nazira2018 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік көмек жаңа форматта беріледі. Яғни, балаларға, аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақылар тағайындаудың жаңа тәсілдері енді. Жаңа жүйедегі өзгерістердің тұрғындарға қажетті тұстарын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Назира Сайдуллаева түсіндіріп берді.


– Назира Кеңесбекқызы, жаңа форматтағы атаулы көмектің қазіргі әлеуметтік көмектен айырмашылығы қандай? Өзгерістің халыққа тиімді тұстарын атап өтсеңіз...

– Жаңа форматтың әлеуметтік төлемдерден басты айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін (атаулы әлеуметті көмекті төлеу; мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесу; әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамтамасыз ету) бір пакетпен ұсынады. Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларды немесе азаматтарды кедейліктен шығаруға бағытталған кешенді қолдау тәсілі болып табылады. Ал тиімді тұсы мынадай:
Біріншіден, келесі жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдісі өзгеруіне орай оның мөлшері өсетін болады. Егер ағымдағы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі орта есеппен 22 455 теңгені құраса, келесі жылы оның көлемі 25 968 теңгеге (15-16%) өседі.
Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қолданылатын кедейлік шегінің мөлшері қазіргі 40 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайтылады. Демек, егер ағымдағы жылы кедейлік шегінің мөлшері орта есеппен 8 816 теңге болса, келесі жылы 12 984 теңгені құрайтын болады.
Үшіншіден, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 20 %-ға дейін өседі.

– Жаңа форматта әлеуметтік көмектің қайсысына өзгеріс еніп, қайсысы бұрынғы қалпында қалды?

– Осы кезге дейін тұрғындар мына үш көмек түрін алып келді:
а) Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ынан төмен болған жағдайда отбасының әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек;
б) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 %-ынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы, оның мөлшері осы жылы 1,05 АЕК немесе 2 383 теңгені құрады;
в) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
Енді, 2018 жылы төленетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған жоғарыдағы үш әлеуметтік төлем Бірыңғай жәрдемақы болып біріктірілді.

shymkala-88-4

– Атаулы көмек енді күнкөріс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларға беріледі деп жатыр. Осы кезге дейін жәрдемақы алып келгендер осы мәселе бойынша көмектен шеттетіліп қалмай ма?

– Әлеуметтік көмектен ешкім шеттетілмейді. Керісінше бірыңғай жәрдемақы ретінде төленетін жәрмақылардың мөлшері осы үш төлемнің жиынтық сомасынан артық болады.

shymkala-88-3– Шартты, шартсыз деп бөлінетін көмекті кім және қалай алады?

– Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.
Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы.
Осы мақсатта, әлеуметтік қызметтер мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік келісім-шарт 6 айға жасалады және оны тағы 6 айға дейін создыру мүмкіндігі беріледі.

– Шартты ақшалай көмек алғанда салық органынан жеке кәсіпкер статусын алу міндеттеледі дейді. Оның қажеттілігі қандай?

– Шартты ақшалай көмек алғанда салық органынан жеке кәсіпкерлік ашу туралы міндеттеме қойылмайды. Дегенмен, еңбекке жарамды жұмыспен қамтылған шартты ақшалай көмек алушылар өз ісімен айналысуға ниет білдіріп, жұмыстан шыққан жағдайда әрі қарай шартты ақшалай көмек алу құқығын жоғалтпауда оны ашу қажет.

– Шартты ақшалай көмек алғанда кәсіп ашу керек дейді? Қандай кәсіппен айналысуға болады? Шектеу қойылған түрлері бар ма?

– Шартты ақшалай көмек қаржысына бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға болмайды. Оны жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу) дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылады.

– Ал, қалалықтар үшін ше?

– Қала тұрғындарына шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасына құрал-жабдықтарды алып, халыққа қызмет көрсету немесе өнім шығару саласындағы кәсіпкерлікпен айналысуына болады.

– Жаңа форматағы атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 пайызынан төмен отбасыларға тағайындалады дейді. Оны қалай есептеуге болады? Мәселен, бір отбасының айына кіретін табысы 30 мың теңге делік...

– Шартты атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай ШАК) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және қажет болған жағдайда, әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен аз қамтылған адамдарға ай сайынғы немесе 3 айдың біржолғы ақшалай төлемдер түрінде 6 айға көрсетіледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептеледі.
Мысалы: отбасында 6 адам: ері – жұмысқа қабілетті жұмыссыз, жұбайы – 3 жасқа дейінгі бала күтімінде, 18 жасқа дейінгі 4 бала. Отбасының айына кіретін табысы 30 мың теңге болса, жан басына шаққандағы табысы 5 мың теңге (30мың т./6 адам) құрады. Күнкөріс деңгейі – 27520 теңге болса, кедейлік шегі (50% КД) – 13760 теңге құрайды. Отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 пайызынан төмен болуына байланысты (5000 < 13760), ШАК 8760 теңге (13760 – 5000) мөлшерінде әр отбасы мүшесіне бір айға тағайындалады. Жалпы ШАК сомасы 315 360 теңгені құрайды (8760 теңге х 6 адам х 6 ай).

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
А. КЕРІМҚҰЛОВА

Опубликовано в Сұхбат

Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек форматы өзгереді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері осынау жаңалықты  халыққа түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.  Қазірдің өзінде Сайрам, Төлеби аудандарының салаға жауапты қызметкерлері оқыту семинарынан өткен. Енді олар  атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгерістерін халыққа жан-жақты түсіндіріп беретін болады.

shymkala-83-2

Жаңаша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы басты мақсат - халықты жалқаулықтан арылтып, жәрдемге мұқтажадарды кедейшілік құрсауынан шығару болып табылады. Бұл көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасылар мен азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға тиесілі болады. Ал шартты ақшалай көмек жұмысқа қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады. Алайда бұл ретте олар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатыстырылады. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады. Әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.

shymkala-83-1

«Жаңаша формат тұрғынға жай ақшалай көмек беріліп қана қоймай, оның жұмысқа тұруына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Түрлі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберіліп, шағын несие де беріледі. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға әлеуеті ынталандырылады. Ал осынау кешенді шараларды жүзеге асыру үшін басқармаға бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін күшейту қажет»,- дейді облыстық халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев.

Ол сондай-ақ,   көп құжаттамалардың электронды түрде жүргізілетінін жеткізіп, жергілікті билік өкілдеріне осы мәселені мықтап қолға алу қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» жобасы аясында сынақтан өткізіле отырып, өзінің тиімділігін көрсетті.  Облыста осыған дейін құрамында 100 мыңнан аса адамы бар 20 мыңдай отбасы осынау көмекке қол жеткізіпті. Оның ішінде жобаның 22 мыңнан аса еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан. Бұл жобаға қатысушылардың табысының 4,2 есеге дейін өсуіне мүмкіндік берді. Көңіл қуантарлығы сол, бұл бағыттағы шараларды іске асыруда облыс бүгінде республикада көш бастап тұр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 08 Сентябрь 2017 08:31

ЗЕЙНЕТІҢ – БЕЙНЕТІҢ

Жаңа зейнетақы жүйесі туралы нені білу керек?

DSC 8292

Соңғы уақыттары еліміздің зейнетақы жүйесінде көптеген өзгерістер орын алуда. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, шілде айында 11%-ға көбейді. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%-ға өсті. Мемлекет басшысы бұл тапсырманы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берген болатын.


– 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 20%-ға дейін көтерілді. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтерілді. Салыстырмалы түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артты, – дейді Үрида Қырықбайқызы.

Облыстық «Әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Үрида Абдрасилова Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өсетінін айтады. 

Оның айтуынша, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат аясында 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғайған. Бірінші, екінші және үшінші балаға бір реттік жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе 86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды.

2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы еңбек өтілі және зейнет-ақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем адамдар үшін ең төменгі күнкөріс шамасының 50%-ы мөлшерінде әлеуметтік зейнетақы белгілеу туралы нақты айтылған. 

Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл болса, базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ы мөлшерінде белгілеу ұсынылады, ал 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады және қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады.

