Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, көріктендіру секторының бас маманы Жандос Оспановтың айтуынша, 2017 жылы қала аумағындағы көшелер бойына және саябақтар мен гүлзарларға 49 800 дана ағаш көшеттері отырғызылады. 12 850 м 2 алаңға 350 мың данаға жуық жаздық гүлдер егіледі. Ал 42 600 м2 раушан гүлдеріне күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ егілген ағаш көшеттері органикалық тыңайтқыштармен өңделеді. Қазіргі таңда 328 мың дана егілген қызғалдақ қалалықтарды әсемдігімен қуантуда. 

17757173 1898232003756491 5689903404644377685 nБиыл қала көшелерін абаттандыру жұмыстарын үш мердігер компания атқаруда. Олар –«ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек ЛБ» ЖШС және «Жасыл қала» ЖШС. 

– Гүлді өсіру оңай емес. Жасыл желекке де бап керек. Әрбір өсімдіктің өзіндік ерекшеліктері бар. Қазір гүлдеп жатқан қызғалдақтар біздің еңбегіміздің жемісі. Мұнда қаншама адамның шеберлігі мен қол еңбегі жатыр, – дейді ЛТД Тұрмыс ЖШС-нің көркейту көгалдандыру бөлімінің жұмысшылары. 

Тұрғындар қала көркіне ерекше көңіл бөлініп жатқанына риза. Олардың қала басшылығына айтар алғысы шексіз. Түрлі түсті гүлдермен әсемделген қала саябақтары шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Айта кету керек, биыл 34 га жер теліміндегі бұрынғы қоқыс полигонына жаңа саябақ жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. «Қуат құрылыс» мердігер мекемесі өздеріне жүктелген жұмысты тиянақты атқаруда. Сондай-ақ «Наурыз» саябағында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеуден өткен саябақ биыл маусым айында пайдалануға беріледі.

17861879 1763055880674037 6600982687467898536 n Шымкентте Ардагерлер кеңесінің 30 жылдығы қарсаңында "Ырыс алды – ынтымақ" қоғамдық форумы өтті. Іс-шараны қоғамдық форумның хатшысы Байдулла Қонысбек жүргізді. 
 
Сөз алған  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай Елбасы мақаласының ел дамуына ерекше серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол ардагерлерді құттықтап, баяндама жасады. 
 
– Қазір мемлекет тарапынан ардагерлерге жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Өткенге көз салсақ, Ардагерлер кеңесі 1987 жылы құрылды. Содан бері қоғамдық ұйым үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Қаламызда аға буын өкілдері өте белсенді. Қоғамда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермейді.  Олар Шымкентте ұйымдастырылған маңызды шараларға белсене  қатысады. Біз жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге тәрбиелеуіміз керек. Жастарды заманауи білім алуға баулуға тиіспіз, – деді Исамуддин Рысбай.
 
 
Сонымен қатар, өз баяндамасында  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  қараусыз қалған қариялардың жай-күйіне тоқталды. Ұлттық дәстүрдi дәрiптеп, ұрпақ тәрбиесiн жақсарту үшін жастарды ата-ананы сыйлап, перзенттік борышын  адал атқаруға шақырды. 
 
Жарысссөзге шыққан  жазушы Еркінбек Тұрысов, еңбек ардагері Тұрдыәлі Усманов, Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов мерейтоймен құттықтап,  ой-пікірлерін  білдірді.
 
– Біз қаламыздың өсіп өркендеуіне көп еңбек сіңірдік. Кезінде «Абай» және  «Металлургтер» саябақтарының құрылуына атсалыстық. Өлшеусіз еңбек етіп, тер төктік,  – дейді еңбек ардагері Тұрдыәлі Усманов.
 
Сонымен қатар, шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исаммудин Рысбай Абай ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Хамза Қабиұлын  70 жасқа толған мерейтойымен  құттықтады.
 
Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай,  қоғамның саяси өміріне қосқан елеулі үлесі, сіңірген еңбегі үшін 10 ардагер қалалық ардагерлер кеңесінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ  қоғамдық форумда 5 бағыттан тұратын қарар қабылданып, ардагерлер тарапынан қолдауға ие болды.

Шымкенттіктер Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған бастамаларға қолдау білдірді. Еліміздің Ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына орай бүгін қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ» атты форум өтті.

