Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі–Департамент) тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау үшін жолданған ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 07.08.2020 жылғы №КВГА-03-КВ/1307-И және 19.09.2020 жылғы №1-КВ/1569-И тапсырмалары негізінде, Қазақстан Республикасының 12.11.2015 жылғы №392–V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы және 18 бабының 5 тармағы 1-тармақшаcына сәйкес, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалы және сол арқылы қаржыланған кәсіпорындарға– дағдарысқа қарсы іс-шаралар бойынша бөлінген қаржылардың игерілуін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуіне мемлекеттік аудиторлық іс-шаралар жүргізіліп (Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы»  МКҚК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы" МКК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№3 қалалық аурухана» МКК-ны, «Атамекен оңалту орталығы» ЖШС-не аудиторлық іс-шаралар және "Otau Med" ЖШС-гі, "VERUM QZ" ЖШС-гі, "NazMed" ЖШС-гі, «BESTMED CLINIC» ЖШС-гі,  "№14 Емдеу орталығы" ЖШС-гі, «MEDICAL CENTER SHUBARSU (МЕДИКАЛ ЦЕНТР ШУБАРСУ)» ЖШС-гі,  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "№2 қалалық аурухана" МКК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№1 қалалық емхана» МКК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Мейірім" оңалту орталығы" МКҚК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» МКК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "№1 қалалық клиникалық аурухана" МКК-ны, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Т.Орынбаев атындағы ГОО орталығы» МКК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Қалалық балалар клиникалық ауруханасы" МКК-ны, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 оңалту орталығы» МКК-на үстеме аудиторлық іс-шаралары), нәтижесінде жалпы 271 985,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 129 558,5 мың теңгені және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-142 427,4 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, бүгінгі таңға 106 834,8 мың теңге қалпына келтірілді.  

 

 

            Ж.Тастанов, Шымкент қаласы бойынша Ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

№2 сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы

 

А.Әбдісаит, Камералдық бақылау бөлімінің

бас маманы

70 аудиторлық ісшара өткізілді

Понедельник, 28 Декабрь 2020 10:28

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жыл 12 қараша "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" ҚР Заңына қол қойылған. Аталған заң, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін айқындайды, олардың өкілеттіктерін, мемлекеттік аудит принциптерін белгілейді.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын, мемлекет активтерін басқару және пайдалану тиімділігін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша, Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі - Департамент) 70 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Тексерулердің жалпы санынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 47 аудиторлық іс-шаралар өткізілді (жалпы 67 %), жоғары тұрған органдардың тапсырмасы бойынша – 7 (жалпы 10 %), жоспарлы іс-шараларға сәйкес 12 аудит жүргізілді (17 %), тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша - 4 (жалпы 6 %).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 12307964,0 мың теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы 7599786,6 мың теңге немесе 61,7 %.

Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның прокуратура органдарымен және қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде Департамент қызметкерлерінен, тартылған мамандар ретінде 99 тексеруге қатысып, жалпы сомасы 4724122,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Заңға сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шаралары анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығару болып табылады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 399608,5 мың теңгесі өтелуге/қалпына келтіруге жатады, оның ішінде бүгінгі күні бюджет кірісіне және тауар жеткізу жұмыстары мен қызмет көрсету арқылы 133714,8 мың теңге (жалпы 33,5%) қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, қылмыстық жазаланатын әрекеттер белгілерінің болуына байланысты құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 112356,8 мың теңге сомаға 11 аудит материалдары беріліп, оның ішінде 5 материал бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Заңды орынды іске асыру арқылы, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыруға және тиісінше халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

А.Турлыбекова,

Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы

Заң бұзушылықтар анықталды

Понедельник, 28 Декабрь 2020 10:26

«Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті» РММ-нің 2020 жылғы 19 маусымдағы хатымен қоса жолданған Шымкент қаласының Х мекемесінің басшысының арызы негізінде, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан аудиторлық іс-шара жұмыстары жүргізіліп 2020 жылдың қаңтар – мамыр айлары аралығында Х мекемесінің бас бухгалтерінің уақытша міндетін атқарушы « О» есімді азамат 1 347,1 мың теңгені негізсіз жеке есеп шотына аударылғаны анықталды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31-шы желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы жүйесі туралы» қаулысын және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығының 187 тармағында көрсетілген талаптарын басшылыққа алмай, 1 347,1 мың теңге негізсіз аударылған.  

Сол себебті, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Х мекемесінің бас бухгалтердің уақытша міндетін атқарушы « О »-есімді азамат 1 347,1 мың теңгені негізсіз жеке есеп шотына аударылғаны үшін процессуалдық шешім қабылдауға Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

 

 

Шымкент қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

қаржылық есептілік аудиті бөлімінің

бас маманы-мемлекеттік аудиторы

М.П.Жаңабаев

Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында 07.02.2020 жылғы №3881945-1 Ашық конкурсы процедурасының ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының талаптарының сақталуына аудит жүргізілді.