Мамандардың айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы өзгерістер зейнетақы жүйесіне қатысушы барлық үш буынның мәселесін шешуге үлкен мүмкіндік бермек. Атап айтқанда, біріншісі – еңбек өтілі жоғары, алайда заңмен белгіленген шектеулерге байланысты зейнеткерлікке шығар сәтте табысы туралы мәлімет ұсынбаған, ең төмен зейнетақы алатын азаматтар. Бұл санаттағылар үшін зейнетақы жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілі ескеріле отырып, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны біржолғы қайта есептеу жүргізілді. Ал екінші буын – 2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа жететін және жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қатысу өтілі толық емес адамдар тобы. Мұндай жағдайда базалық зейнетақы аталған санаттағы адамдар жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде тағайындалады. Яғни, олардың 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақтаған еңбек өтіліне және зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейін төлеген кезеңге байланысты тағайындалатын болады. Ал зейнеткерлікке 2043 жылдан кейін шығатын адамдар базалық зейнетақыны жинақтарының көлеміне қарай алады. Бұл санаттағы адамдарға зейнетақы мөлшері белгіленген әлеуметтік қолжетімді деңгейден төмен болған жағдайда тағайындалатын болады.

Келесі – қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін зейнетақы. Ол қызметкерлердің өздерінің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасады. Бұл ретте, алатын зейнетақы төлемдерінің көлемі азаматтардың жүйеге қатысуына және зейнетақы жинақтарының кіріс деңгейіне байланысты. Инфляция жағдайы ескеріле отырып жарналардың сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік жойылмайды.

«Жинақтаушы есебінен зейнетақы алуға кімдер құқылы?» деген сауалға келсек, оған зейнет жасына жеткендер, күш құрылымдарының қызметкерлері, 5 және одан да көп бала тапқан аналар (53 жастан), 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, Қазақстан Республикасынан тысқары көшіп кеткендер және марқұм болғандардың мұрагерлері жатады. Бұл ретте зейнетақы төлемдері жинақтау қорындағы қаржы таусылғанға дейін төленетін болады. Төлемнің мерзімділігі алушының өз еркімен таңдауына байланысты жүзеге асырылады. Яғни ай сайын, тоқсан сайын немесе жылына бір рет 30 есені құрайтын ең төменгі зейнетақы мөлшерінде төленеді. Ескерте кету керек, қазіргі сәтте бұл 625 мың теңге көлеміндегі қаржы. 

Зейнетақы жүйесіндегі соңғы өзгерістерді шолып шықтық. Енді аталған өзгерістерді халық қалай қабылдады? 

Облыста 232 136 зейнеткер бар болса, соның 73 087-сі – Шымкент қаласының тұрғыны. Бәйдібек ауданы, О.Тайманов ауылынан Сәуле Маханова қалаға зейнетақысын алуға келіпті. 2008 жылы 58 жасында еңбек өтілі жетіп, 24 мың теңгемен зейнетке шыққан Сәуле Маханова қазірде 96 146 теңге зейнетақы алады екен. Ауыл мектебінде 40 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен ардагер ұстаз алатын зейнетақысына, бүгінгі берекелі тіршілігіне мың да бір шүкірлік етеді. Шілде айынан 20 пайызға көтерілген зейнетақы мөлшеріне дән риза. Елбасына, билік басында жүрген ел ағаларына алғысы шексіз.

– 40 жыл аянбай төккен маңдай терімнің қызығын көріп отырмын. «Жас кезінде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген осы екен, – дейді С.Маханова. 

Баян Сопиева Сайрам ауданы, Таскешу ауылының тұрғыны. Мектепте еден жуушы, совхозда жиын-терім бригадасында жұмыс істеген. 29 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шығып, бүгінде 42 мың теңге зейнетақы алады. Баян апаның үйіндегі Құдайберген атамыз да жас кезінен қара жұмыста, Цемент зауытында істеген. 31 жылдық еңбек өтілімен 42 мың теңге зейнетақы алады екен. 

– Жылына 3 рет емделеміз. Ол үшін порталға қабылданып, УДЗ-ға тексерілеміз. Ал оның барлығы – ақша. Шынын айтқанда, 42 мың жол-пұл мен дәрі-дәрмектен аспайды, – дейді Баян апа.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Біз біраз зейнеткермен сөйлестік. Шілдеден бастап көтерілген зейнетақы мөлшеріне бірі разы болса, енді бірінің «жұмырымызға жұқ болмайды» деп көңілі толмайды. Жазда еккен егіннің дәнін күзде орғандай, жас кезінде еткен бейнетіне қарай зейнетін көруде. 

Зейнетақы мөлшеріне қосылған 20 пайыз – аз мөлшер емес. Егер шет елдердің зейнетақы жүйесіне назар аударатын болсақ, олардың көпшілігінің зейнетақы жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына тікелей тәуелді екенін байқаймыз. Мәселен, Венгриядағы зейнетақы мөлшері айлық еңбекақының 40 пайызы шамасында болса, бұл көрсеткіш Ресейде небәрі 27 пайыз деңгейінде ғана. Шындығына келгенде, әлемнің барлық елдеріндегі Мемлекеттік зейнетақы жүйесі зейнет жасына жеткен азаматтардың қарапайым болса да, жап-жақсы өмір сүруіне мүмкіндік береді екен. Дамыған елдердегі мемлекеттік емес зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің орташа алғанда, 20 пайызын қамтамасыз ететін болса, Чехия, Польша, Венгрия, Словакия сияқты елдерде бұл көрсеткіш небәрі 5 пайыздың төңірегінде ғана.

Опубликовано в Әлеумет

shymkala kz-1-67

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ғимаратында Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды.

Орталық азаматтарды қабылдауға арналған күту орындары мен басқа да қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Бұл жерде сотқа дейінгі қылмыстық процестің, атқарушылық өндірістің заңдылығын, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау салалары бойынша кезекші прокурорлар қабылдауды жүргізеді.

shymkala kz-3-67

Олар азаматтарды қабылдап, өтініштерді дұрыс жазуға кеңес берсе, орталық мамандары прокуратура басшыларының жеке қабылдауына жазуды жүргізеді. Сондай-ақ, азаматтар өздерінің алдын жазылған өтініштерді қарау барысы туралы ақпарат пен жауап көшірмелерін алуға мүмкіндіктері бар.

Орталықтың мақсаты – тұрғындарға прокуратура құзырына кіретін сұрақтар бойынша кәсіби заң көмегін көрсету.

Опубликовано в Қала
Среда, 02 Август 2017 06:16

«Жаңа Талап» жарап тұр...

IMG 9406-01-08-17-02-51

ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне орай «Жаңа-Талап» спорттық-туристік агенттігінің ұйымдастыруымен Сайрам-су шатқалында тауға жүгіруден (Skyrunning) жарыс өтті. Оған ОҚО альпинизм федерациясы, каноэ мен байдарка, желкенді қайық пен академиялық ескек есу спортшылары, велошабандоздар және қала тұрғындары қатысты.

IMG 9402-01-08-17-02-51

Жарыс ережісіне сәйкес атлеттер жас ерекшеліктеріне қарай 5 топқа бөлінді. Олар жалпы ұзақтығы 5 шақырым, биіктігі 1300 метрлік «Альтус» тауына жүгіріп шығуы керек. Шыңды бағындару қиындығы жағынан 1Б альпенистік категориясына сәйкес келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылар «Альтус» тауына ең соңғы рет 15 жыл бұрын шыққан екен. 

– Басты мақсатымыз белсенді демалысты дамыту. Қала тұрғындарына Оңтүстік өңірінің әсем табиғатын көрсетіп, тауға жүгіру спортын насихаттау. «Жаңа Талап» тур-операторы ішкі туризмді дамытуға барынша атсалысып келеді. Аты айтып тұрғандай әрқашан жаңа дүниелерді енгізуге, ұйымдастыруға ұйытқы болып жүр. Алдағы уақытта да осы жарысты дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді «Жаңа Талап» туроператорының директоры Денис Жарменов. 