Аталған форумда қаланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеше ғана Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласын қызу талқылап, ондағы айтылған идеялар ел дамуының болашақ бағдары екенін ерекше атап өтті. Елбасының бұл көлемді мақаласында халықты толғандырып жүрген мәселелердің барлығы көрініс тапқан. Басқосуда облыс әкімі Ж. Түймебаев пен қала әкімі Ғ. Әбдірахымов ардагерлерді мерекесімен құттықтады. Жиында облыс әкімі Президенттің мақаласынан үзінді оқып берді.

- Мемлекет басшысы жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Президент мақаласында жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар екенін атап өтті. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады, – деді Елбасы өз мақаласында.

Сондай-ақ облыс басшысы болашағымызды айқындаған мақаланы оқып, оны басшылыққа алып, облыс экономикасы мен мәдениетін, білімін дамытуда бұл тарихи маңызды құжат нақты бағдар болуы тиіс екенін жеткізді. Форумға қатысушы зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Мемлекет басшысының идеяларын қолдап, оны белсенділікпен жүзеге асыруға шақырды.

DSC 1131

Мерекелік шарада облыс пен қалаға еңбек сіңірген бірқатар ардагерлер облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ қоғамға қосқан елеулі еңбегі үшін бір топ ардагер қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың Алғыс хатына ие болды.

Күлкі жәрмеңкесі – Түркістанда

Вторник, 11 Апрель 2017 12:08

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында көне шаһарда «Күлкі жәрмеңкесі» дүркіреп өтті. Халықаралық фестиваль Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында ұйымдастырылды.

kulki-jarmenkesi 2

Түркітілдес мемлекеттер арасындағы сайысқа Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қытай Халық Республикаларының сатира саңлақтары және елімізге белгілі өңірдің әзіл-сықақ театрлары қатысты. Әзіл әлемінде қолтаңбасы бар әзілкештер шараның салмағын арттырып, шырайын кіргізді.

Бауырлас әзілкештер басқосуын Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев пен ОҚО мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева құттықтау сөзбен ашты.

– Халықаралық «Түрксой» ұйымының ұйымдастыруымен үлкен мәдени-танымдық шаралар өтіп жатыр. Сол шара Күлкі жәрмеңкесі аясында жалғасын табуда. Сатира – өмірдің айнасы. Астарлы әзілдің, қағытпа қалжыңның астарында қашанда шындық бар. Сондықтан күлкіден айырмасын дегім келеді. Қатысушы барлық әзіл-сықақ театрларына алғысымды білдіремін, – деді Әліпбек Өсербаев.

Фестивальге Оңтүстік Қазақстан облысының әзіл-сықақ және сатира театры мен «Шаншар», «Шымкент-шоу», «Алдараспан», «Нысана» театрлары әзілмен әрленген өнер тартуын арнады.

– «Күлкі жәрмеңкесі» 30 жылдан бері әзілкештердің,сатириктердің бас қосатын мерекесі іспетті. Бұл шара тек Шымкентте өтеді. Неге? Жалпы Қазақстанда әзілдің отаны – Шымкент деп саналады. Бұл өңір қазақы қалжыңның ордасы, – дейді облыстық әзіл-сықақ театрының әртісі Уәлибек Әбдіраймов.


kulki-jarmenkesi 1«Күлкі жәрмеңкесі» 1986 жылдың 1 сәуірінен бері өткізіп келеді. Бүгінге дейін шара аясында «Шаншар», «Шымкент-шоу», «Алдараспан» сынды танымал театрлардың тұсауы кесілген.Оның алғашқы негізін елімізге белгілі сықақшы Мұхтар Шерім қалаған. Фестивальде сатира саласының аға буыны облыстық мәдениет басқармасы мен Түркістан қаласы әкімдігінің арнайы сый-сияпаты табысталды.

Халықаралық Күлкі жәрмеңкесінде өзбекстандық «Мирзо» театры, сондай-ақ «Алдараспан», «Шаншар» әзіл-сықақ театрлары көрерменнің құрметіне бөленіп, әзілдің әрін, сахнаның сәнін келтірді.

Бауырлас сықақшылардың әзіл кешінде 11 театр ұжымы облыс әкімдігі атынан алғыс хат пен 350 000 теңге қаржылай сыйлықты иеленді.

