Қоқыс полигонынан қашан құтыламыз?

Среда, 13 Август 2014 04:56 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 4853 раз

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Ахмет Татыбаевтың 2013 жылдың қорытындысы бойынша
аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАБЫ

1. Тәжібаев Әбдіғаппар, "Самал-3" шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: Көптен бері
Самал-3 шағынауданының жанындағы қоқыс тастайтын полигон жабылу керек еді, осы мәселе қашан шешімін табады?
Жауап: 2012 жылы қалалық қолданыстағы 34,3 га. қоқыс тастау алаңын рекультивациялау жұмыстары ОҚО құрылыс басқармасы тапсырысымен жүргізілді. Қоқыс полигоны айналасынан қосымша анықталған 12,5 га. алаңды құнарландыру жұмыстарының ТЭН-нін әзірлеу жұмыстары қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жүргізілуде. Бүгінгі таңда, қаладан жиналатын қоқыстар 12,5 га. алаңға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-гі тарапынан уақытша жинақталуда.
Достық шағынауданындағы қоқыс жағу жұмыстарының алдын алу шаралары жоғарыда аталған мекеме тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. Жаңадан тұрмыстық қоқыс полигонын және қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын жүргізу үшін, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінен 34,0га жер бөлінді. Қоқыс зауытының құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізілді, ал жаңа полигонға қажетті инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тарту бюджет есебінен жүргізілді.
Қазіргі таңда, қала әкімдігі тарапынан жаңа полигонға қажетті техникаларды сатып алу конкурсы жарияланып, жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 30.07.2014ж. Тиісінше, инвестор тарапынан зауыт құрылысының эксплуатацияға қосылу мерзімі 2014 жылдың 15 қыркүйегі деп күтілуде.
2. Бекназаров Кенжеғали, Жиделі шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ:  Жиделі шағынауданына спорт алаңшасын салып беруіңізді сұраймыз.
Жауап:  Биылғы жылы дене шынықтыру құрылғылары (тренажер) алаңшасы орнатылды. Жер бөлініп жабық спорт алаңын салуға ұсыныс беріліп, қалалық спорт бөлімі жобалау жұмыстарын жүргізуде. Жобалау жұмыстары дайын болған соң 2015-2016 жылдың бюджетінен құрылысына тапсырыс берілетін болады.
3. Әділбек Сатыбалды, еңбек ардагері, «Құрсай» елдімекенінің ардагерлер ұйымының төрағасы:
Сұрақ: Қазығұрт шағынауданында 70-ке жуық көше бар, соның тек 16-сы ғана асфальттанған қалған көшелерге асфальт жол төсеуге жәрдем беруіңізді сұраймыз.
Жауап: Ағымдағы жылы Қазығұрт шағынауданы бойынша 16 көшеге (Ғабдуллин, Жұбанов, Арыстанбаб, Қаратас, Жібек жолы, Профсоюз, Айманов, Шуақты, Орал, Ақан сері, Бақытты, Біржан сал, Нұрлы, Әулие ата, Жұлдыз, Торайғыров), Қатын-көпір шағынауданының Тойғанбаев көшесіне және Агропром шағынауданының Құралов және атауы жоқ көшесіне күрделі жөндеуден өткізу мақсатында, жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленіп дайын болған соң құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу туралы ұсыныс жасалатын болады.
4. Қалдыбеков Берік, тыл ардагері, Қазығұрт шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: - Біздің шағынауданда көп көшелердің атауы жоқ, осыған ықпал етсеңіздер.
Самал-3 шағынауданының тұрғындары:
Сұрақ: Самал-3 шағынауданында көшелердің атауы жоқ, осы мәселеге ықпал етулеріңізді сұраймыз.
Жауап: Қазығұрт шағынауданыны бойынша жалпы  72 көше бар. Оның ішінде 68 көшенің атауы бар көшелер (21-і қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген, 47-і шартты атауымен аталған), ал 4 көшенің атауы жоқ, қазіргі таңда бой көтеріп, орныққан жаңақұрылыс көшелері.   
Ал, Самал-3 шағынауданында жалпы 66 көше бар. Оның ішінде 37 көшенің атауы бар көшелер (25-і қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген, 12-і шартты атауымен аталған), ал 29 көшенің атауы жоқ, қазіргі таңда бой көтеріп, орныққан жаңақұрылыс көшелері. 2011 жылы көше атауларын беру бойынша мораторий жариялануына қарамастан, аудандағы 100 көшенің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып,  ұсыныс-пікірлері тыңдалып, хаттамалар толтырылып, құжаттары жинақталған.
Атап айтқанда: ҰОС ардагерлері болған азаматтардың және ұлы тұлға болған батырлар мен  жер – су атаулары ұсынылған.  Алайда, 2014 жылдың сәуір айынан бастап мораторий ашылуына байланысты, «Қазақстан Республикасының құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің 2012 жылғы 27 маусымындағы №278 және Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №378 бірлескен бұйрығының 2 бабының  20 тармағымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына сәйкес, уақытша жобалық нөмір беру үшін аудандағы атаулары жоқ көшелерге 1 ден 200-ге дейін Абай ауданына, 201 ден 400-ге дейін Әл-Фараби ауданына, 401 ден 600-ге дейін Еңбекші аудандарына нөмірлеу жұмыстары жүргізілсін деген тапсырмаға сәйкес, қазіргі таңда Абай ауданындағы атауы жоқ 241 көшенің сызбалары (карта) сызылып, қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне нөмірлеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жіберілді. Оның ішінде Қазығұрт шағынауданынан  атауы жоқ  4 көшенің, ал Самал-3 шағынауданынан  атауы жоқ  29 көшенің сызбалары да берілген.
Сонымен қатар, аудан бойынша атауы қайталанатын 87 көшенің атауын ауыстыру мақсатында, толық мәлімет жинақталып, схемасы әзірленіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: Жаңаталап тұрғын үй алабында – 6 көше, Игілік тұрғын үй алабында – 10 көше, Тәуелсіздікке – 20 жыл тұрғын үй алабында – 21 көше, Қызылжар тұрғын үй алабында – 2 көше, Жиделі шағынауданында – 5 көше, Қатынкөпір шағынауджанында – 8 көше, Ақжар тұрғын үй алабында – 18 көше, Қазығұрт шағынауданында – 3 көше, Тұрлан шағынауданында – 4 көше, Қызылжар шағынауданында – 7 көше, Жайлау шағынауданында – 1 көше, және Ынтымақ
шағынауданында – 1 көше, жалпы 87 қайталанатын көшенің атауларын ауыстыруға ұсыныс дайындалды. Жинақталған мәлімет пен атауға ұсыныс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырылды. Аталған ұсыныс қалалық мәслихат сессиясында қаралды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.