Қала құрылсы жайлы интернет-конференция

Четверг, 07 Август 2014 06:33 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 8571 раз

Қаланың жаңа әкімшілік іскерлік орталығында    ірі әлеуметтік  нысандар құрылысы қарқынды  жүруде. Бұл туралы  Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркін Бұхарбаев берген   Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтындағы Интернет- конференциясы  кезінде  сауалдарға жауабында мәлім етті.  

 

– Жаңа әкімшілік- іскерлік орталығында қандай нысандар соғылуда?
Азамат Исабеков.

– Қазір  болашақ әкімшілік іскерлік орталығының солтүстік  бөлігінде  3 ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр.  Олар: облыстық әкімдіктің ғимараты, «Түркістан» конргесс-холы және облыстық орыс драма театры. Алғашқы нысанның құрылысын «А.Р.Т.- Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Нысанның сметалық құны- 2556,0 миллион теңге. 2014  жылғы лимит бойынша 1759,9 миллион теңге бөлінген.  Жаңа облыстық әкімдіктің ғимараты биылғы жылдың 30 қарашасына дейін аяқталуы тиіс. 

«Түркістан» конгресс-холының құрылысын «Корпорация Сити Строй» ЖШС-і  жүргізуде.  Нысанның сметалық құны  -1,7 миллиард теңге.  Оның 837,07 миллион теңгесі бөлінген.  Нысан құрылысының аяқталу мерзімі – биылғы жылдың 1 қыркүйегі деп күтілуде. Алдағы уақытта жаңа конгресс- холда  түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілетін болады. 

 500 орындық орыс драма театрының құрылысын «Шымкентқұ-рылыс» ЖШС-і жүргізуде.  Нысанның сметалық құны  -1,5 миллиард теңге.  Биылғы лимит бойынша – 1096,7 миллион теңге бөлінген.  Нысан биыл 1 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. 

Сонымен қатар, Ә.Юсупова атындағы  гимнастикалық мектептің, 1200 орындық мектептің, 320 орындық балабақша  және  Өнер мектептерінің ағымдағы жылы  жобасын дайындап, 2015 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

–  Сіздердің бөлімдеріңіз сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында қандай шаралар  атқаруда?

Баян Бакеева. 

– Шымкент қаласының құрылыс бөлімінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңы шеңберінде іс-шара түзіліп, бөлім қызметкерлерімен «Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2014 жылдың алты айында 6   лекция - семинар, оның ішінде 2 «дөңгелек үстел» өткізілді. Бөлім тарапынан баспасөзде  мақала, қалалық  «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің  беттерінде  бөлімнің «Сенім телефоны» жарияланып тұрады. Бөлімнің кіреберісінің сол жағында азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өтініштеріне, пікірлеріне арналған «Сенім жәшігі» ілінген. 

Дайындаған 
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.