Облыстық «Жайдарман» ойындарының кезекті ойыны Отырар  ауданында өтті. Көңілділер мен тапқырлар кешінде аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды. Сайыста аудан, қалалардан келген командалар бақ сынады.

jaidarman 27«Жайдарман» ойынына ең таңдаулы «Сырдария», «Шымкент жастар» құрамасы, «Миллион», «Нағыз Джентельмендер» командалары қатысты. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен әдемі жеткізіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 11 құрама бақ сынаған сайыс тартысты болды. Төрешілер құрамында қазылық еткен белгілі сатирик Көпен Әмірбек жайдарманшылардың ойынын жоғары бағалады.

–Жайдарман» ең алдымен, өнер. Әзілкештер қармақпен балық аулағандай, көрерменді күлкіге жетелейді. Ақынның өлеңінен, жылдар бойы жазған жазушының кітабынан, тіпті театрдың әзілінен жастардың ойыны шапшаң. Бір ауыз сөзбен күлкіге айналдырады. Сондықтан «жайдарманшыларды» қолдаймын, – деді Көпен Әмірбек.

Күлкі күнінеорайұйымдастырылған «Жайдарманның» бас жүлдесін және Отырар ауданы әкімінің кубогын «Шымкент жастар құрамасы» жеңіп алды. Бірінші орын “Сырдария ” қомандасына бұйырса, екінші орынға «Жаным әшейін» лайық деп танылды. Ал үшінші орынды «Миллион» тобы иеленді.

ЭКСПО-2017 билеттері сыйға берілді

Понедельник, 10 Апрель 2017 05:57

expo2017-bilet-27

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов мәдениет саласына көп жылдық еңбегін арнаған өнер ардагерлері мен зиялы қауым өкілдеріне ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға 50-ден астам билетті   табыстады. Маусымның 10-ы мен қыркүйектің 10-ы аралығында өтетін халықаралық көрмеге Оңтүстіктен 500-ден аса өнерпаз және облыстағы өнер мекемелерінен өнер иелері  қатысады. Маңызды шарада театр, ән, би, цирк өнерлерімен қатар қолөнер шеберлері мен қылқалам иелері және облыста түсірілген анимациялық фильмдер мен көркем фильмдер көрсетілімі көпшілік назарына ұсынылады.

Сондай-ақ басқарма басшысы өңірдегі өнер ұжымдарының жыл көлемінде атқарылған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталды. Ал тарихи-өлкетану мұражайының "ЭКСПО-2017: Жарқын істер жолашары" атты көрмесі келушілер назарына ұсынылд.

Шымкент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада көптеген кешенді жобалар қолға алынғаны белгілі. Осы орайда «Қауіпсіз қала» жобасы нәтижесін бере бастады. Жоба аясында тәртіп сақшыларының қатарын толықтыру үшін көмекшілер тарту жөнінде шешім қабылданған. Қуантатыны – қоғам тыныштығын сақтауға полицейлермен бірге қала тұрғындары да жәрдемдесуде. Ақпан айынан бастап, Шымкентте 200 қоғамдық көмекші жұмыспен қамтылды.