IMG 9417-01-08-17-02-56

Шара қорытындысы бойынша Мәлік Абду-Әсет «Альтус» тауын 1 сағат 5 минутта бағындырып, абсолютті чемпион атанды. Ол бұл спорт түрімен 1 жылдан бері айналысып келеді. Және өзі қатысқан барлық жарыстарда топ жарып жүр. Айтуынша, бала кезінен тауда ойнап өскендіктен, қыр-ойпаттарда жүгіру қатты қиындық тудырмайды. 

IMG 9394-01-08-17-02-51

– Өзім осы тауда ара бағумен айналысамын. Ұйымдастырушылар жарысқа 1-2 апта қалғанда хабар береді. Кішкене дайындалып аламын. Жақында Алматыдағы «Нұрсұлтан шыңын» бағындырып, бірінші орын иелендім. 8 шақырымды 1 сағат 55 минутта басып өттім. Алда тағы да Алматы мен Шымкентте өтетін сайысқа қатысамын, – дейді жарыс жеңімпазы Мәлік Абду-Әсет.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға бағалы және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Опубликовано в Спорт

Шымкент қаласының әкімдігі жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін игілікті жобаны қолға алды. Ендігі жерде жаңа бұйымдар мен ғажайып өнер туындыларына жаны құмар жандар іздегенін Арбат көшесінен табуға мүмкіндігі бар.

vlcsnap-2017-07-17-20h04m34s161

– Оңтүстік Арбат – тұрғындардың арнайы іздеп келетін таңдаулы орындарының біріне айналмақ, – дейді жоба жетекшісі Лилия Ишмурзина. – Мұндай әйгілі көшені қолға алу идеясы көптен бері сөз болып жүрген-ді. Қазір міне, қала тұрғындары мен қонақтары мұнда суретшілердің көрмесін, кәдесыйлардың алуан түрлерін тамашалай алады. Іс-шара концерттік қойылымдармен үйлесім тауып, көше театрларының әртістері өз өнерлерін паш етпек.

Айта кетерлігі, мұндай Арбат көшесі елімізде тек Астана мен Алматы қаласында ғана бар. Мұнда жоғары сән дүкендері, көркемсурет галереясы, театр, дәмхана мен мейрамханалар да тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Әншілер классикалық, заманауи әндерді орындаса, жастар арасында флешмоб ұйымдастырылады. Суретшілер достық шарждарын немесе өз бейнеңізді салып береді.

Егер де сіз мұндай ғажайып сәттерге куә болғыңыз келсе, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндерінде түс ауа сағат 16:00-ден бастап Әл-Фараби алаңында, нақты айтқанда, «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының алдында өтетін көрме-жәрмеңкеге келіңіз!

Оңтүстік Арбат жәрмеңкесі әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндерінде сағат 16:00-ден басталады

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 26 Май 2017 09:27

Кондуктор, саған айтам...

немесе

қоғамдық көлік мәдениеті қашан түзеледі?

 

...Сағат кешкі 19:30 шамасы. «Дархан» автовокзалы аялдамасынан №84 бағыттағы қоғамдық көлікке мініп едік. Үйге жеткенше «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткердік. Автобус жүргізушісі үш аялдамадан кейін жолаушыларды артында келе жатқан көлікке ауыстырды. Мұның себебін техникалық ақау деп түсіндірді өзі. Әрі қарай да осы жағдайға куә болдық. Жүргізуші «Мега» сауда үйі аялдамасында тағы он минут күттіріп қойды. Сөйтсек, оның да автобусы бұзылғанға ұқсайды. Амал жоқ, үшінші автобусқа ауысып, ақыры үйге де жеттік-ау.

DSC 0151

Тәртіпсіз жүргізушілер жұмыстан қуылды

БАҚ беттерінде, әр түрлі жиын-жиналыстарда қоғамдық көлік мәдениетін көтеру жиі айтылып жүр. Түзелсе деген шырыл ғой. Жүргізушілердің де, кондукторлардың қоғамдық ортада тәртіп сақтауы – өзекті мәселеге айналғаны қашан?!. 

«Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасына» сәйкес, қоғамдық көлік қызметі жаңа сатыға көтерілуі тиіс. Мегаполис шаһарда қоғамдық тәртіп, адамдардың қарым-қатынасы жоғары мәдениеттілікке жетпек ләзім. 

Қуантарлық жағдайлар да бар. Жолдар жөнделіп, автобустар жаңарды. Көлік компанияларының бәрі де бірыңғай формамен қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл қалаға 230 жаңа автобус әкелінеді. Шалғайдағы, жолаушылар ағыны төмен шағынаудандарына қатынайтын 10 әлеуметтік маңызы бар бағытта 100 автобус жүрмек. Бұған мемлекеттік бюджеттен көмек беріледі. Автобустардың алғашқы легі маусым айында келмек. 

Жалпы, қалада күнделікті 430-450 мың жолаушы қоғамдық көлік қызметін пайдаланады. 29 көлік компаниясы тұрғындарды 75 бағыт, 1200 кесте бойынша тасымалдайды. Бұл – ауқымды қызмет. Мәселеге байыппен қарасақ, негізінен, тәртіпсіздіктің басты себебінің бірі – жұмысқа салғырт қарауынан болып тұр. 

Қоғамдық көлік те – көпшілік орын. Оның да өз мәдениеті, өз тәртібі бар. Барлық іс-қимылымыз көпшіліктің көз алдында. 

Таяуда ғана № 84, 92 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушілері жаға ұстасып қалып, екеуі де жұмыстан қуылған еді. 

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1 наурыздан бастап аялдама атауларын дұрыс, мәдениетті түрде айту, көше аялдамаларында айқайламауға тапсырма берілген. Тапсырмалардың орындалуы қалай? Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев бізді біршама жағдайлардан хабардар етті. Ұсыныстарын да тыңдадық. 

nad– Тапсырмаға сәйкес, рейдтік іс-шаралар өтіп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзған 15-ке жуық кондуктор жұмыстан шығарылды. Орта жолдан тастап кететіндер де анықталып отыр. Бұл жағдай бұрынғымен салыстырғанда біршама реттелді. Компания басшыларымен де мәселені талқыладық. Жалпы, қоғамдық көліктер сағат таңғы 7.00 мен кешкі 21.00 арасында жүруі керек. Заңға сәйкес, жалпы жоспарланған бағыттың 70 пайызын орындаса, ол дұрыс болып есептеледі. Тиісінше, 20.00 мен 21.00 аралықта да 70 пайыз жүргізу мәселесі талқыға түсіп жатыр. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің басшыларына өз ұсынысымызды айттық, – дейді сектор меңгерушісі. 

Тағы бір айта кетерлігі, қала әкімдігі қоғамдық көліктердің уақытылы бағытқа шықпауы, кестеден кешігу себебіне байланысты 13 компания арасында келісім-шартты бұзған. Бұл компанияларға тиесілі 8 бағыттың ісі дәл қазір сотта қаралып жатыр. Алты бағыт бойынша келісім-шарт қайта түзіліпті. Он жылға созылған келісім бойынша енді компаниялар 120 күн ішінде бағыттарды түгел дерлік жаңартуы тиіс. Талап осындай. Орындамаса, келісім-шарт қайта бұзылады. 

 

Неге Нәзір Төреқұлов көшесі демейміз?

Қалада көлік компанияларының бәрі жекеменшік. Жұмысқа кімді алатындары өздерінің еркінде. Кондукторларға деген талапты да күшейтіп жатыр-ау. Бірақ...

Аялдамаларды хабарлаудағы тіл тазалығына деген құрмет кемшіндеу түсіп жатыр. Баяғы жартас, сол жартас әлі де... Қазір де «Карл Маркс», «Баумана», «Некрасова», «Полторацкий» деп айтудан арылмай-ақ тұр. Рысқұлов көшесін Рысқұлова дейтін сабаздарды қайтерсің?...Карл Маркс көшесі – М. Х. Дулати, Некрасов көшесі – Нәзір Төреқұлов, Попов көшесі – Ақназар хан, Полторацкий көшесі – Илияев көшесі аталғанына жиырма жылға жуықтады. Бірақ біз әлі күнге дейін ескі сарыннан айырылмай келеміз. 

