылар тасымалдау қызметін атқаратын «Есімбек сетвис» ЖШС-ң, «Бекзат сервис»ЖШС-ң  және «Автокомбинат» ЖШС-ң басшыларына бағыттардың жұмыстарын қатаң бақылауға алу туралы талап қойылды.

Сұрақ:  Қыста қардың көп түсуіне байланысты, көшелер тазаланса.

Жауап:  Қазығұрт шағынауданының Мақталы, Жандарбеков, Оңдасынов, Отырар,  т.б. орталық көшелерін қыс мезгілінде қардан және санитарлық  тазалау жұмыстары 2014 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.

6. М.Сүлейменова., Самал-3 шағынауданының тұрғыны:

Сұрақ: Самал-3 шағынауданы халқының 60 пайызы жеке кәсіпкерлерден электр жарығын алып отыр, халыққа өте қымбат бағамен береді, бізге қай кезде қаржы бөлініп, мемлекеттен жарық беріледі?

Жауап: Электр жарығы бойынша:

Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің тапсырысымен Самал-3 шағынауданының электр жүйесімен қамтамасыз ету  (1-кезек) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған.

«Самал-3» шағынауданын (2-ші кезек) электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалаушы мекеме «Авангард-ОК» ЖШС мен Шымкент қаласының құрылыс бөлімі арасында келісім-шарт түзілген.

Алайда, қазіргі таңда жоба жұмыстарын жалғастыру мүмкін болмай отыр. Себебі, аталған шағынаудан Самал подстанциясынан электр қуатымен қамтамасыз етілуі қажет, ал, Самал подстанциясының  қуаты жеткіліксіз болуынан «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның тарапынан техникалық шарт берілмеген. Осыған байланысты, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау жұмыстары тоқтатылған. Бұл мәселелерді түпкілікті шешу үшін, «Солтүстік» қосалқы стансасының құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң (аяқталу мерзімі 1.12.2014ж.), Самал подстанциясы жүктелген күшінен босатылып, Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нен тарапынан техникалық шарт беріліп, жобаның әзірлеу жұмыстары жалғастырылады.

7. Құдияров Салыбек., Қатынкөпір шағынауданының тұрғыны:

Сұрақ: Әл-Фараби көшесіндегі тротуарды соңына дейін, яғни    ПМК-49 арқылы, Темірлан тас жолына дейін салып берсеңіз.

Жауап: Қазіргі таңда, Әл-Фараби көшесін қайта құру жұмыстары басталды, жұмыс атқару барысында аяқ жол орнату жұмыстары жүргізіледі.

Сұрақ: Жолдарға (Агропром шағынауданы) тас, асфальт төсеу жұмыстары қолға алынса.

Жауап: 2014 жылдың жол жөндеу жұмыс жоспарында Агропром шағын ауданына қарасты Жаңа дала, Дермене, Баққоныс көшелері енгізілген және Жаңа дала, Дермене көшелерінде жөндеу жұмыстары толығымен атқарылған.

8. Түктібаева Нүрипа., Қатынкөпір шағынауданының тұрғыны:

Сұрақ: Тойғанбаев көшесіндегі №2 мектепаралық оқу өндірістік комбинаты  /УПК/ ұстаздары жолды жөндеп беруіңізді сұраймыз.

Жауап: Ағымдағы жылы Қазығұрт шағынауданы бойынша 16 көшеге (Ғабдуллин, Жұбанов, Арыстанбаб, Қаратас, Жібек жолы, Профсоюз, Айманов, Шуақты, Орал, Ақан сері, Бақытты, Біржан сал, Нұрлы, Әулие ата, Жұлдыз, Торайғыров), Қатын көпір шағын ауданының Тойғанбаев көшесіне және Агропром шағынауданының Құралов және атауы жоқ көшесіне күрделі жөндеуден өткізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленіп дайын болған соң құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалатын болады. 

9. Тәжібаев Әбдіғаппар., Самал-3 шағынауданының тұрғыны: 

Сұрақ: Самал-3 шағынауданына элекр сымдарын тартып қойған, жарық үйлерге қашан қосылады?

Жауап: Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің тапсырмасымен Самал-3 шағынауданының электр жүйесімен қамтамасыз ету (1-кезек) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған. «Самал-3» шағынауданын (2-ші кезек) электр жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалаушы мекеме «Авангард-ОК» ЖШС мен Шымкент қаласының құрылыс бөлімі арасында келісім-шарт түзілген. Алайда, қазіргі таңда жоба жұмыстарын жалғастыру мүмкін болмай отыр. Себебі, аталған шағынаудан Самал подстанциясынан электр қуатымен қамтамасыз етілуі қажет, ал, Самал подстанциясының  қуаты жеткіліксіз болуынан «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің тарапынан техникалық шарт берілмеген. Осыған байланысты, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау жұмыстары тоқтатылған. Бұл мәселелерді түпкілікті шешу үшін, «Солтүстік» қосалқы стансасының құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң (аяқталу мерзімі 1.12.2014ж.), Самал подстанциясы жүктелген күшінен босатылып, Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нен тарапынан техникалық шарт беріліп, жобаның әзірлеу жұмыстары жалғастырылады.

Сұрақ: Самал-3 шағынауданындағы Б.Момышұлы көшесіне дейін газ жүргізілген, көшенің оң бет жағындағы тұрғындарға газ құбырлары қашан жүргізіледі?

Жауап: ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында конкурс жарияланып, конкурстың қорытындысы бойынша мердігер «Дос и К» ЖШС жеңімпазы болып танылды. 

Құрылыс жұмыстарына келісім-шарт 31 наурызда түзілді. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары атқарылуда, жыл соңына дейін бөлінген қаржы толығымен игеріледі, нысанның құрылыс жұмыстары 2015 жылға өтпелі. 

 Жұмыстардың бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізілуі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бақылауында болады.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.