kogamdyk-komekshi 27

Облыс прокуратурасы мен Шымкент қаласы әкімдігі қолға алған жоба аясында көмекшілер қатарына 18-ден зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар тартылған. Оларға арнайы қызметтік киім беріліп, 6 ай көлемінде 40 мың теңге айлық төленеді.
 Қазір құрылған жасақ белсенді жұмыс жасауда. Полиция көмекшілері тәртіп сақшыларымен бірге халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қылмыстың алдын алуға атсалысады. Шымкент қалалық жергілікті полицияның аға инспекторы, полиция капитаны Сапархан Ғапашовтың айтуынша, ұсақ-түйек құқық бұзушылық азайған.
– Қоғамдық көмекшілердің нәтижесі жаман емес. Бір айда жасақтардың жауапкершілікпен атқарған жұмысының арқасында тәртіпбұзушылық оқиғалары айтарлықтай азайды, – дейді Сапархан Қалданұлы.
Дегенмен қоғамдық көмекшілер күн сайын сан түрлі оқиғалармен бетпе-бет кездеседі. Сондай сәттерде олардың ұстамды болуы, адамдармен тіл табыса білуі маңызды. Осындай талаптардың үдесінен шығу әрине үлкен сын. Ауладағы балалар, қауіп төндіруі мүмкін бұзақылар қоғамдық көмекшілердің жіті назарында. Мәселен, №61 учаскелік полиция пунктінде 63 азамат қала тыныштығын сақтауға көмектеседі. Ал көмекшілер бекітілген аумақ бойынша жұмыс істейді.
Таңертең сағат 9-дан бастап қоғамдық көмекшілер учаскелік полиция және инспекторларынан тапсырма алып, қызметіне кіріседі. Полицияның ерікті мүшелерінің арасында егде жастағы кісілер де бар. Мәселен, «Нұрсәт «шағынауданының тұрғыны Бағила Алтыбаеваның жасы алпыстан астан. Бір жылдан бері қоғамдық көмекші болып жұмыс істейді. Ол стадионның аумағын, көпқабатты үйлердің аулаларын бақылайды. Тәртіп бұзған балалар болса, оларға ескерту жасап, өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіреді.
– Қоғамда тәртіп бұзушылық орын алса, кейбір адамдар оның «бізге қатысы жоқ» деп көпшілік бей-жай қарайды. Меніңше, бұл дұрыс емес. Қызметтік киім жақсы болды. Тәртіп бұзушылардың мысын басады. Ал арнаулы киімдегі көмекшілерді көргендер аяғын аңдап басады, – дейді Бағила Алтыбаева.

Облыс прокуратурасы мен Шымкент қаласы әкімдігі қолға алған жоба аясында көмекшілер қатарына 18-ден зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтартартылған.
Оларға арнайы қызметтік киім беріліп, 6 ай көлемінде 40 мың теңге айлық төленеді.

Шынында да Бағила апай бір жылдан бері полиция бөлімшесінде өзін жақсы қырынан көрсеткен. Бірақ ол қоғамдық қызметі үшін ақы алмайды. Зейнеткердің туған қалаға деген сүйіспеншілігінің арқасында шағынауданда көпқабатты үй аулаларының тазалығы қалыпқа келтірілген. Тұрғындар бұрынғыдай қоқысты бей-берекет тастамайды.
Ал көмекшілер апта басынан жұмаға дейін кезекшілікке шығады. Атқарған жұмыстарының есебін полиция учаскесіне өткізеді. Шағын дәптердегі ең құнды жазба – заң бұзушылықтар туралы ақпарат. Осы орайда қоғамдық көмекші Гүлжазира Құдайберген Қаратау ауданы бойынша облыстық балалар ауруханасы, «Шахан» сауда орталығы, Бәйдібек би, Арғынбеков көшелерінің тәртібін бақылайды. Ол екі аптада 7 құқықбұзушылықты анықтапты. Сондай-ақ қоғамдық көмекші Жалғас Кенжебай да бұл жұмыстың бір жағынан қиын әрі қызықты екенін айтады. Ол қоқыс тастаған, қоғамдық орында ішімдік ішіп, тәртіп бұзған 10 адамды анықтаған.
– Әлеуметтік көмекшілердің пайдасы көп. Өйткені біз барлық аумақты түгел қамти алмаймыз. Белгілі бір үйлердің ауласында әлдеқандай оқыс жағдай, құқық бұзушылық орын алып жатса, көмекшілер бізге келіп хабарласады. Болған жайды баяндайды не жазбаша түрде өткізіп отырады. Сол арқылы біз шара қолданамыз, – дейді Қаратау аудандық №61 учаскелік полиция пунктінің полиция капитаны Бекзат Жүсіпұлы.
Бұрын ерікті жасақтар қызметін тегін атқарған болса, кейінгі кезде оларға қаржылай қолдау жасалуда. Ал полицейлер қатарын толықтырғысы келетін еріктілер қатары күн санап көбеюде.Жұмыс барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен, заңгерлік жоғары білімі бар көмекшіні болашақта полиция қатарына жұмысқа алу жоспарланып отыр.
– 18 жастан асқан азамат қоғамдық көмекші бола алады. Ерікті көмекшілер наркологиялық санатта тұрмаған, жүйке сырқатына шалдықпаған адамдар болуы қажет. Бұл ретте олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны қатаң ескеріледі, – дейді полиция капитаны Б. Жүсіпұлы.

Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент республикадағы үшінші мегаполиске айналатынын және тұрғындарының саны миллионға жетуі тиіс екенін айтқан еді. Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Соңғы жылдары шаһардың ауқымы кеңейіп, күн санап қарыштап дамуда. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында.

DSC 1509

«Тазалық табалдырықтан басталады» дейді халқымыз. Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Содан болар, көктем, күз мезгілдерінде қала тұрғындары сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырған. Олар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуда. Дегенмен өз үйінің ішкі жинақылығымен ғана шектелетіндер бар. Себебі, қоқысты көшеге төгетін, үйдің жоғары қабатынан далаға лақтыратындар да кездеседі. 

Қаламызда 2 мыңнан астам көше, 2010 көпқабатты тұрғын үй, 1400-ге жуық аула бар. Бүгінде 1, 2, 3 санатты 156 көшенің тазалығына санитарлық-тазалық мекемелері жауапты. 

Дамыған шетелдерде тазалық мәселесі түбегейлі шешімін тапқан. Мәселен, Сингапур мен Малайзияның тұрғындары бұл жағына өте ұқыпты. Егер көшеге адам темекі тұқылын тастаса, 200 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді. Ал көліктің дөңгелегі кір болса, 500 доллар төлеуге міндеттісің. Сондай-ақ Германияда тазалықты таңнан кешке дейін комиссарлар қадағалайды. Ережеге бағынбайтындарға заң қатал. Бұл елде әрбір қадам сайын арнайы қоқыс жәшіктері қойылған. Темекіге, бөтелкеге, сағыз, шемішкеге арналған ыдыстар бар. Сондай-ақ Швейцария әлемнің таза мекені деп есептеледі. Өйткені қала ғана емес, кішкентай елдімекендер де мұнтаздай жарқыраған көрінеді. Бұл заң бәріне қатысты.

DSC 1629

Әрине біздің Шымкент тазалық мәселесінде әзірге Швейцариямен теңесе алмас. Дегенмен Швейцария да бірден бүгінгідей жағдайға жете қоймаған шығар. Ендеше...

 

Қалада қоқыс контейнерлері бар ма?

2016 жылы біздің қаламызда да тазалықты насихаттайтын орындықтар қойылды. «Туған қаламызды бірігіп таза етейік!» деген ұран жастарға әсер етпей қойған жоқ. Бұрын орындыққа отырып, шемішке шағып, сағыз қалдығын тастайтындардың қатары азайып келеді. «Қаламыз таза болса, көңiлiмiз де таза жүредi» деген қала басшысының сөзі жадымызда. Шымкенттің тазалығы үшін өткен жылы 830 қоқыс урнасы қойылды. Бұл тұрғындарға жауапкершіліктің артқандығын білдірсе керек. Сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату жұмысы үлкен серпінмен алға басып келеді. Өткен жылы аудандарда 1140 қоқыс контейнерлері қойылды. Бұл көшелердің таза болуына, әрі қала мәдениетін қалыптастыруға тиімді болды. Ал қанатқақты жоба аясында қоқыстарды сұрыптайтын контейнерлер Қарасу, Қабанбай батыр көшелеріне және теміржол вокзалына орналастырылды. Енді қала тұрғындары үйден шыққан, үй маңындағы қоқыстарды сұрыптайтын контейнерлерге сала алады.

 

Көше тазалаушы – кемсітетін кәсіп емес

Соңғы жылдары өңірдің шырайы күннен-күнге айшықтала түсуде. 

Ұлттық нақышта безендірілген аллеялар, демалыс орындары көбейді. Осыдан он жыл бұрынғы Шымкент пен қазіргі қаланың келбетін салыстыруға келмейді. Оған көше тазалаушылардың қосқан үлесі аз емес. 

Шымкентте «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек ЛБ», «Югдорсервис» және «СМД» ЖШС тазалық мекемелері қызмет етеді. Күн сайын қолына сыпырғы, күрек ұстайтын тазалық жанашырларының еңбегі ерен. Жұмысшылар шақырайған күннің, шытынаған аяздың, сіркіреген жауынның астында да жұмыс істейді. Ауа райының қандай қолайсыздығы болсын, тазалықшылардың жұмысы тоқтамайды. 