Ойланатын жағдай. Тыл ардагері Өркен Әбдіреев көптен бері осы мәселені көтеріп жүр. Қоғамдық көліктердің басшыларымен де жиі кездеседі. Кондукторларға да ескертеді. Бірақ, нәтиже жоқ. 

orken– Аялдамалар қазіргі қазаққа еңбегі сіңген азаматтардың атымен аталады. Бұл – өте қуантарлық. Бірақ оны дұрыс атамайтынымыз ұятты жағдай. Аялдамалардың атауын толық, қатесіз айтуға не кедергі? Оған мысал жеткілікті. Мәселен, «Мардан Сапарбаевтан түсетін кім бар?» дейді. Ұят емес пе?! Арыстай азаматты қорлау ғой бұл. «М. Сапарбаев аялдамасынан түсетін кім бар?» деп неге толық хабарламайды? Қаламыз тек көркейіп қана қоймай, елімізге қазақылық жағынан да үлгілі болса екен», – дейді ардагер. 

Жалпы, Ономастика комиссиясы бекіткен көше атауларын толық айту талабы қойылған. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кездесулер, семинарлар ұйымдастырып жатыр. Енді бұдан қорытынды шығару керек.

 

Электронды билет жүйесіне көшетін кез келді

Келешекте электрондық билет жүйесі енгізіледі. Технологияның дамыған заманында бәрібір осыған көшуге мәжбүрміз. Ондай жағдайда қоғамдық көлік қызметіндегі мәдениетіміз де артуы тиіс. Заман талабы осы. 

Бүгінде Астанада мәдениеттілікті көтеруге арналған мемлекеттік мекеме құрылыпты. Сол жерде кондукторлар, жүргізушілер оқытылып жатыр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, бізде де осындай оқу орындарын ашу көтерілген. Өкінішке қарай, бұл мәселе шешімін таппаған. Ол – әзірге болашақтың ісі.

Электрондық жүйе туралы айқанда, бізде әзірге кей автобустарда дыбыс зорайтқыштар ғана бар. Оның өзі тіптен аз. Жалпы, электронды билет жүйесі енгізілген жағдайда кондукторлардың қызметіне сұраныс болмайтыны тағы айқын. Бірақ мамандардың пікірінше, бұл жүйеге көшуде кондукторлардың қызметінен түбегейлі бас тарта алмаймыз. Олай істесек, бір жарым мың кондуктор жұмыссыз қалмақ. Әрі екі тарапқа да кедергісі тиетін сыңайлы. Бұл мәселеде кейбір тұрғындардың жолақысын төлемей кететіні кездесіпті. Ал кондукторлар ақы төлеуге міндеттейді.

 

Қоғам болып атсалысатын мәселе

Тіл жанашыры Қабыл Дүйсенби «Шымкент келбеті» газетінде тіл тазалығына қатысты дүркін-дүркін мәселелер көтергенін көпшілік ұмыта қойған жоқ. Коммунистермен, кертартпалармен күресе жүріп, көше аттарын өзгертуге қажыр-қайратын жұмсаған. Қабыл Тұрарұлы 90 жылдардан бастап Шымкент қаласындағы мемлекеттік тілдің ахуалын жақсартуға сүбелі үлес қосты. Ол кісінің табандылығының арқасында (1993-2001 жылдары қалалық ономастика комиссиясының хатшысы болған) қаладағы 600-ден астам көшенің атаулары қайта аталыпты. 

Бізге де осындай өз қаламызға деген жанашырлық керек. Қоғамдық көлік саласындағы мәселелерді шешуге әрбіріміз үлес қосуға әрекеттенсек. Тәртіпсіздікке куә болсаңыз немесе дұрыс хабарланбаса, сіз де де өз қайратыңызды танытыңыз. Орынды ескерту жасап, жөн сілтеңіз! Мұндай мәселеде әрбір азаматтың бойынан мемлекетшілдік, ұлтжандылық байқалып тұруы керек. 

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі бұл мәселеге жауапты төрт адам, диспетчерлік қызметінде он екі адам қайсыбір келеңсіздікті реттеп үлгереді? Мінекей, қоғам болып атсалысатын кез келді.

 

P.S. Кеше таңертең №84 бағытқа міндік. Аялдамаларды айқайлап хабарлау тиылыпты. Жұмысқа келгенше даңғаза музыка да қойылған жоқ. Жолаушылардан да ешқандай өкпе-реніш, шағымын естімедік. Кондуктор жігіт Азамат Әшенов аялдамалардың бәрінің қазақша атауын жатқа біледі. Жұмысты бастағанына екі ай болыпты. № 2 колледжде құрылыс мамандығы бойынша білім алған. Көптен бері айтылып жүрген сын-ескертпелерден қорытынды шығаруға ниетті. 
Шынтуайтында, жолаушыларды тасымалдау қиын да жауапты сала. Таң қылаңдап атқаннан, қас-қарайғанға дейін қала тұрғындарына қалтқысыз қызмет ету ауыр еңбек. Дегенмен, қоғамдық ортада жауапкершілікке көңіл бөлуді де ұмытпаған жөн.

Опубликовано в Қоғам

(Ерболат НҰРМАХАНОВ, қалалық мәслихат депутаты)

«Ақниет», «Ынтымақ», «Ынтымақ-2», «Жиделі», «Тұрлан», «Жаңа Тұрлан» елдімекендерінің тұрғындары дауыс беріп, нәтижесінде №8 сайлау округі бойынша Ерболат Нұрмаханов депутат болып сайланған-ды. Е. Нұрмахановтың Шымкент қалалық мәслихатының құрамына енгеніне небәрі жыл өтті. Әйтсе де, бір жыл аз уақыт емес. Бұған дейін кәсіпкерлікпен айналысып келген медицина саласының маманы халықтың арызын қалай тыңдап жүр? Біз осы орайда депутатпен бірге сайлаушылардың мұң-мұқтажын тыңдап, алдағы жұмыс жоспарларын біліп қайттық.

20170407 111255

Халықтың арызын билікке жеткізу – депутаттың парызы

Қаланың шеткі аудандарында орналасқан елдімекендерде өзекті мәселе көп-ақ. Ауызсу тапшылығы, табиғи газ, сапалы электр жарығы, жол, мектеп, балабақша, қоғамдық көлік, қауіпсіздік шаралары... бәрі-бәрі қажет. Халық қалаулысы тұрғындардың арызын тыңдап, сол бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға назарын салды. Қаражаттың дер кезінде игерілуін қадағалап, билік өкілдеріне ұсыныс хат жолдауды міндетіне алған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Жақыпұлы бір жылда атқарылған жұмыстарды қайта таразылау үшін халықпен кездесті. Жиын былтыр пайдалануға берілген жаңа нысан, №54 жалпы орта мектептің мәжіліс залында өтті.

– Бұрын депутаттар халықпен әр ай сайын, тоқсан сайын кездесу ұйымдастыруы тиіс болатын. Қазір елдің бәрі телефон пайдаланады, «Messenger» бағдарламаларымен күнде байланыстамыз. Ауыл билері, төбе би, үлкенді-кішілі белсенді азаматтардың көбі танысып, нөмірімді алған. «Мына жерде мынадай жағдай болып жатыр» десе, «кездесу келесі аптада өтеді» деп қарап отырмаймыз. Деректерді алып, бірден іске кірісеміз. Тіпті, бұл округтің қай жеріне не қажеттігін жатқа білемін, – дейді Е. Нұрмаханов.