Нәтижеде, «Best Invest Company» ЖШС-нің конкурстық өтінімі Заңның 27-бабы 6-тармағы және Қағиданың 150-тармағы 1) тармақшасында, көзделмеген негіздермен конкурсқа қатысудан негізсіз шеттілгені анықталып, рәсімдік бұзушылықтың сомасы - 7 979 138,72 теңгені құрады.

Аудит қорытындысымен, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңына сәйкес, конкурс төрағасы мен комиссия мүшелеріне қатысты хаттамалар толтырылып, айыппұлдар толығымен бюджетке өндірілді.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы Н.Исмаилов

Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарына рәсімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Тауарларға іліспе жүк құжаттары, бұл дегеніміз тауарға іліспе құжат, ол электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесінде, электрондық нысанда рәсімделеді.

Сыртқы экономикалық қатысушылар үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауарлардың экспортты мен импорты кезінде шекараны кесіп өткенге дейін бұларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу қажет.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды артықшылықтардың бірі, бұл автомобиль өткізу пунктерінде құжаттардың сканерлеу қажеттілігінің болмауы және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарадан өту процессінің жеңілдетеді.

Сонымен қатар, егерде салық төлеуші Халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде, тауарларға іліспе жүк құжаттарға электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесінде, электрондық нысанда рәсімдемеген жағдайда, навигациялық пломбаларды қолдану арқылы тауарлар мен автокөлік құралдарының мониторингі жүргізіледі.

Пилоттық жоба 2021 жылы 1 науырыздан бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарын міндетті енгізуге жұмысқа қосу үшін енгізілуде.

Бұл, пилоттық жоба кезінде әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданылмайды.

Пилоттық жоба кезінде салық төлеушілер тауарларға іліспе жүк құжаттарымен жұмыс істеуге тез бейімде алады және өзінің есептік жүйелерін, сатып алушылармен, жеткізушілермен өз-ара іс-қимыл жасай алады.    

Тауарларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу үшін:

Біріншіден-халыққа қызмет орталығынан электрондық қолдаңбаны алу;

Екіншіден-электрондық шот фактура ақпараттық жүйесінде тіркелу;

Үшіншіден-электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен электрондық шот фактуралар ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қою.

Электрондық шот фактура ақпараттық жүйесінде тіркеу және жұмыс істеу тегін жүзеге асырылады.

Жалпы, сөзімді қорынтындай келе, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда шеңберінде қаладағы барлық экспорттаушылармен, импорттаушыларды пилоттық жобаға қатысуға шақырамын.

 

Еңбекші ауданы бойынша МКБ-ның

жетекші маманы Курамысова В

5f2efe36-cbbd-49bb-825d-4df96f3264e8

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс үшінші сессиясы онлайн режимде өтті. Жиында негізінен үш мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Алдымен Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту мәселесі қаралды.

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов жаңа бағдарлама 3 негізгі бағыттан тұратынын атап өтті. Жаңа форматта әзірленген бағдарлама 14 мақсат, 25 индикаторды қамтыған. Басқарма басшысының айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған бағдарлама аяқталып, оның орындалуы бойынша мәслихатта есеп берілді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі жылда үлкен жұмыс атқарған депутаттар корпусына алғысын айтты.
– Қаланың әрі қарай даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды. Өздеріңізге белгілі, 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы
бойынша екі жылда көп іс атқарылды. Енді 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы жаңа форматта дайындалды.
Бағдарламаны әзірлеу барысында қала тұрғындарының талап-ұсыныстары да ескерілді. Тұрғындардың негізінен инфрақұрылымды дамыту, көгалдандыру, қоршаған ортаны жақсарту, денсаулық сақтау саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ұсыныстары бағдарламаға енгізіледі. Құжатты іске асыруға барлық ресурстар жұмылдырылады. Өздеріңізбен бірлесіп, жылды табысты аяқтап отырмыз, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, сессияда «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы», «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» қала мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілді.

Үздік математиктер 1Үздік математиктер 2

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Шерзод Мухтаров пен Алмас Рыспаев математикадан халықаралық IYMC 2020 сайысының жүлдегері атанды.

Әлемнің 93 елінің жоғарғы сынып оқушылары мен студенттері бақ сынаған додада ел намысын қорғаған оқушылар сайыстың 3 кезеңінде де жоғары нәтиже көрсеткен.
Нәтижесінде екі оқушы да барлық қатысушылар ішінен ең үздік нәтиже көрсеткендердің қатарынан табылғаны үшін «Gold Honour» жүлдесімен марапатталыпты. Сондай-ақ, Шерзод Мухтаров Қазақстан атынан қатысқан барлық жастардың арасында ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, арнайы «National award» марапатына ие болып отыр.
International Youth Math Challenge (IYMC) – бұл жастарға өздерінің математикалық дағдыларын дәлелдеуге және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін, жыл сайын өткізіліп тұратын халықаралық математика сайысы.

 

М.МАМЫРБАЙҚЫЗЫ

Страница 7 из 445