DSC 1649

Алайда олар қала тұрғындарының тазалық мәселесінде мәдениетін көтеру керек екенін айтады. Баласын қоқыс төгуге жіберетін кейбір ата-аналар арнайы жәшікке қоқысты апарды ма, болмаса аулаға, көшеге қалдырып кетті ме, сұрамайтыны аян. Өкінішке қарай, кейбір адамдар қоқысты кез келген жерге төгіп, тазалықшылардың еңбегін бағаламайды. 

– Жанға бататыны, тұрғындардың тазалыққа көзқарасының төмендігі. Кейде қолындағы умаждалған қағазын, сусыннан босаған баклажкасын тастаған жастарға, кейде тіпті ересек кісілерге ескертсең: «Сендердің жұмыстарың емес пе, сол үшін айлық аласыңдар ғой», – деп кемсітетіндері бар. Біз барлық жағдайда да өз жұмысымызды жауапкершілікпен атқарамыз, – дейді «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің тазалық-санитария бөлімінің жұмысшысы Замира Байтілеуова. 

Қалалық тұрғын үй шаруашылық бөлімінің бас маманы Ерубай Құралбаевтың айтуынша Шымқалада тағы да 15 көшеге тазалық жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, бұлардың қатарында Сайрам, Бадам-1, Бадам-2, Жұлдыз, Қарабастау елдімекендері бар. Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығымен бірлескен «Таза қала» байқауы өз жемісін беруде.

 

Асылхандай ағалар көп болса ғой

Иә, «Таза қала» байқауының маңызы ерекше. Қатысушылар саны жыл сайын көбейіп келеді.

DSC 1649

2016 жылы байқауға қатысуға 300-ден астам өтініш келіп түскен. ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбектің айтуынша, шымкенттіктер байқау өткізілгелі тазалыққа бей-жай қарамайтын болған. Бұрынғыдай емес, көшелер мен көпқабатты үй аулаларында тәртіп пен жинақылықтың қалыптасқаны байқалады. Сондай-ақ мектеп оқушыларының да белсенділігі жоғары көрінеді. Байқаудың нәтижесінде Шымқала біршама тазарып қалды. «Қаланың әдемі көшесі», «қаланың таза көшесі» деп айтатын жағдайға жеттік. Айта кету керек, байқаусыз да ауласын абаттандыратын тұрғындар да бар. Мәселен, Еңбекші ауданына қарасты «Ұлағат» шағынауданының тұрғыны, зейнеткер Асылхан Ағманов шағынаудандағы Айдын көшесін көркейтуге өзіндік үлесін қосып келеді. Зейнеткер өз қаржысы есебінен көше бойына автобус аялдамасын салған. Асылхан аға қариялар мен балалардың күз бен қыстың, жауын-шашынды, көктем мен жаздың ыстық күнінде көлік күтіп тұратынына жаны ашығандықтан осындай игі іс жасапты. 

– Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның» деген бабалар. Әр тұрғын көшет әкеліп отырғызуы тиіс. Жасыл желек бізге өте қажет. Түрлі кеселден аулақ болу үшін ағашты көбейтіп, аулаларды абаттандыру керек, – дейді бағбан. 

Қалаға жанашыр, көше, ауланы көркейтуге талапшыл тұрғындардың бары рас. Бірақ өкінішке қарай ондай жандар көп емес. Жанашырлық, қамқорлық әрбір адамның жүрегінде болса дейсің. Ұқыптылық санитарлық тазалық мекеме жұмысшыларына ғана керек пе? Әлде тазалық мәселесін «Таза қала» байқауымен ғана шектеу қажет пе? Қала, аудан әкімдіктері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес. Жаңартылған аяқ жолдар, абаттандырылған аулалар, балалар және спорт алаңшалары қандай?! Мұның бәрі қаланың келбеті, тұрғындардың игілігі үшін ғой... 

Шымшаһар «таза, жасыл қала» ретінде өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс. Оған мүмкіндік мол. Сырттан келген қонақтар қандай таза, шырайлы» деп тамсанып, танданса, ол біздің де көңілімізді көркейтпей ме?! Бұл – біздің қала деп мақтанбаймыз ба?!

Страница 11 из 38