20170407 131740

Депутат бізге берген сұхбатында халықтың арызын жеткізген ұсыныс хаттарын атап өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б. Жанбосыновқа «Тұрлан» саяжайындағы кәріз сулары жиналатын тазарту ғимаратының экологиялық жағдайы туралы, «Ақниет», «Самал-3», «Ынтымақ» шағынаудандарындағы мектеп қажеттілігі жайында қала әкімінің орынбасары Қ. Нұртайға, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Сайлауовқа халықтың арызын жеткізіпті. Сондай-ақ, Абай ауданының әкімі А. Татыбаевқа «Ынтымақ» шағынауданына ауызсу тарту бойынша, ал Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Жұматаевқа осы елдімекеннің жалпы ұзындығы 8 100 метрді құрайтын көшелеріне шағал тас төсеу, «Ақниет» шағынауданында асфальт төсеу, Алматы ескі айналма жолының бойынан аяқжол салу мәселесін алға тартып, ұсыныс хат жолдаған.

 

Алты мыңнан астам абонент ауызсумен қамтылмақ 

– Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы «Самал-3» шағынауданындағы 3 713 абонентті ауызсумен қамту жобасы 2015 жылы қолға алынған. Бұл жұмыстарды жүргізуге бюджеттен 707 млн 10 мың теңге қаржы қаралып, 2016 жылы аяқталуы тиіс болатын. Мердігер мекеме «СМК-7Ж» ЖШС-гі су құбырының құрылыс жұмыстарын дер кезінде тапсырды. Қазіргі таңда «Су құбырлары және канализация басқармасы» МКК абоненттеу жұмыстарын жүргізуде, – деген Ерболат Жақыпұлы ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. 

IMG 8207

Депутаттың айтуынша, «Қызылжар», «Ынтымақ» шағынауданындағы 2 661 үйге ауызсу жүйесін тартуға 366 млн 127 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінде 200-ге жуық шаңырақ таза ауызсумен қамтылып үлгерген. Қалған 2 400 абонентке су есептегіш құралын орнату жұмыстары жалғасуда. Демек, таяу күндерде 6 мыңнан астам абонент ауызсумен қамтылады. Ал «Жаңа Тұрлан», «Ынтымақ-2», «Солтүстік саяжай», «Батыс» шағынаудандарына таза су жүйесін тарту барысында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуде.

– Аталған елдімекендерді таза сумен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы қаралуда. Бұл жұмыстар 2017 жылдың екінші жартысында басталуы тиіс, – дейді депутат.

 

Жаңа мектепке пианино сыйлауға уәде берді

№54 орта мектептің мәжіліс залында өткен депутаттың халықпен кездесуіне Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Хамит Төлембаев қатысты. Халықтың жол салу мәселесіне байланысты сұрақтарына Н. Тілешұлы «Қазіргі таңда сұраныс бойынша бір ғана көшеге асфальт төсеу тәртібі өзгерді. Бұрын қай көшеден өтініш түссе, сол көшенің сұранысы қаралатын. Алдағы уақытта жол салу, асфальт төсеу жұмыстары бір шағынауданның барлық көшесінде бірден жүргізілетін болады» деп жауап берді.

IMG 8175

– Бізде әлі тасы төселмеген 150 көше бар. Ал биылғы бюджеттен бөлінген қаражат 50 млн теңгені құрайды. Бұл 21 көшені асфальттауға жетеді. Дегенмен, қала шетінде орналасқан елдімекендердің жағдайын жақсарту, инфрақұрылымын дамытуды Елбасымыз облыс, қала басшыларына басты міндет етіп қойды, – деді аудан әкімінің орынбасары.

№8 сайлау округының тұрғындары көбіне қоғамдық көлікті жүргізуге, жүру кестесін ұзартуға, аялдама санын көбейтіп, жол белгілерін, аялдама орнатуға өтініш жасады. Қоғамдық көліктегі әдептің сақталуы, жергілікті тұрғындарға білінбейтін кейбір жайсыздықтарды атап өткен Х. Төлембаев қызмет сапасын арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстармен таныстырды. Ал «Жиделі» тұрғындары жекеменшіктегі табиғи газды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне өткізуге депутаттың ықпал етуін сұранды.

Халық қабылдауынан кейін Ерболат Жақыпұлы Ұлжан Дүйсенбайқызының басқаруындағы №54 орта мектептің жай-күйімен танысты.

– Балалар мектеп қабырғасында жүріп-ақ жан-жақты білімді, өнерлі және әлемдік деңгейдегі мәдениет пен өркениеттен хабардар болуы тиіс, – деген халық қалаулысы жаңа мектепке көрімдік ретінде пианино сыйға тартуға уәде берді.

Бұдан кейін депутат қалалық құрылымдық бөлім мамандары және аудан әкімдігінің қызметкерлерімен бірге әлеуметтік көмек сұраған тұрғындардың отбасылық жағдайымен танысты. Сондай-ақ, шағынаудандардағы әлеуметтік нысандарға бөлінген жер телімдерін аралап көрді.

Халықтың арызын билікке жеткізу – депутаттың парызы
Қаланың шеткі аудандарында орналасқан елдімекендерде өзекті мәселе көп-ақ. Ауызсу тапшылығы, табиғи газ, сапалы электр жарығы, жол, мектеп, балабақша, қоғамдық көлік, қауіпсіздік шаралары... бәрі-бәрі қажет. Халық қалаулысы тұрғындардың арызын тыңдап, сол бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға назарын салды. Қаражаттың дер кезінде игерілуін қадағалап, билік өкілдеріне ұсыныс хат жолдауды міндетіне алған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ерболат Жақыпұлы бір жылда атқарылған жұмыстарды қайта таразылау үшін халықпен кездесті. Жиын былтыр пайдалануға берілген жаңа нысан, №54 жалпы орта мектептің мәжіліс залында өтті.– Бұрын депутаттар халықпен әр ай сайын, тоқсан сайын кездесу ұйымдастыруы тиіс болатын. Қазір елдің бәрі телефон пайдаланады, «Messenger» бағдарламаларымен күнде байланыстамыз. Ауыл билері, төбе би, үлкенді-кішілі белсенді азаматтардың көбі танысып, нөмірімді алған. «Мына жерде мынадай жағдай болып жатыр» десе, «кездесу келесі аптада өтеді» деп қарап отырмаймыз. Деректерді алып, бірден іске кірісеміз. Тіпті, бұл округтің қай жеріне не қажеттігін жатқа білемін, – дейді Е. Нұрмаханов.Депутат бізге берген сұхбатында халықтың арызын жеткізген ұсыныс хаттарын атап өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б. Жанбосыновқа «Тұрлан» саяжайындағы кәріз сулары жиналатын тазарту ғимаратының экологиялық жағдайы туралы, «Ақниет», «Самал-3», «Ынтымақ» шағынаудандарындағы мектеп қажеттілігі жайында қала әкімінің орынбасары Қ. Нұртайға, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Сайлауовқа халықтың арызын жеткізіпті. Сондай-ақ, Абай ауданының әкімі А. Татыбаевқа «Ынтымақ» шағынауданына ауызсу тарту бойынша, ал Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Жұматаевқа осы елдімекеннің жалпы ұзындығы 8 100 метрді құрайтын көшелеріне шағал тас төсеу, «Ақниет» шағынауданында асфальт төсеу, Алматы ескі айналма жолының бойынан аяқжол салу мәселесін алға тартып, ұсыныс хат жолдаған.
Алты мыңнан астам абонент ауызсумен қамтылмақ 
– Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы «Самал-3» шағынауданындағы 3 713 абонентті ауызсумен қамту жобасы 2015 жылы қолға алынған. Бұл жұмыстарды жүргізуге бюджеттен 707 млн 10 мың теңге қаржы қаралып, 2016 жылы аяқталуы тиіс болатын. Мердігер мекеме «СМК-7Ж» ЖШС-гі су құбырының құрылыс жұмыстарын дер кезінде тапсырды. Қазіргі таңда «Су құбырлары және канализация басқармасы» МКК абоненттеу жұмыстарын жүргізуде, – деген Ерболат Жақыпұлы ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Депутаттың айтуынша, «Қызылжар», «Ынтымақ» шағынауданындағы 2 661 үйге ауызсу жүйесін тартуға 366 млн 127 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінде 200-ге жуық шаңырақ таза ауызсумен қамтылып үлгерген. Қалған 2 400 абонентке су есептегіш құралын орнату жұмыстары жалғасуда. Демек, таяу күндерде 6 мыңнан астам абонент ауызсумен қамтылады. Ал «Жаңа Тұрлан», «Ынтымақ-2», «Солтүстік саяжай», «Батыс» шағынаудандарына таза су жүйесін тарту барысында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуде.– Аталған елдімекендерді таза сумен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы қаралуда. Бұл жұмыстар 2017 жылдың екінші жартысында басталуы тиіс, – дейді депутат.Жаңа мектепке пианино сыйлауға уәде берді
№54 орта мектептің мәжіліс залында өткен депутаттың халықпен кездесуіне Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Хамит Төлембаев қатысты. Халықтың жол салу мәселесіне байланысты сұрақтарына Н. Тілешұлы «Қазіргі таңда сұраныс бойынша бір ғана көшеге асфальт төсеу тәртібі өзгерді. Бұрын қай көшеден өтініш түссе, сол көшенің сұранысы қаралатын. Алдағы уақытта жол салу, асфальт төсеу жұмыстары бір шағынауданның барлық көшесінде бірден жүргізілетін болады» деп жауап берді.– Бізде әлі тасы төселмеген 150 көше бар. Ал биылғы бюджеттен бөлінген қаражат 50 млн теңгені құрайды. Бұл 21 көшені асфальттауға жетеді. Дегенмен, қала шетінде орналасқан елдімекендердің жағдайын жақсарту, инфрақұрылымын дамытуды Елбасымыз облыс, қала басшыларына басты міндет етіп қойды, – деді аудан әкімінің орынбасары.№8 сайлау округының тұрғындары көбіне қоғамдық көлікті жүргізуге, жүру кестесін ұзартуға, аялдама санын көбейтіп, жол белгілерін, аялдама орнатуға өтініш жасады. Қоғамдық көліктегі әдептің сақталуы, жергілікті тұрғындарға білінбейтін кейбір жайсыздықтарды атап өткен Х. Төлембаев қызмет сапасын арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстармен таныстырды. Ал «Жиделі» тұрғындары жекеменшіктегі табиғи газды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне өткізуге депутаттың ықпал етуін сұранды.Халық қабылдауынан кейін Ерболат Жақыпұлы Ұлжан Дүйсенбайқызының басқаруындағы №54 орта мектептің жай-күйімен танысты.– Балалар мектеп қабырғасында жүріп-ақ жан-жақты білімді, өнерлі және әлемдік деңгейдегі мәдениет пен өркениеттен хабардар болуы тиіс, – деген халық қалаулысы жаңа мектепке көрімдік ретінде пианино сыйға тартуға уәде берді.Бұдан кейін депутат қалалық құрылымдық бөлім мамандары және аудан әкімдігінің қызметкерлерімен бірге әлеуметтік көмек сұраған тұрғындардың отбасылық жағдайымен танысты. Сондай-ақ, шағынаудандардағы әлеуметтік нысандарға бөлінген жер телімдерін аралап көрді.

