Шағынаудандағылар қараңғыда қалмайды...

Понедельник, 08 Сентябрь 2014 05:03 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 4067 раз

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің  2013 жылдың қорытындысы бойынша аудан
тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға
қосымша ЖАУАПТАР

Дархан Алдашов, 16 шағынауданы,  №19 үй 53 пәтер тұрғыны:
Сұрақ: 16 шағынауданда жарықтандыру жұмыстары қашан қолға алынады?
Жауап: Үстіміздегі жылы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша  І-кезеңде 25 тұрғын үй аулаларына  жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ІІ-кезеңде 29 тұрғын үй аулалары жарықтандырылуда, оның ішінде, 16 ш/ауданында 4 аулаға яғни №3,4,20; №8,9,11,17; №21,22,23; №8,16, тұрғын үй аулаларында жұмыстар жүргізілуде.
Сұрақ: 16 шағынауданда №73 бастауыш мектепке және №43 бала бақшаға баратын аралықта жаяу жүргіншілер жолы қашан салынады?
Жауап: Аудандағы №73 бастауыш мектепке және №43 бала-бақшаға баратын жолға жаяу жүргіншілер жолын салуға ЖСҚ дайындалды. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың жұмыс жоспарына енгізіледі.

Базаркүл Ермекбаева, «Азат» шағынауданы тұрғыны:
Сұрақ: «Азат» шағынауданын  электр жарығымен қамту өте нашар, жиі өшеді...
Жауап: Шымкент қаласы, «Азат» шағынауданын 10/0,4кВ электр қуатымен қамтамасыз ету нысанының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу барысында «Мемсараптама» РМК-ы ОҚО филиалының талабына сәйкес, өзгерістер және толықтырулар енгізілуде. Аталған жоба «Мемсараптама» РМК-ы ОҚО филиалына қайта тапсырылып, оң қорытындысы алынғаннан соң, нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге ОҚО энергетика басқармасына ұсыныс беріледі.

Бақыт Жиенбаев, Ақназархан көшесі №62 үй комитетінің төрағасы:
Сұрақ: Ақназархан  көшесі №№50,54,60,62 үйлердің аулаларына  жарықтандыру  жұмыстары жүргізіле ме?
Жауап: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша І-кезеңде 25 тұрғын үй аулаларына  жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, ІІ -кезеңде 29 тұрғын үй аулалары жарықтандырылуда, Ақназархан көшесі №50,54,60,62 тұрғын үй аулаларын жарықтандыру қосымша бюджеттен қаржы бөлінуіне байланысты орындалатын болады.

Оразбек Ешімбетов, қалалық  мәслихаттың депутаты, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-і басшысының орынбасары:
Сұрақ: «Бадам» шағынауданының  көшелерін жарықтандыру   мәселесі қашан шешімін табады?
Жауап: «Бадам» шағынауданындағы Кенесары және Ш.Уәлиханов көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

Абдыкадыр Махаметов, «Оңтүстік» шағынауданының  көше комитетінің төрағасы:
Сұрақ: «Оңтүстік» шағынауданына Лермонтов және Кржижановский көшелеріне жарықтандыру  жұмыстарын  жүргізу қажет.
Жауап: Кржижановский көшесін жарықтандыруға ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құжаттары жолданды. Қаржы қаралған жағдайда  құрылыс жұмыстары атқарылатын болады. Лермонтов көшесін жарықтандыру 2015 жылдың жұмыс жоспарына енгізіледі.

Нұркөз Жаңабаев, қалалық мәслихаттың депутаты, «3-Энергоорталық» АҚ директорлар кеңесінің басшысы:
Сұрақ: «Азат» шағынауданындағы ескірген жеке электр трансформаторларын   мемлекет меншігіне өткізу және қызмет көрсету мәселесі шешімін таппай келеді.
Жауап: ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Азат» ш/а электр жүйесінің  кұрылыс-монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурс жариялады. Конкурстың корытындысы бойынша мердігер анықталғаннан соң, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.
Сұрақ: «Мирас» шағынауданында 2,8 га. жер телімін мемлекеттік мұқтаждыққа алып,  мектеп құрылысын жүргізуді ұсынамын.
Жауап: «Мирас» шағынауданынан  мектеп құрылысына 2,8 га  жер телімі  қарастырылған, алайда  қарастырылған жер теліміне меншік иелерінің жер телімдері түскендіктен мемлекет мұқтажына қайтару мақсатында Шымкент қаласы  әкімдігінің  20.09.2012 жылғы  «Жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтаждарына байланысты  мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» №620 санды қаулы қабылданған. Осы қаулыға сәйкес ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жер телімін мемлекет мұқтажына қайтарылғаннан кейін жұмыстар жүргізіледі.

Мейрбек Зияев, К.Цеткин  атындағы  көше комитетінің төрағасы:
Сұрақ: Теміржол, К.Цеткин көшелерін жарықтандыру қашан жүргізіледі?
Жауап: К.Цеткин көшесінде түнгі жарықтандыру шамдары мектепке дейін жүргізілген,  ал қалған бөлігін және Теміржол көшесін жарықтандыру  жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Сұрақ: Қапал батыр көшесіндегі темір жол  үстінен өтетін көпірді кеңейту мәселесін шешіп берсеңіздер екен?
Жауап: Бүгінгі таңда Қапал батыр көшесіндегі өткелді қайта құру жұмыстарын атқаруға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, құрылыс монтаж жұмыстары басталатын болады. Құрылыс жұмыстарын 2014 жылы бастап, 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

Нартай Жәнібеков, Нұрлыбаев көшесінің көше комитет төрағасы:
Сұрақ: Ж.Нұрлыбаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі ме?
Жауап: Ж. Нұрлыбаев көшесін жарықтандыруға жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құжаттары жолданды. Қаржы қаралған жағдайда  құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Меруерт Көлбаева, Қаратөбе тас жолы №36 үй  комитет төрайымы:
Сұрақ: Қаратөбе тас жолына жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі ме?
Жауап: Қаратөбе тас жолын жарықтандыру жұмыстарына  ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасына құжаттары жолданды. Қаржы қаралған жағдайда  құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Асқар Есентаев, «Азат»  шағынауданы А.Оразбаева  көшесінің тұрғыны:
Сұрақ: А.Оразбаева көшесіне  жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?
Жауап: А.Оразбаева көшесінде ағымдағы жол жөндеу жұмыстары 2014 жылы атқарылатын болады.