Опубликовано в Әлеумет

image-22-12-16-18-47-1Халық қалаулылары жайлы әңгімеміздің бүгінгі кейіпкері – Шымкент қаласы мәслихатының VI шақырылымында сайлаушылардың басым даусына ие болған депутат Марат Сәрсекұлы Тамабаев. Менім мандатына ие болған халық қалаулысы жыл басынан бері нендей жұмыстар атқарды? Сайлаушыларымен байланысы қандай?


«Алдияр Геотон» ЖШС директоры Марат Сәрсекұлы бұған дейін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде ұзақ жыл қызмет етіп, полковник шенінде зейнетке шыққан. 14 348 сайлаушысы бар №21 сайлау округі бойынша 9352 дауысқа ие болып, 2016 жылдың наурыз айынан бері қалалық мәслихаттың депутаты міндетін атқарып келеді. 

 

№21 сайлау округіне – 2014 жылы Шымкент қаласының аумағына Сайрам ауданынан енген «Базарқақпа», «Абдулабад», «Тұрдыабад», «Шаңырақ» және Төлеби ауданынан енген «Тоғыс», «Айнатас», «Маятас», «Елтай», «Жыланбұзған» тұрғын алаптары қарайды. Депутат жыл басынан бері сайлаушыларымен 20 кездесу ұйымдастырып, нәтижесінде құзыретті мекемелерге 15 депутаттық сауал жолдаған. Онда ауызсу, электр энергиясы, жол құрылысы мен ережелері, мектеп, балабақша және медициналық қызметке жүгіну барысында туындаған мәселелер көтерілген. Ұсыныстың барлығы қаралып, өз шешімін тапқан. Атап айтқанда, тұрғындарға бұған дейін жергілікті амбулаторияда медициналық анықтама берілмеген. Еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін қала орталығындағы емханаларға қатынауға мәжбүр болатын. Сырқаты дендеп, жұмысқа жарамай тұрған науқас күні бойы ауруханадағы кезекте тұруға мәжбүр. Депутаттың ең алғаш қолға алған жұмысы – қызуы көтерілген жандарды орталықтағы емханаға сабылудан құтқару болды. Еңбекші аудандық әкімдігі мен медицина саласының мамандарына халықтың сұранысын жеткізген М.Сәрсекұлы науқас адамның еңбекке жарамсыздық парағын немесе сабақтан қалғаны үшін берілетін үш күндік анықтама қағазын жергілікті амбулаториядан алуға мүмкіндік туғызды. Ветеринариялық қызметтің көмегімен қала сыртын жайлаған қабаған иттер мен иесіз мысықтарды аулау жұмыстары ұйымдастырылды. Қоғамдық көлік жүргізу жолға қойылып, олардың кестеге сай қозғалуы пысықталды. Қауіпті жерлерге жол белгілерін, бағдаршам орнату мәселелері оң шешімін тапты. «Тоғыс» тұрғын алабындағы Нефтеразведка тұрғындары жолға шығатын баспалдақ қала бюджетінің есебінен жаңартылды. «Елтай» тұрғын алабындағы тозығы жеткен көпірді қалпына келтіру жұмыстарын депутат қаржыландырған. Енді тұрғындар жүріп өтетін 3 шақырымдық жол үш есеге қысқарды.

20161206 123451

– Тұрғын алаптарда жол мәселесі әлі де өзекті. Орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың маңайын ретке келтіру, халықтың қауіпсіздігі үшін қажетті жол белгілерін орнату, жарықтандыру және аяқ жолдар салу бағытында жұмыстарды жалғастыра бермекпіз, – дейді Марат Тамабаев.

 

Үшемге көмек бере аламыз ба?

М. Тамабаев тұрғын алаптардың жайынан бөлек жеке мәселесімен қабылдауына кіретіндерге де уақыт бөледі екен. Соның бірі – Гүлноза Орынбаева. 2014 жылы үшемдерді дүниеге әкелген жас ана бір шаңырақты 4 отбасы паналап отырғанын айтып, көмек сұрады. Бала күтіміне байланысты үйде отырған Гүлноза сол күнге дейін ешкімнен ешқандай жәрдем сұрамағанын алға тартып, баспана мәселесін шешіп беруді өтінді.

daputat 27

– Г. Орынбаеваның отбасындағы жағдайымен таныстым. Мұқтаждық басым екеніне көз жеткізгендіктен әзірге тек тұрғын үй кезегіне тұруға көмектесе алдым. Ал баспана мәселесін шешіп беру қыруар қаржыны талап етеді. Дегенмен, пәтер кезегінде тұрғандардың аз емес екенін ескерсек, кезек жуық арада келмесі анық. Орынбаеваның отбасылық жағдайына байланысты үшемдердің анасына пәтер беру мүмкіндігі болмаса да, үй салып алу үшін жер телімі берілгені дұрыс деп есептеймін, – дейді Марат Сәрсекұлы.

Бір қазаннан тамақтанатын 20 жанның жағдайы мен ерекше сүйіншіден үміті бар үшемдердің тіршілігі бізді «мәселенің барлығы халық қалаулысының ұсыныс хатымен шешіле салар ма екен?» деген ойға тіреді.

 

20160806 193245Қабылдау қалай өтуде?

Халық «бізге керегі заңды білу» дейді. Олар заңды жетік меңгерген маманнан кеңес алып, құқықтық көзқарастарын қалыптастыра алғанына дән риза. Депутаттың қабылдауына қатысып, әр азаматтың сұрағын мұқият тыңдап, заңды түрде қандай қадамдар жасауға мүмкіндігі барын түсіндіретініне куә болдық. Бір қызығы, Марат Сәрсекұлы қабылдау уақытын шектеуге асықпады. Әр айдың бірінші сейсенбісі, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықты «Базарқақпа», «Абдулабад», «Тұрдыабад», «Шаңырақ» тұрғындарына арнаса, келесі күнгі қабылдауын Қазығұрт аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөліміне қарасты «Тоғыс», «Айнатас», «Маятас», «Елтай», «Жыланбұзған» тұрғындамен өткізеді екен. 

Шымкент қаласына жаңадан қосылған тұрғын алап халқы түрлі сұрақтарымен депутатқа күнделікті қоңырау шалып хабарласа алады. Сонымен бірге, Whatsapp қызметі арқылы да сұрақтарына тиісті жауап алып отырады.
«Депутат дидары» айдарының қонағы Марат Тамабаев сайлаушыларды өзі іздеп баратынымен ерекшеленді. Депутатты кеңсесіне іздеп бармай, жергілікті халықпен жұмыс жүргізу бөлімінде күтудің тағы бір артықшылығы – алға тартқан мәселесінің тағдыры не болатынын апталап күтпейтінінде.

 

20161206 114847Самат ЖҮНІСБАЕВ,
Қаратөбе аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы:

– Марат Сәрсекұлы депутаттық мандатын алғаннан кейін халықты біздің бөлімде қабылдауға және бөлім қызметкерлерінің де қатысуына ұсыныс жасады. Біз қуана келістік. Себебі, қала аумағына қосылғанына екі жыл ғана өткен бұл елдімекендерді қала деңгейіне жеткізу үшін қордаланған мәселелерді шешуіміз қажет. Ол үшін халықтың басын қосып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап жүйелеу керек. Осы орайда депутаттың халықты қабылдау жүйесі бізге зор көмек болып, жұмыстың жандануына септігі тиюде. Халық қандай мәселемен келгенін депутат қабылдауында бірге отырып тыңдаймыз.

 

20161206 121128Акрам ИСМАИЛОВ,
Қаратөбе аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің нұсқаушысы:

– Өзекті мәселелерін алға тартып, шешімін іздеген әрбір тұрғын депутатпен қай күні, қай жерде кездесетінін жақсы біледі. Қабылдау тәртібіне сай сұрақтарын міндетті түрде қағазға түсіріп әкеледі. Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Марат Тамабаевтың қабылдауына бөлім қызметкерлері түгел қатысамыз. Мәселен, халық судың жайын айтса, біз кейінге қалдырмай бөлімдегі ресми мәліметтерді бірден ұсынамыз. Сол мәліметтер негізінде хаттама толтырып, М.Сәрсекұлына тапсырамыз. Мұндай тәртіппен су мәселесі шешілді. «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Терекзар көшесінде 55 метрлік орталық құбырдың жарамсыз болып қалуына байланысты халық ауызсу тапшылығына тап болды. Жаздың күні, ораза айы еді. Бюджеттен қаржы бөлуге ұзақ уақыт кететінін ескерген депутат бұл жұмыстарды өзі қаржыландырды.

 

20161206 121438Сәуле ШАПАЛЕВА,
Қаратөбе аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы:

– Біздің бөлімге қарасты тұрғын алаптарда жылжымайтын мүліктерді қайта заңдастыру, коммуналдық қажеттіліктер, қоғамдық көлікке деген сұраныс кезек күтірмейтін мәселелер еді. Өйткені, жұмысқа орналасу, әлеуметтік, басқа да қызметтерге жүгіну, несие алу, жалпы кез келген мәселе тұрғылықты мекенжай анықтамасымен шешіледі. Ал мекенжай анықтамасын алу үшін облыс аумағынан қалаға енген елдімекендердің құжаты қайта рәсімдеуден өтуі тиіс. Бұл – бір. Екіншіден, ауызсу тапшылығы, жарықтың сапасыздығы және тұрмыстық қалдықтарды тазарту қызметіне байланысты жасалған келісімшарт мәселесі халықтың көкейкесті сауалына айналған. Үшіншіден, аталған мәселелерді шешу немесе медициналық қызметті пайдалану, оқуға, жұмысқа қала орталығына қатынау үшін қоғамдық көлік қажет болатын. Міне, осы айтылған халықтың сұранысын тыңдаған депутатымыз М.Сәрсекұлы бірқатар мәселе бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс жасап, қадағалап, жүйелі түрде шешімін табуға ықпал етті.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 07 Апрель 2017 04:24

Мегаполис мүмкіндіктері

Шымкент әлеуетті де дәулетті қала болмақ

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Шымкент Астана мен Алматыдан кейінгі халқы миллионды қамтитын үшінші алып мегаполиске айналуы тиіс» деген болатын. Содан бері көне шаһарда үлкен өзгерістерге дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Оңтүстік тұрғындары мұндай қарқынды өзгерістен, бұрын-соңды бұл аймаққа таңсық болған «Мегаполиске» қызығушылығы ауа бастады. Дегенмен, жұртшылықтың ауызынан әлі де «Шымкент мегаполис болса не болады?», «Мегаполис тұрғындары деген кімдер?», «Жалпы мегаполис деген не?» деген секілді сұрақтарды да естіп қалатынымыз жасырын емес. Көпшіліктің көкейіндегі осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

DSC 1952

МЕГАПОЛИС ДЕГЕНІМІЗ...

Қазақстанда бір шаршы км-ге 6 адамнан, ал Сингапурде 7437 адамнан келеді екен. Бұл мемлекетіміздің халық саны жер аумағының үлкендігіне сай келмейтіндігін көрсетеді. Осындай үлкен территорияда тұрғындарды біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру оңай емес. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында халықты аумақтық ұйымдастыруға баса назар аударылады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.

Халықты аймақтық ұйымдастыруға – орналасу және қоныстану жатады. Осыған орай облыс, қала, ауылдық елдімекендер деген секілді атауларға бөлінген.

Қалалар – кез келген мемлекет дамуының негізгі рөлін атқарады. Мұнда адамдар көп шоғырланғандықтан түрлі бағыттарда еркін дамуға мүмкіндік болады. Сондықтан да әлемнің барлық жерлерінде ауылдан қалаға қоныс аудару процесі көп жүреді. Бұны бір сөзбен – урбандалу деп атайды. Ал тиісінше қала тұрғындары әлеуетінің артуы жалпы мемлекеттің қалыптасуына септігін тигізбей қоймайды. 

Қалалық орналасудың 3 формасы бар. Олар қала, қалалық агломерация және мегаполис. 

Қала – тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елдімекен. Елімізде қала болуы үшін халық саны 50 мыңнан асуы керек. 

Агломерация лат. aqqlomerare - қосылу деген мағынаны береді. Қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядро) және жақын маңындағы байланысы жақсы дамыған серіктес қаладан тұрады. Мысалы, Қарағандыны айтуға болады. Ал бұл Tеміртау қаласының пайда болуынан туындаған. 

Мегаполис – орналасудың үшінші формасы. Грек тілінен meqas - ірі (үлкен), polis – қала деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грекияның 35 елдімекенінің тұтасып кетуі нәтижесінде қалыптасқан «Мегалополь» қаласының атауынан пайда болған. Бұл агломерациялардың бірігуінен туындайды. Мегаполис тек қалалық құрылыстардан ғана тұрмайды. Шамамен аумағының оннан тоғыз бөлігі ғана ашық жерлер болады. Қала тұрғындарының саны миллионнан асады. Елімізде Алматы – Талдықорған, Астана – Қарағанды, Шымкент – Тараз секілді қалалар маңында кездеседі. Дүниежүзінде қалыптасқан мегаполистерге Токио — Осока (Жапония), Лондон — Ливерпуль (Ұлыбритания), Ұлы көлдер (АҚШ — Канада) және Калифорния (АҚШ) аудандары секілді жерлер жатады.