Кенже Байтыкова, 18 шағынауданы 51 үй төрайымы:
Сұрақ: Балаларымыздың №20 балабақшаға,  №38 мектепке баратын жолында аяқжол жоқ,  осы мәселені    шешіп   берсеңіз.
Жауап: 18 ш/а №20,106  балабақшалар  мен №38, 41 мектептерге баратын ішкі орамдық аяқ жолдардың құрылыс жұмыстарына 2014 жылдың бюджетінен қаржы қаралмаған. Алайда, 2015 жылдың жұмыс жоспарына қосуға ұсыныс берілетін болады.

Ақбаян Балтанова, Гүлдала көшесі №9 үй тұрғыны:
Сұрақ: «Қайтпас-1»  шағынауданында   4 көшеге асфальт  төсеу  жұмыстары  жүргізілді,  ал  қалған  көшелерге  бұл  жұмыстар   қашан   жүргізіледі?
Жауап:  2014 жылы 1-кезеңде атауы жоқ 4 көшесінде, 2-кезеңде Гүлдала, Жасталап көшелерінің жалғасына, 3-кезеңде Құлагер, Ақсауыт, Саяхат көшелеріне және Ақсұңқар көшесінің жалғасына жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленіп болған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс жасалатын болады.

 Ұлтусын Қалдыбаева, «Нұртас» ш/а Түлкиев көшесі н/з үй тұрғыны:
Сұрақ: Алматы айналма жолының бойына жарықтандыру  жүргізіледі ме?
Жауап: Алматы айналма жолды Төлеметов көшесінің қалған бөлігін жарықтандыру   жұмыстарының ЖСҚ-ын әзірлеу 2015 жылдың жұмыс жоспарына енгізу жоспарланып отыр.
Сұрақ: Балалардың №72 орта мектепке баратын аяқ жолы  жоқ, осы мәселені  шешіп берсеңіздер екен.
Жауап: Кіші Алматы айналма жолын қайта құруға жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Аталған жобада аяқ жол салу жұмыстары қаралған. Бұл жұмыстар 2015 жылға жоспарланған.    

Сапаркүл Шалабаева,  «Нұртас» шағынауданының тұрғыны:
Сұрақ: «Нұртас» шағынауданында мектепке дейінгі  бала санының көптігіне байланысты  осы шағынауданға  балабақша  салуды сұранамыз.
Жауап: «Нұртас» шағынауданындағы 320 орындық бала-бақшаның құрылысы бойынша 12.06.2014 жылы №418 хаттамаға сәйкес, мердігер мекеме «ЕвроРемонтСервис» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Конкурстың құны – 467 092,0 мың теңге. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан 2015 жылға өтпелі.

Наргиза Қасымова, Түркістан көшесі №201үй тұрғыны:
Сұрақ: №12 мектептің   оқу   корпусы апатты болып, бір жылдан бері балаларымызды №44 орта мектепке тасымалдап апарып оқытады. Осы мектептің құрылысы қашан аяқталады?
Жауап: Қазіргі таңда М.Горький атындағы №12 мектептің апатты ғимаратының орнына қайта құрымдау тәсілімен құрылыс салынуда. Құрылысты тапсыру мерзімі 2014 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Ләззат Қожагелдиева, «Ұлағат» шағынауданы Майбұлақ  көшесінің көше комитет төрайымы:
Сұрақ: №85 орта мектепке балаларымыз сыймағандықтан «Мирас», «Ұлағат» шағынаудандарындағы (бұрынғы Қаражол) мектеп жасындағы балаларымыз №№ 25,28,39,65 мектептерге барып оқиды. Сондықтан «Мирас» шағынауданына мектеп салуды сұраймыз.
Жауап: Бүгінгі таңда  «Мирас» (бұрынғы «Қаражол») шағынауданында 900 орындыққа арналған мектеп құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан 2015 жылға өтпелі.

Білімжан Боташова, 2-Көксай №274 үй тұрғыны:
Сұрақ: 1997 жылға дейін  балабақша болған Ж.Нұрлыбаев көшесі №15 үйде орналасқан «Облыстық жасөспірімдерді  бейімдеу орталығында» 46 бала тәрбиеленуде,  осы мекемені басқа жерге көшіріп, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, балабақша ашуды  ұсынамыз.
Жауап: Бейімдеу орталығына ыңғайлы ғимарат табылған жағдайда бала бақша ашу мәселесі қаралатын болады.

Мұратбек Сейілов, «Нұртас» ш/а көше комитет төрағасы:
Сұрақ: «Нұртас», «Қайтпас-1»  шағынаудандарына  газ  жүйесін жүргізу мәселесі қашан шешімін табады?
Жауап: «Нұртас» шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, «ҚазТрансГазАймақ» ОҚӨФ АҚ-на пайдалануға тапсырылған.
Сонымен қатар, «Қайтпас-1»  ш/а  табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, сығымдау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған нысан бойынша орындалған техникалық құжаттары «ҚазТрансГазАймақ» ОҚӨФ АҚ пайдалануға тапсырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.