«SHYMKENT CITY» – ҚАЛАНЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Американдық «Population Reference Bureau» зерттеу агенттігінің 2013 жылғы қорытындысы бойынша жер шарында 7,1 миллиард адам өмір сүреді екен. Оның 4,8 миллиарды Азияда, 1,1 миллиарды Африкада, 760 миллионы Еуропада, ал 352 миллион адам Солтүстік және 606 миллион адам Оңтүстік Америкада тұрады. 2050 жылы әлем тұрғындарының саны 9,7 миллиардқа жетеді деп болжаған.

Аталған ұйым сонымен қатар Токио әлемдегі ең ірі мегаполис екендігін мәлімдеген болатын. Деректерге сәйкес Жапония астанасында 37,2 миллион адам яғни, халықтың 29 пайызы шоғырланған. Ал Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында 22,7 миллион, Мексика астанасы Мехикода 20,5 миллион адам тіршілік етеді. 

Деректерден байқағанымыздай, мегаполистердің басты ерекшеліктерінің бірі — халықтың қала аумағына шоғырлануы. Мемлекет басшысы Шымкент үшінші мегаполис болуы тиіс екенін текке айтқан жоқ. Оңтүстікте халық саны көп және бала туу көрсеткіші де жоғары. Мегаполис тұрғындарының саны миллионнан асып түсуі керек. Халық санының көп болуы экономиканың да жоғарылауына өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жағдайда бәсекелестік артып, ақша айналымы көбейеді. Соңғы мәліметтер бойынша Шымкент қаласында 910 мың адам тұрады. Бейресми статистикаға сүйенсек, қазірдің өзінде қаладағы адам саны миллионның үстінде. Мамандар биыл бұл көрсеткішке ресми түрде жетеміз деп отыр. 2017 жылы халық санының өсімі 102,9 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артады деп күтілуде. Осыған орай, қала аумағы да 117 мың гектарға ұлғайып, төртінші Қаратау ауданы қосылды. Оның аумағы - 33 319 гектар. Жаңа ауданның құрамына «Асар», «Қайтпас», «Нұрсәт» және жиырмаға жуық тұрғын алаптары кіреді. Бұдан бөлек Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан қосылған 40 елдімекеннің 145 мың тұрғыны қалалық атанды. Демек, адам санының өсуіне байланысты бюджеттің де қаражаты көбейеді деген сөз. Бюджет демекші, егер Шымкент мегаполис болса қала республикадан қаржыландырылатын болады. Сәйкесінше, оның көлемі де артады.

Адам санының өсуіне байланысты әлемнің ең ірі мегаполистерінің өзінде де көлік кептелісі бойынша мәселелер жоқ емес. Дегенмен, Шымкент қаласы мұндай өзгеріске алдын ала қамданып, ерекше дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, қаланың оңтүстік және солтүстік аумағына қарай 5 байланыс жолы қосылады. Және жаңа жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелі салынып, ескі жолдар қайта құрылады. Сондай-ақ, жеңіл рельсті жолдар мен А-2 тас жолдарын салу жоспарланған. Осы арқылы Абай және Қонаев даңғылдарының жалғасын және Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс айналма жолдарының құрылысын аяқтау тапсырылған. Өңірімізде жыл сайын көлік саны артып, тек қала көшелерінің өзінде 323, күндіз 500 мыңға дейін жетіп отыр.

Үлкен қаланың келбетін көркейте түсетін тағы бір нәрсе – зәулім ғимараттар. Қала әкімінің жоспарына сәйкес, Шымкентте заман талабына сай жаңа ғимараттар бой түзейді. Ол Астана, Арғынбеков, Қонаев көшелерінің бойында салынатын болады. Сондай-ақ, еліміздегі ең үлкен сауда-ойын сауық орталығы «Shymkent Mall» салынбақ. Дүкен, гипермаркет, балалардың ойын алаңы, кинотеатр, 3000 адамға лайықталған фудкорт, 3500 орынға лайықталған автотұрақ барлығы да 38 гектарды құрайтын осы орталықтан табылмақ. Осының нәтижесінде қала ішіндегі ретсіз сауда жойылып, ірі базарларға толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал қаланың солтүстік бетінде салынатын «Shymkent city» қалашығы мен жаңа әуежай да қала көркін асыра түсері анық.

Мегаполис тек адам саны мен зәулім ғимараттармен ғана шектелмейді. Мұндай шаһардың тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылып, кедергісіз кәсіппен айналысып, сапалы әрі қауіпсіз өмір сүруі керек. Шырайлы Шымкент шаһарында мұндай мәселелердің бар екені жасырын емес. Дегенмен, қала басшылығы бұл мәселелерді жоспар бойынша біртіндеп шешіп келеді. Мәселен, қазір халықтың 83,5% ауызсумен, 44,8% кәріз жүйелерімен, 85% электр жарығымен, 65% табиғи газбен қамтылған. 2020 жылға қарай қаланың коммуналдық мәселелері толықтай шешіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, былтыр 2455 жеке тұрғын үй, 557 коммерциялық нысан, 42 мемлекеттік (әлеуметтік) нысан пайдалануға берілді. Биыл 1600-ге жуық коммуналдық пәтердің кілттерін табыстау жоспарланған. Мемлекеттік «Тұрғын үйлерді жаңғырту» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғынүйлерге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал тұрғын үй құрылысының даму жоспарына сәйкес, өңірімізде алдағы 5 жылда 47 619 отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады.

Шымкенттің транспорт және логистикалық әлеуеті де жоғары. Қаладан түрлі бағыттарға теміржол мен тасжол өтеді. Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізімен көрші мемлекеттерге сауда-саттық жасауға болады. Табиғаты, ауарайы қолайлы. Мал, егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндік көп. Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан көне шаһар туризмге де өте тиімді. Қазіргі таңда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сай, осы айтылған барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«МЕГАПОЛИС ТҰРҒЫНДАРЫ» КІМДЕР?

Дегенмен, Шымкентті мегаполисқа айналдыру тек басшылардың ғана бас ауыртатын жұмысы емес. Бұл ретте қала тұрғындары шаһардың шаруасына бір кісідей атсалысуы тиіс. Бізге мұндайда Токио мен Шанхайдың бір-бірін түсінетін, Сингапур мен Баварияның тазалына бейжай қарамайтын, Лондон мен Нью Йорктың адам құндылықтарын бағалайтын мегаполис тұрғындары үлгі бола алады. Міне, «Мегаполис тұрғындары» осылар.

Шымкент те көп ұзамай мегаполис қалаға айналатыны анық. Мұнда да «Мегаполис тұрғындары» өмір сүреді. Көптеген ғимараттар тұрғызылып, жаңа құрылыстар жүргізіліп, аумағы кеңейеді. Алайда, тұрғындардың мәдениеттілігі де қаламен бірге өсіп отыруы керек. Мәселен, Токио тұрғындары секілді. Бұл жақтың көшелерінен қоқыс жәшіктерін көп кездестірмейсіз. Өйткені, тұрғындар қоқыстарын үйіне барғанда бірақ тастайды. Бұған әрине таңғаларсыз, дегенмен сүйінішті іс. Сондай-ақ, ол жақта әмияныңыз жоғалып қалса, оны қайтарып беру мүмкіндігі 90%. Ал Берлинде қоғамдық көліктерде билет тексеру болмайды. Әркім өз ар-ұятымен ақша тастап кетеді. 

Бұл бағытта да Шымкент билігі түрлі жұмыстар жүргізуді бастады. Алдымен қоғамдық көліктерде айқайлап адам жинайтын кондукторларды тәртіпке келтіру ұсынылған. Мұндай әрекеттер шетелден және өзге облыстардан келген қонақтарға жағымсыз әсер қалдырады. Бұдан басқа, мәдениетке теріс әсер ететін көлік тұрақтарындағы тәртіпсіздік, жол ережесін бұзу, қоқыс тастау секілді әдеттерден бірге арылуымыз керек.

Опубликовано в Қала
Страница 1 из 4